Данияр Сугралинов және оның "Кірпіштері"

Данияр орыс оқырмандарын дүр сілкінткен қазақ жазушысы Жақында Ақтөбеге барып келдім. Інімнің шілдеханасына барып, көрімдігін беріп келдік. Не бары 1-күн ғана болғанбыз. Айтпақшы, Ақтөбе демекші Ақтөбелік интернет-қайраткер Данияр Сугралинов ака Unique -тің шебер шығармасын аударып, қазақша нұсқасын теріп жатырмын.

Данияр қазақ жігіті, өзі экономист, соңғы кездері жарнама агенттіктерінде меңгеруші қызметте жұмыс атқарып жүр, әрі Ақтөбедегі ең үздік веб дизайн шеберлерінің бірі саналады. Жә оны қойшы, бәрін айт та бірін айт бүкіл орыс тілді қауымға udaff.com сайты арқылы жария болған “Кірпіштер” атты жігерлендіргіш әңгімесі нағыз хит болып, 2004-ші жылы “Ең Үздік Туынды” атағын жеңіп алды.

Сол уақтыттан бері бұл туынды талай қайта басылып, қайта көшіріліп, түрлі сайттарда ерлерге ынталандырушы психологиялық құрал ретінде таратылып жатты.

Мен өз басым “Кірпіштерді” 2005-жылдың соңында оқып шығып біраз адамға таратып шықтым. Содан 2006 жылы, Даниярдың lifejournal.com -платформасындағы блогымен таныс болдым. Ол кезде мен де блогымды орыс тілінде жүргізгенмін. (2007-жылы Даниярдың livejournal.com-да мың “досы” болды. “Мыңдық”- дегеніміз уордпрес тілінде 1000 – тұрақты оқырманға ие дегенді білдіреді). Сол кезде осындай қазақ блоггердің заманауи әңгімесін қазақтілді оқырмандарға неге жеткізбеске деген ойға қалдым.

Сонда, Dan_Unique – ке “Кірпіштерді” қазақшаға аударғым келетінін айтқанмын. Одан бері тағы 2-3 жыл өтті. Ара-тұра “Кірпіштер” -киноға түсірілгелі жатыр деген әңгімелер шығып жүрді де, бірте бірте аударма мәселесі ұмыт бола бастады. . .

Енді биылғы Ақтөбеге жазғы сапарымда, Аршат Оразовпен кездесуімізде Dan_Unique -ң әңгімесі есіме түсіп кетіп, “Резвейдің басынан кешкендерін” қазақша аударуға әлі де кеш емес деген ойға келдім.

Алдағы уақытта, “Кірпіштердің” қазақшасын осы блог оқырмандарының назарына ұсынамын.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: