“Миллиард евролық билет?!” (Киноталдау)

“Жер бедері есесін қайтаруда

Кеше Целинный кинотеатрында 2012 фильмін армансыз рахаттанып отырып көрдім.
2012-киноталдау
1) – спецэффекттер жағынан “Титаник”, “Послезавтра”, “Армагеддон”, “Матрица”, “Терминатор 4”, “Дрожь Земли” деген киноларды шырамыттым, бірақ олардың барлығы 2012-фильмінің шаңына да ілесе алмады.
Әрбір эффект егжей тегжейіне шейін ойластырылған, және өте масштабты жасалған.

250 миллионның қайда жұмсалған деген сұрақ туындамайды.
Театрдың жалпақ экранынан көрсеңіз, толық қанағат кепілденген.

2) Сюжет ағымы тым күрделі емес, бірақ оның ішіне “Война Миров” киносындағы ажырасқан екі балалы жанұясы мен өгей әкелерінің тағдыры, өзі болашақ жарымен аман қалып,
президенттің қызы теледидардан әкесінің қахармандарша өлгенін еститін моменті “Армагеддондағы” Брюс Уиллистің өліміндей болды, судың тасуы “Послезавтрадағыдай” болды, бірақ “Послезавтрадан” да ауқымдырақ келтірген.
Жалпы көптеген тағдырларды, бірнеше сюжеттік ағымдарды шебер шиеленістіре білген.

3) Идеясы жаңа. Қаншама апокалипсис деген ескі тізесі шыққан тақырып болғанымен, бұл кинода жаңа идея бар. Қазір ешкімді ақыр заман туралы киномен таңқалдыра алмайсың деп ойлағанмын. қателесіппін.
Жаңа идея, ол Нұх Пайғамбардың зәулім кемесін жаңғырту.
базар жоқ сол жеріне риза болдым.

4) Бұл кемеге отырып, алапат ақыр заманнан аман қалу мүмкіндігін беретін билет бәріне бұйырмаған.
Бағасы 1 миллиард доллар, хехе қымбаттау ма? Онда кешіріңіз, қателесіппін, 1 миллиард евро!
Ия, дәл солай, болашақ дүниені қайта құратын генотиптер қатарына өзіңнің де тұқымыңды қалдыру құны осы болмақ.

Эволюциялық тұрғыда, ең мықты күшті ген иесі аман қалу керек дейсіңдер ме? жепсіңдер, Йеллоустоун паркінің бұтағын… ТИтаник суға батқанда, құтқарғыш қайықтарға кім бірінші отырды? Қалталы элита ма? бұнда да солай болар еді, бірақ…бірақ талпынған жетер мұратқа дей ме?

Фильм сөз жоқ шебер түсірілген, ақшаны да, актерлерді де, сценарийді де қатырған.

Таңқалдырғаны соншалық, асықпай әрбір моментін тоқтатып қайталап, көргім келіп отыр осы тұрғанда. Яғни бір қарағанға болады емес, 7 рет асықпай қарағанға болады дер едім.

басты рөлдердегі жанұяның тым жолы болғыш, Құдайдың шапағатына ие болған мәжгүндер деп қабылдағанның өзінде, нервке тиетін өтірік жерлері көп.
құлап жатқан үйдің ішімен зуылдаған жері өте әсерлі бірақ өтірік.
артында Вулкан атқылап жатқанда, бастарына ыстық күл шашырап күйіп қалмағаны өтірік.

Кинода бентли мінген орыс олигархтары, Диана ханшайымның өлімі, МонаЛиза сияқты өнер туындылары сияқты тақырыптар да жолайы қозғалып өтеді.
Менің сүйікті АКТЕРЛЕРІМ ДЖОН КЬЮСАК пен Вуди Харельсон керемет ойнады бұл кинода.
Вуди Харельсонесі кеткен радио-жігітті кайф орындап береді. өз репертуарында.

Компьютерден көруге кеңес бермеймін. Кең дисплеймен, не кинотеатрда көру керек ең кемінде.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

2 Responses to “Миллиард евролық билет?!” (Киноталдау)

  1. urimtal says:

    Көру керек болды ғой. Еліктіріп қойдыңыз🙂 Әйтеуір, ішінде “Аллаһу Акбар!” деп айғайлатындар жоқ па? Соңғы кездері шетел киноларында мұсылман бейнесін жағымсыз етіп көрсететін не болмаса ішіне бір мұсылманды “ақымақ” етіп қосып қоятындары бар болатын.

    Ұнады

  2. Pingback: Алматыны қиратқан дизайнерлер « Көзімнің қарасы:)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: