Копиқбас болу оңай ма?

копиқбас

Өзіңнің еңбегіңді біреу плагиат жасап меншіктеніп алып, өз атынан халыққа сатып отырса кез келген шығармашылыққа жақын адамның өзегі өртенетіні даусыз.

Авторлық құқық пен интеллектуалды меншік заңмен қорғалуы керек. Ия… бұл біздің үйреншікті көзқарасымыз. Ал басқаша қарасақ ше?

ҚР заңының баптарындағы ақауларды өз пайдасына пайдаланып, бір еңбегін жүз рет сатып үсті үстіне қыруар ақша табамын деп қателесетін қанағатсыздық пен ашкөздік сезімінің құлдары бар. Оларды да қорғаушылар дейміз бе? Әлде алаяқтар дейміз бе?

Оларды шын мәнінде өзінің авторлық құқығын қорғауды мақсат еткен адамдардан бөліп қарау үшін (жалған патриоттарды кезінде “көтриоттар” деп бөліп қарастырғанымыздай) қазақ интернет фольклорына “копиқбастар” деген терминді ұсынғым келіп отыр.

Авторлық құқық туралы заңның артына тығылып, “бас ал десе шаш алатын” өсімқорларды басқаша қайлай атауға болады??

Бір шығарған өлеңінің көшірмелерін езбесі кеткенше тіміскілеп, әркіммен абаласып соттан ақша табуды көздегенше неге жаңа туындылар шығармайды??

Осы жерде халайыққа тегін таратса да әзер алатын кейбір “шедевр” дүниелерінің көшіріліп тегін таралуына қарсы адамдар жайлы сөз етсек…Пікілеріңіз қандай?

Тіпті өлім жазасы туралы заңды талқыға салып жатқанда, бұл тақырыпта өзіңіздің дербес пікір жазғаныңда айпиыңнан тауып алып, поштаңызға біреу зәр төгеді…

Қанша ақылды талантты гений болса да, Леонардо Да Винчи әлемге тек суреттерді берді. Ал оның сансыз ғажайып құрылғылары тоқсан құлыптың астында сақталғандықтан адамзат пайдасына жарай алмады. Неге десеңіз ол өзінің еңбегін қорғау үшін ішіне қате еңгізіп, жазбаларды тек айнамен көретіндер көтінен кері жазып отырған.

Нәтижесінде оның 500 жыл бұрын ойлап тапқан парашют, дельта план, және алғашқы робот механизмінің нұсқалары сияқты ғажайып дүниелері адамзатқа жетті, бірақ қашан???…бұл заттар әйгілі болған уақытта, оның проектілерінің барлығы дерлік адамға белгілі еді. Сондықтан оның ізденімпаздығы мен алыпқа тән еңбегі адамзатқа пайдасын тигізе алмады. Ол тек Да Винчидің қиялының құдіреттілігін бейнелейтін музейлік экспонат ретінде құнды болды…Егер 500 жыл бұрын осы дүниелерін соншама құпия сақтамағанда осынау ұлы Гений адамзаттың дамуына тек өнер туындыларын ғана емес, ғылыми техникалық дамуға да өзінің орасан үлесін қалдырар ма ма еді?? КІм білсін.

Бірақ анық білетінім, копиқбастар алысты жақын, қиынды оңай, қымбатты тегін қылған техникалық прогреске қарсы тұра алмайды. Дискілердің дәуірі аяқталуға жақын.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

28 Responses to Копиқбас болу оңай ма?

  1. Синемаға барғанда қалтафонға ұрын түрде киноны түсіріп алам деуші болмаңдар. Қолыңыздан жетектеп сотқа апарады. Зияткерлік құқыққа шекеден қарағаныңыз үшін. Оған қоса, қалтафонды заттай дәйек деп алып қоюлары да әбден мүмкін. Синемаға су жаңа қалтафон алып бармаңыз. Тем более, жасырын түсірем деген пиғыл болса…🙄

    Ұнады

  2. Gastarbaiter says:

    ))))))))) Соны айтам

    Ұнады

  3. Синемасы бөлек емес пе еді, құрғырдың. Ал анауың, медиатасымалдағыштар арқылы көзін тауып ұрын көшіріп алу синемадағыдан әлдеқайда қомақтылау вайолейшн ғой🙄 Ату болмаса да, жату болуы мүмкін. Абақтыда, мысалы ки…

    Айтпақшы, ьайқағаным, екі жүз теңгелік “кустарный” сидилердегіден лицензияланған дискілердегісінің суреті мен дыбысталымы дұрыстау екен. Ақшасы аздап көптеу. Бірақ татитын сияқты. Оған қоса заң шеңберінде. Заңды сыйлау керек. Сондықтан ютубтармен киуилеріңе әлгіндегідейді нетпей-ақ қойсаңдарсай🙄

    Ұнады

  4. Gastarbaiter says:

    Нұреке, мысалы мен Траснформердің пираттық көшірмесін көрдім, ұнады, синемаға барып көргім кеп кетті….
    Терминатор 4-ің пираттық версиясын көрдім, тым нашар болған соң өзімді қинамай лицензионный дивиди алдым. Сұрақ, неге көріп болған соң сатып алдым????? себебі жақсы фильм.

    Нұреке тағы бір аргументіңе күмән келтіруге рұқсат бере гөр. “Бағасы аздап көптеу” деген дәйексөзіңід айтам. Кішігірім салыстыру келтірейін: Меломанда Трансформерс 2-нің құны 2500 теңгеге жуық, базарда 300-400 теңге. Бұларың сапасы 21 дюймдық телебезерде көруге болып қалад. Ал егер үлкен біржарым метрлік экранда көрем десең әрине лицензиялысын көрген жөн. Бірақ Қазақстан халқының қанша пайызында ондай үй кинотеатры бар???
    Өнер халыққа қол жетімді болу керек деген қайда?
    Кейбіреулерінің кино шығарудан түскен пайдасынан, әлгіндей пираттардан соттасып алған ақшасы көп болғанын қайтерсің???

    Ақшаны өнерден де қатты сүйетін азаматтарымыз көп қой дегенмен.

    Тіпті әдейі бір болмашы әлденені патенттеп алып, ешкімге жарияламай соны біреу жарыққа шығарғанын тосып, шыға қалғанда “хоп бәлем!” деп ұстап алып, сотқа апарып, халықтың құқығын қорғауға арналған заңды кері айналдырып халықты тоңқайту үшін пайдаланатын алаяқтар да көбейді.

    Ұнады

  5. ardasau says:

    сол Қот…. тоис қипақбастарға жуйке жүйеңді құртқанша, жалқау ағаңның ақылын тыңдап, топас ортаға инфо өнім дайындайық деген ақылын тыңдасаң нетті Гостар? Қайтесін соларды ……..
    Қайден білесің…… мүмкін…..
    мүмкін олар алаяқ емес шығар…. Топас болар……
    ол тек сенің ғана көзқарасың ғой.
    оны БИЗНЕС деген сөзді ойлап шығарған шет елде алып сату тактикасы деп атайды….. Мүмкін бизнестің өзі сол, қазақшылыққа саралағанда, алаяқтыққа жақын тұр емес пе….. Біздің қоғамда оған 80% жол ашық.
    Сондықтан да…. менің ойымша, бауырым, заң шеңберінен аспай, биліктен еш саспай, алаяқтардан қашпай, орталарына кіріп, терең демалып, қалыпты өртұлғаңды кеңінен керіп, алаяқтардың ішінен топасын тауып, желінділерін сауып, керек сөзді тауып, (олда негізі қауіп) бақытты да баянды бостандықта жалқау ағаң секілді өмір сүр ген абзал

    Ұнады

  6. Асқаржан, долдануың түсінікті. Заңды да. Бизнестің осынау зияткерлік құқықтарының заң аясында қорғалуы қанша жерден мүләйімсіме пираттық көбейтілуіне жол бермейтінін жақсы білеміз. Иә, бәлкім көбінде әлгі үлкенэкранды телеуізір жоқ та шығар. Иә, екі жарым мыңдық “заңды” сидиді көбінің қалтасы көтере де бермейтін шығар. Бірақ ол пейшәйіттап, ратификацияланған заң боп тұр ғой. Әйтпесе, сол арзандау, бірақ заңсыз нұсқасын мен де көрмейді емес, көрем мысалы. Менің емеурінім басқалау еді, негізі. Халық өзіне керегін бәрібір табады, түптеп келгенде. Ал біріншілердің қатарында болып, оған қоса көлемді жаймаматадан көргісі келетіндер синемаға мың, екі мың теңгелік премьераларға бара беретін болады. Соншалықты қарапайым.

    Ұнады

  7. Аршат says:

    еңбегіңді “біз істедік” деп отчет беріп жүрген қотақбастар да бар бұл елде. жыным келед әнәсс.

    жапы ҚЗ сияқты показуха әрекеттер елінде тұрғым келмейді. бәрі жасанда,бәрі өтірік шешсс. жыным келед.

    Ұнады

  8. Бұл құқықбастардікіне салсақ, мүлде музыка тыңдамауымыз, кино көрмеуіміз керек екен. Оны қойып, ертең көшеде қытайский “Адидас”, “Рибок”, “Арманиларын” киіп жүрсең де, “сен авторлық құқықты бұздың” деп қанды ішетін шығар…. ))))

    Ұнады

  9. Аршат says:

    ең үлкен қопиқпастерлер – қазақ журналистері. кез келген қазақша газетті қарасаңдар материалдың астына қай сайттан алынғанын және авторын жазбайды. просто сайт беттерінен алынды деп жаза салады.

    Ұнады

  10. Аршатты жақсылап үйретіпті Гастарбайтер🙄

    Ұнады

  11. Аршат says:

    bazaar no bratan. ай андерстуд брателло.

    Ұнады

  12. Интернеттен көшіргіштерді копирасттар немесе, жалпақ тілмен айтқанда, копираздар деу керек шығар :)))

    Ұнады

  13. Ақмаржан Ақтаудан Алмас says:

    Жігіттер, мен де “типа” журналистін. ҚазНетке құштарлағыма да онша көп болған жоқ. Жасырмаймын, өзіме ұнаған материалды көшіріп аламын, бірақ оны жұмысыма тіпті де пайдаланған емен. Көшірілген материалдарды адресімен (мысалы: “Гастарбайтерден”, “Асылзаттан”, “Нұрғисадан”, “Аршаттан”, “Сатыбалдыдан” т.б көпсіңдер, опшым…) сақтап қоям ноутбугыма, сосын, бір қалтарыста оқимын. Мен сосын тек пайдалы кеңестерді ғана жинаймын, өмірде бір керегі болар деген оймен… Білмеймін, оған да ақша төлеп тұру керек болса, жоғарыда аталғандар шоттарыңды жіберіңдер, салып тұрайын айма ай.

    Ұнады

  14. AL-ASTER says:

    “АУ”тор-лық құқық қорғаушылар деген кімдер?

    Ұнады

  15. Anonymous says:

    Қотақбастарға кейде жыным келеді, мой мирмен елдің санасын улап жатыр!!! Бұл керек емес насе деп ойлаймын,осы кунге дейін агент@майлсыз да журттар омір сурді емес па? жастар жагы агент деп сабақты да қойды,бар ақшасын агент ушін бірліктер салуға жұмсайды……… НЕТКЕН БАССЫЗДЫҚ!!!!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: