Алтын әдет VS Атаңа нәлет

контроль Бір байқағаным, рухы ірі адамдарға тән бірден бір қасиет – ол өзінің эмоцияларын, сезімдерін тізгіндей білуі.
Темуджиннің (Шыңғыс хан) әйелі Бөрте ханым оған ашуланған сәтте саусақтарын бүгіп 10 ға дейін санауды әдет қыл дегені бар екен. Өзіміз білетіндей, Темуджин тек он саусағын ғана емес, әлемнің жартысын бүккен тарихи тұлға.
Бұрындары осы бір қарапайым шындықты барлық сезіміңді ішке сақтап, тістене шыдау деп білетінмін.
Бірақ қанша тістене шыдағанмен, шыдап, шыдап, жиналған агрессиям ішке сыймайтын көлемге жеткенде, жарылып кетіп алдымдағы адамды көрмей, бетің бар, жүзің бар, жасың бар кәрің бар, дос-қас, ұл-қыз демей, ақкөз ашуға беріліп, бұлқан талқан болатыным бар…Әдетте ашуым сейілген соң, қираған қатынас пен ренжіген адамымды ойлап, өкініп қалатындардың қатарынан да болам. Сондай кезде: Эй, атасына нәлет… Ішіңде сақтап. Бірден сол жерде айтып тастау керек. Сонда бүйтіп қатты кетпейтін болам. Ішімдегіні сақтағанның арқасында осындай болдым!” – деп өзімше ой түйетінмін.Ашуыңды меңгер
Сөйтсем мен әлгі мысалдың төркінін түсінбеген екенмін.
Өз ашуыңды билеу деген сөздің мәні әлбетте ашуыңды тұншықтырып, ішіңе сақтауда емес, оны біртіндеп тарқатып, не басқа іске бағыттап, оны меңгеруде.
Жантануға тереңдеп үңілген сайын, қазіргі психолог ғалымдардың пәленбай жылдық еңбектері айналып келгенде Алланың елшісі Мухаммед Пайғамбардың хадисінде, не Дзен Буддизмнің мысал әңгімелерінде, Інжіл Шарифте, не Конфуцийдің нақыл мұрағатынан табылып, тіпті өзіміздің би-шешендердің дуалы аузынан шығып бізге нәсіп болған парасаттылықтың дариясынан артық еместігіне көзім жетеді де тұрады.
Бірақ әлгі психологтар өзімнің замандасым болған соң, ежелгі дау тудырмас шындықтарды маған түсінікті тілмен жеткізеді деп ойлаймын.

***
Мұсылмандардың “басқа адамды жыққан күшті емес, өз ашуын жыққан адам күшті” дегенге саятын хадисі бар екен.
Тіпті Алланың жүз есімінің бірін ішіңнен, яғни “Сабыр, сабыр, сабыр” деп 10 рет қайталасаң, жүрегіңе тыныштық пен тепе-теңдік ұялауы тиіс дейді. Былай қарасаң, керемет әдет екен.

Сатекең достым секілді бұлтармас материалисттер мен скептиктер бұған: ” Әжестің, мына бір әдісің мықты екен, ертең қатыныммен жатар алдында 40 рет “эррекция” десем, борбайым таңға дейін тұра ма?!” деп кекесін айтуы мүмкін, әрине, бірақ эмоция жүрген жердің барлығы обьективті шындыққа емес, сенімге негізделгенін ескерсек… онда көзқарасыңыздың таразы басы басқа пікірге ауа бастайды.

Әрине, ауызбен шөп ору оңай. Бірақ дегенмен ертеңнен бастап осы керемет әдетті тым болмаса өзіме жұқтыруға тырысайыншы…

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

6 Responses to Алтын әдет VS Атаңа нәлет

  1. akzere says:

    Ананы ренжітпеймін, мынаны ренжітпейін, қойшы осыны, деп бәрін ішке сақтап жүргенмен, бір күні оның бәрі шығады екен. Қатты ызаланғанда бәрін қалай айтып тастағаныңды да түсінбейсің. Басқасын қайдам, өзім сондаймын… ))

    Ұнады

  2. Махно says:

    Ваш сайт в опере не очень то корректо показывается, а так все отлично! спасибки вам за умные мысли!

    Ұнады

  3. Andy says:

    !!!111 adin adin

    Ұнады

  4. Aeg L says:

    Интересный портал, особенно стоит отметить дизайн

    Ұнады

  5. Innotions says:

    “Работай с умом, а не до ночи”

    Ұнады

  6. Трейдер says:

    Сайт просто супер, буду рекомендовать друзьям!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: