Лёхамен танысу. (Кірпіштер 1.2)

(Жалғасы, басы мұнда )

СыраДала жауын жауып, былжыраған батпақ аттаған сайын шашырап, шалбарыма қонғысы кеп-ақ тұрды. Сіркіреген жаңбырдан көзім сығырайып келе жатырмын. Онсыз да нашар көретін көзге бұл жағдай еш қырағылық қоспады.
Коммуналды қызметшілер көшенің кеңсе алдындағы бөлігін қазып тастап, құбырларын ауыстырыпты, бірақ қайтадан асфальттауды ұмытып кетіпті. Есесіне ол жер астық жинау кезіндегі егістіктен аумай қапты…
Гүр-гүр етіп қасымнан бір жүк машина өтті. Оның жүргізушісі маған жұдырығын шошайтып, одан әрі шатастырып жіберді. Шашыраған батпақ шалбарыма қонып, күртемді бүлдірді. Лай судың сарқырамалары көзілдірігім мен бетімді былғады. Жаппай бомбалау жайлы ойлар мазалап, көңіл күйіп бұзыла түсті. Біреуді өлтіргім кеп-ақ тұрды.
Осынша азапқа түсуге, кеңседен шыққандағы мақсатым арзымайтыны анық. еді. Тамағым сыздап кеткен соң, кәмпит сорып жібітпешкі болдым. Азық-түлік дүкеніне дейін әлі біраз жер жүру керек, жын ұрғандай осындай ауа-райында кеңседен шығып нем бар еді десейші!
Дүкен ауасы тар екен. Шұжық сататын бұрыштың қасына тоқтап, көзілдірігімді шешіп, орамалмен әйнектерін сүрттім. Сосын, бетімді сүртіп, көзілдірігімді қайта кидім – өмірім оңала бастағандай. Кассаның басында жасы қырықтар шамасындағы бір әйел тұр. Мүйізден жасалған көзілдірігі қаһарлана жалт-жұлт етіп, түссізденген шаштары сатушыны сексенінші жылдардағы басқа планетадан келген құбыжыққа ұқсатып жіберді. Маған мән беріп, қарамайды да…
Үсті-басымды ретке келтіріп жатқанымда, дүкенге тағы біреу кірді. Ауыр етіктеріне батпақ жабысқан, үшкүндік сақалы бар, шашы қысқа жас жігіт, жұмысшы тап өкілі. Дүкеннің ішін арақ пен тердің жағымсыз иісі алып кетті.
– Бір шишә арақ пен екі шөлмек сыра! – деп жігіт жағымды дауысымен . таң қалдырды.
– Сыраның қайсысын?
– Маған «Самурай» беріңіз, ал мынаған… – осы сәтте ол маған қарай бұрылды. – Ей, Қожанасыр! Саған қандайын алайын «Клинское» ма? Атың кім өзі?
«Ә-ә-әй мейлің!» – дедім ішімнен, – «қолын қайтарғаным ұят шығар».
– Маған «Аррива», рұқсат болса. Өзімнің аты-жөнім Резвей.
– Есіттің бе ей? Оған «Аррива» бер! Сосын екі пластмас стақан беріп жібер! – деп ақырды жігіт. – Өте қуаныштымын, Резвей! Менің атым Лёха! Верняк менің фамилиям!
– Извиняюсь, Лёха, – дедім мен жасқана, – бірақ бұлайша сыйлауыңызға не себеп?
– Братуха, сен сонда өзіңді өзің кешіріп қойдың ба?
– Түсінбедім?
– Енді қараш міне: мен «умываюсь» десем, демек мен өзімді өзім жуындырып жатырмын ғой ия? Сен «извиняюсь» деп өзіңді өзің кешіріп жатырсың ба сонда?
– М м –ы-ы, – дедім міңгірлеп, – енді, солай айтады ғой әдетте…Извините.
– О-о, мынауың енді орысша. Себеп дейсің бе? Себеп жоқ. Жәй жақсы адамды көріп тұрған соң, сыйлағым кеп кетті.
Сөйтті де сатушыға ақшасын беріп, «соңымнан ер» дегендей басын изеді. Соратын кәмпит де, Лидаштың шоколады да есімнен мүлде шығып кетіпті, бір тылсым күш «Леханың артынан жүр» деп итермелегендей. Өзіне сенімді кісі әсерін туғызады. Сергек те серпінді жүрісі, кеңінен жазылған иықтары, басын жоғары ұстауы әсерді күшейте түсті. Біз дүкеннен шығып кеттік. Жаңбыр үзілер емес.
– Қайда бармақпыз сонда?
– Анау саябақтың ішінде отыратын жер бар, алыс емес.
– Жаңбыр ше?
– Не еріп кетем деп қорқасың ба?
Әрі қарай сұрақ қоюға еш құлқым болмай қалды. Не істеп жүрмін мен? Мына адаммен қайда бара жатырмын? Бұл сұрақтарыма ешкім бірақ жауап берер емес. Тек ішімдегі сана-сезім дауысы ғана «дүкенге қайта барып, кеңседегілер тапсырған қажетті заттарды сатып ал», деп сыбырлады, қырсықтық заңы бойынша мені ол жақта жиырма минуттан соң іздей бастауы керек. Бірақ кеңсеге оралуға да еш ынтам қалмады.
(Жалғасы бар)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

2 Responses to Лёхамен танысу. (Кірпіштер 1.2)

  1. Аршат says:

    кішкене толтырып аударшиш, аз ғо мынау.

    Ұнады

  2. Pingback: Кірпіштер 1.1 немесе "Шоколад алып берші") « Көзімнің қарасы:)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: