Бақытымның қас жауы

Сәлем, достым. Бүгін моншаға тамызық қылатын қағаз іздеп жүріп, Егемен Қазақстан газетінің соңғы нөмірлерінің бір бумасын алып пеш сарайға беттедім. Бұл газеттің том-томы кез келген мемлекеттік қызметкерлердің үйінде бар шығар, ә?

Мен танитындардың көбісі жыл басында жазылған соң, жоғарыдан “бұйрық” келген соң жазылады көбісі. Оны жасырып нем бар. Оған қоса, ішіндегі пәленшенің жоспары, статистикасы не таблицасы 4-5 бетке жариялап тастайды, оны қайтейін, маған түк те қызық емес олар, өмір шындығы менікінен мүлде алыс біреулерге арналған ақпараттар болған соң, бет жүзіне қарамай мемелекеттік газеттерді отқа жағам. Бірден.
Десем де, мойындайын, мойындамайын бұл газеттің беделі мемлекеттік тілдегі барлық өзге басылымдардан артық тұратыны хақ.
Осы жәйттың өзі ондағы мақалалардың сапасына тікелей әсер ететіні де бәріне мәлім. Жоқ, достым, әңгіме қазір билікті мақтаған біржақты мақалалар жайлы болады деп ойлап тұрған шығарсың, қазір билікті мақтайтын газет-журнал, телеарналарды сынға алу менсіз де сәнге айналған ғой – кез-келген “қаһармансымақ” маскүнем, араққа тойып алса, ия билікті мақтап, ағынан жарыла бастайды, ия керісінше басты телеарналар мен басты ақпарат құралдарын сынауды өзінің ақтық борышы санайды. Сондықтан, пардон етіңіз. Сынамаймын.
Мақтамаймын да. Жәй, өз басымнан өткенді айтып беремін.

Мен әлгі газеттер бумасын умаждап өртеуге дайындалып жатқанда, үлкен әріппен “Күншілдік” деген мақаланы тауып алдым. Жуырда ғана, өзімнің “ерке газет” деп атайтын Литер газетінен сүйікті журналист Серік Малеевтің Фетхулла Гюленмен “ашкөздік пен күшілдік жайлы” сұхбатын оқығанмын. Мынау да сол жайлы ма екен? – деп қызыға бастадым.
Бұл сезіммен әрқайсымыз азды-көпті таныспыз ғой. Дегенмен, көбіне өзіміздің күншілдігіміз”әділетті аңсаушылық” сияқты көрінеді де, біреудікі нағыз опасыз іштарлықтан туған күншілдік секілді көрінеді. Солай емес пе?

Әлгі “Күншілдік” деген мақала атының астында “сұхбат-диалог” деп жазыпты. Ішімнен “Е-е-е, сұхбат болса оқуға болады, бірақ “көбәріпті” игере алам ба? Бос сөз шығар” дедім, диалогтың авторы Немат Келімбетов екенін көргенімде, бұл сұхбаттың құндылығында еш күмәнім қалмады.
Сонымен кез-келген адам басына біткен бақытын, маңдайға біткен сорға айналдыратын қас дұшпаны – күншілдік, табалау, ашкөздік сияқты сезімдердің табиғатымен жақынырақ таныс болдым. Оны бәріміз де білеміз ғой – дерсің. Ия. Менің сүйікті америкалық актерлардың бірі Сэмюель Л. Джексон айтпақшы: “Көреалмаушылық — сананың тұрақты қажеттілігі, және ол өте сирек жағдайда мәдениет пен философия арқылы емделеді”.
Көре алмаушылықтың жаман екені бес жасар бала да біледі. Бірақ мен білмеген бір шындық, бізді бақытсыз қылатын, көбіне біреудің көре алмаушылығы емес, өзіміздің көре алмауышылығымыз. “Табалау” деген де бар. Кезінде осы интернетте танымал бір жас жігіт бірнеше қазақша сайттар өз жұмысын бастағанда, оларды жамандап, күндеп, ал жабылып қалғанда қуана-қуана ашық табалағаны бар еді. Сол табалағанына ашуым келіп жүрген, бір күні сол жігіттің өзін масқаралайтын мақаланы көріп, пендешілігімді жасыра алмай, мәз мейрам болғаным бар еді. Бұл да табалау. Ашық табалау. Сонда мен кезінде өзім сынаған қасиетті өз бойымнан таптым. Олай болса менің қай жерім артық? деген сауал өзінен өзі туындады. Және “ол өзі бірінші бастады” деген дәйектің өзі біртүрлі сенім тудырмайтын сылтау сияқты көрінді. Өз бойыңдағы жауды жеңу үшін оның тактикасын, әдісін, шығу табиғатын жақсы білгеннің артығы болмайды.
Таныстыруды қажет етпейтін, шебер жазушы Немат аға осы шындықты өте керемет, қызықты әрі қарапайым тілде баяндайды.
Толығырақ

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

4 Responses to Бақытымның қас жауы

  1. satibaldi says:

    Газетті табалап жатқан шығар деп, рахаттанып оқиын деп жатсам, нақтың!

    Ұнады

  2. Amandyk says:

    Gasta mende basinda Sateken siyakti rakhattanip okin dep jatip ozim songi jagina kelgende oilanip kaldim.Ai bizdin elde bul jaman kasiet kopteugoi.Budanda jazilar kun tuar Alla jazsa…

    Ұнады

  3. Ақзере says:

    Негізі осы Немат аға адамның психологиясы, өмір жайлы айтатын әңгімелері өте оң, және қызық. Ананы-мынаны айтып, лағып кетпейді. Сұраққа дәл, әрі нақты жауап береді. Кітабын оқып болған соң, осындай сұхбаттарын қалдырмай оқуға, көруге тырысамын.

    Ұнады

  4. blogbershi says:

    Немат ағайдың “Үміт үзгім келмейді” кітабы маған қатты әсер қалдырды. Өзінің ғұмырбаянын жазған. Достар, оқып шығуға кеңес берем!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: