Кірпіштер 1.1 немесе "Шоколад алып берші")

Уәде еткенімдей аударманың алғашқы беттерін жария етіп отырмын.

маған шоколад алып бер

Данияр Сүгірәлинов

Кірпіштер

(орысшадан аударған: Асқар Базарбай)

1 бөлім

– Дүкенге кеттің бе-ей, Резвей? Маған шоколад алып берші, – деп сұрады Лида. –Қарын болса ашып барад, түске дейін әлі қанша уақыт бар!

Қараш өзін, бәле неме! Мені орға жығып алып, енді бірдеңе деп өтініш айтады тағы! Немістің әйелдерінің кескіні келіспейді деуші еді, ал Лида Фрайбергер керісінше “жынданған” сұлулықтың иесі еді. Оны өзі де білетін, бірақ ең сорақысы, сонысын барынша пайдаланатын.

Офисте отырған жамағат ауыздары қисайып жымың-жымың етеді. Бұл әкеңнің аузын ұрайындарға, қызық керек болып тұрса керек, қайтер екен деп тұр ғой шамасы..

Бастық Лида екеумізге бір жоба берген. Мен өзіме тиісті бөлігін орындап тастағам, ал іскерсымақ Лидаш әлдеқайда маңыздырақ шаруалармен басы қатып жүріп үлгермей қалыпты-мыс. Үлгермей қалып, тәубесіне келсе бір жөн ғой, – бастығымыз көп болса бір тоңқылдап, сабасына түсіп мерзімін созып берер еді ғой!

Жоқ-ау, бұл салдақы таңертеңгі жиналыста, беті бүлк етпестен: «Михаил Степанович, жобаның аяқталуы Резвейдің кесірінен баяулап қалды. Резвей тұтынушы туралы ақпаратты дер кезінде жинап бермеді.» – демесі бар ма!?. «Резвей» дегені менің фамилиям.

Таң қалғаным соншалық, аузыма құм құйылды да қалды. Ал Степаныш бастық, кәрі қақпас неме, Лидаштың ұп-ұзын оқтаудай аяқтарын мұқият зерттеп шығып, үкімін шығарды. Жоба ертең аяқталуы керек. Резвейді кварталдық үстеме ақыдан айыру керек. Ал ендеше.

Жалпы, мәселе Лидаға «жоғал әрі» дейін бе, жоқ әлде шоколад алып берейін ба деген сұрақта емес. Әрі қарай сілтеп жіберуге туа біткен жасқаншақтығым мен кішіпейілдігім жібермес еді. Сонда қалатыны екіншісі ғой. Мәселе, қалай намысымның қалдықтарын бір жола аяққа таптатып алмай жауап беруде болды. Егер біз Лида екеуміз оңаша болғанда, мен келісе салар ма едім – кім біліпті, бірақ бұған дейін компьютер тышқандарын тырсылдатып отырған ұжым бір мезетте ұйыған назар жиынтығына айналды. Миымның терең қатпарларын іске қосып жіберіп, бір оңтайлы жауап тапқандай болдым.

– Жарайды, – деп бұрқ еттім, – бірақ мен барып келгенше, маған бір кесе ыстық кофе дайындап қой, – дедім.

– Армандапсың, – деп Лидаш ернін қисайтты, – кішкентай бала емессің, өзің құйып алсаң да ештеңең кетпейді – деді..

Бұндай жауапты мен күтпеген едім. Сонау программерлердің арасынан мырс еткен анық мысқыл күлкі естілді. Бұл Саня Бородаенко өзінің жақтырмағанын жасыра алмай тұрған. Ол негізі ешкімді жақтырмайды, мені әсіресе жек көреді.

– Резвей, маған да темекі ала салшы, «Мальборо» лайтс! Ағын ал, естіп тұрсың ба, қызылын алып жүрме! – деп жекірді тәжірибесін өтеп жүрген шәкірт Панченко.

– Онда маған да күшік, кроссовкі, барабан әкел, жарай ма, Резвей? Ақшасын айлықтан берем! – деп Бородаенко да шыдай алмай мұқатып қалды…

(жалғасы бар)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

2 Responses to Кірпіштер 1.1 немесе "Шоколад алып берші")

  1. Аршат says:

    базар жоқ, жақсы бастапсың. мұны блогтан бөлек бір жерге істеп көрсең қайтеді? тіпті саған блог ашып берсем қайтеді? надежный жер бар досым.кз деген

    Ұнады

  2. Gastarbaiter says:

    Қарсы емеспін. Негізі блог ішінде жазуым алдымен сынақтан өтіп, сосын барып толық аударып болғанда бір файлмен тарату еді.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: