Киноталдау: "123-ші пойыздың қауіпті жолаушылары"

“Сен таңертең шұлығыңды киіп жатып, күніңнің осылай аяқталатынын білмедің ғой, айтшы?”

Тапаншасы қолынан түспейтін Джон Траволта

Бірден айтайын, бұл киноны Джон Траволта үшін көрдім. Режиссер  Ридли Скоттың “братаны” Тони Скот (“Мемлекетке жау”, “Домино”) екенін білгенде психологиялық қысым, қуғын, әсерлі кадрлар болатын шығар деп күттім. Бұл филм 70-жылдардағы аттас фильмнің кино-ремейкі, яғни қайта жаңғыртылуы деп естігенмін. Негізі римейк жасауды жай коммерциялық ниеттен туған, далбаса идея деп ойлайтынмын. Және көбінесе солай болып шығатын. Бірақ бұл фильм сәл өзгешелеу екен.

Нью Йорк қаласының метро қызметкерлерінің бірі (Д. Вашингтон) кезінде әжептәуір басшылық қызметіне дейін көтеріліп, кейін “пара” алды  деген кінә тағылған соң қызметінен уақытша босатылып, бірақ қылмысы дәлелденбегендіктен іс аяқталғанша диспетчер жұмысын атқарып жүр. Түрмеге қамалмағанмен, бүкіл абыройынан айрылып, жұртың өзіне бағытталған қиқар-қыршаңқы сөздерінен қорлық көріп жүр.

Содан қызық, айдың түні аманда метроға белгісіз қылмыскер тобы еніп кетіп, жолаушыларды кепілдікке алып, бірнеше сағат ішінде 10 000 000 доллар 1 цент ақша талап етеді. Лаңкес топтың бастығы Райдерді Джон Траволта сомдайды. “Сомдайды” деген сөзді сүмірейіп, мұрныңның астына міңгірлеп емес, айқайлап тұрып айту керек. Себебі бұл фильмде Райдердің түнерген күйгелек әзілқой кейіпкерін қартайған Траволта керемет ойнап шығып, нағыз шебер екендігін тағы да дәлелдеді. Бір жарым сағат уақыт зу етіп өте шықты.. Сюжет шарықтау шегіне бірнеше минуттан соң-ақ жетеді. Және аяғына дейін адамды үнсіз экранға телміртіп қояды.

Райдермен сөйлесуге, “полицидан келіссөзшілер келді” дегенде, мынау Сэмюель Джексон ойнайтын “Келіссөзші” деген фильмдегі Кевин Спейсидің кейіпкері сияқты бір мықтысы келетін болды ғой деп едім, жоқ. Он секунд болмай, әлгі келізсөзшің боққа аспай, келіссөзді сол диспетчер Гарбер жалғастыруға мәжбүр болды.

Ызыңдаған шыбынның өзіне: – Тыныш! -деп айқайлағың келеді де тұрады.
Траволта мен Вашингтон ойнаған кейіпкерлердің  жекпе жек сұхбатындағы әрбір сөзді, әрбір сөйлемді жіберіп алмауға тырысып отырасың.  Фильмнің өзегі де, осы екі дүлей актердың диалогы деуге болады.

Ұнағаны фильмнің режиссурасы мен актерлердің ойыны. Дензел Вашингтон өз репертуарында жақсы адамды ойнайды. Сосын, Траволта көз үйренген алдыңғы Голливуд атыс-шабыс киноларындағыдай адам өлтірер алдында мыжып уақытты созып тұрмайды, айтқан сөзінде тұрады. Өлтірем деді ма, уақыт өткенде өлтіреді.

Бірақ бұл кинода мейрімді диспетчер Дензелдың да қылмысы бар, ол да күнәһар,сондықтан бұл жерде бірыңғай бір жақты “өй кәззап, найсап, нәйіс оңбаған неме!” -деп жамандап, ал біреуін “Өй, маладес!” деп отырмайсың. Траволтаның  кейіпкері Райдердің шыншылдығы, туралығы, әзілқойлығы мен әділдігі,   оның зұлым да болса, Дензелге деген жылылығы, басқа террористтер сияқты қорқақ масканың артына тығылған ез емес, ер мінезді ашынған ашулы жігіт екендігі, және бұл іске амалсыз, біреу үшін барғандығын шырамытқандықтан, біртүрлі екі жаққа да бауырың езіліп, жаның ашып отырады.

Фильм сымбатты Колин Фаррел ойнаған “Телефон будкасы” , Уил Смиті бар “Мемлекетке Жау”, және аты аталған Сэмюель Джексон мен Кевин Спейси дуэты ойнаған “Келіссөзші” фильмдерінің блендингі, яғни гибрид қоспасы сияқты көрінді.

Бірақ бұл фильм ерекшелігі, фильмнің қаһарманы Гарбер де, басты зұлымы Райдер де өздерінің түпкі мақсаттарына жетеді.

Ол екі арада, кепілдікке алынға 17-адамның тағдыры туралы ұмытып та кетесің. Метроға мініп жүрген (!!!) қала әкімінің түсініксіз қылықтары да көлеңкеде қалады.

Сөйтіп, сұраған ақшасын лаңкес Райдерге жеткізе алмай жанталасып, жатқанда, Гарбер вертолетке отырар кезде ұялысынан әйеліне қоңырау шалады, сонда диспетчердің  әйелі:  “Үйге қайтарыңда, бір галон сүт алып кел, білдің бе?” деп кзіне жас алғаны тым ебедейсіз естілді. “Бір галон  сүт алып кел” дегенде, “жынды ма, ауған ба, бір галоны нес?” деп қаласың. Егер режиссер әйелдің аузымен “Қайтсең де үйге аман жететін бол!Жолың болсын!” деген сөзді айтқысы келсе, тұспалдамай солай айта салса әсерліре, әрі шындыққа жақынырақ болар еді, қайдағы сүтті айтып лақпай..

Сонымен ұнаған жағын айтып жатып ұнамаған жағына көшіп кеттіппін. Ұнамаған жағы: әрине, сценарий. Ешбір күрт адамды таңқалдыратын өзгеріс жоқ, фильмнің аяғында. Сценарийге көп басты қатырмай, “террористер жайлы” екінші сортты фильмдерден көшіріп алып, шимайлай салған.

Кей жерлерінде Вуди Харрельсон мен Уесли Снайпс ойнайтын 1995-жылғы “Ақшалы Пойыз”  деген филміне ұқсастықты шырамыттым.

Жалпы айтарым: Траволта мен Дензел Вашингтон былжырақ сюжеттің сәнін кіргізіп, топас сценарийдің жанын кіргізіп, бүкіл қойылымды сүйреп шығарды.
Алдын ала болжағанымдай, басты жауызды ойнайтын Траволтаның шебер ойыны болмаса, бүкіл фильмді арзанқол конвеерлік атыс-шабыс кинолар қатарына ойланбай қосуға болады.
5-балдық жүймен,  “4” деген нық баға қоюға болады. Және кино продюсерлері “5” алуды мақсат қылмағанын ескерсек, бұл кино-жаңғырту өз міндетін орындады деуге болады. Көруге тұрады, кәрі қақпас Траволтаға риза боласың да отырасың. Ол нағыз майталман.

Шал болса да шапқылаған Дензел Вашингтон

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

One Response to Киноталдау: "123-ші пойыздың қауіпті жолаушылары"

  1. Ақзере says:

    Керемет рецензия! Жарайсың! Траволтаның бір жыл бұрын баласы қайтыс болып, біраз құлазып жүр дегенін естігем. Шынымен, кейде фильмді тек бір актерлер үшін көресің. Бірақ, алып шыға алмайтын кездері де болады… өкінішке орай…

    Алдында “Любовь случается”-ға барып, Джениффер Энистонның шеберлігін көре алмай қайттық…

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: