Шизофазия

354026952_06200c8747_o Фильтрге ілікпеңдер…

Табиғат ана немесе Құдай папа болашаққа үздік гендерді таңдау үшін бізді ұдайы стресспен, аурумен, қиыншылықпен, өзгеріспен сұрыптап отырады. Одан аман қалсақ, қарсы жыныс, әғни қыз жігітті, жігіт қызды сұрыптайды, содан барып ұрпақ қалдырамыз. Ұрпағымыз туған сәттен бастап оның ұлы соғысы басталады. Бала ағзасы ауадағы миллиардтаған микробтармен, ауру қоздырғыш таяқшалармен шайқасады.
Ғасырдан ғасырға адам өмірінде стресс азаюда. Бұрын ұнамаған адамды қылышыңмен түйрей салу этикеттің нормасына сай болған, ал келешекте бәлкім “кетнақ” сөзі ауыр қылмыс болатын шығар. Адамзат жағдайы жақсарып, миы дамыған сайын тәні нәзіктеніп, психикасы әлсірей түсуде.

Ежелгі адам есейгенде денесін жыртқыш аңдардан қорғану үшін, қашып құтылу үшін, көрші тайпалармен қақтығыста аман қалу үшін, тамағын тауып жеу үшін жас кезінде алысып жұлысып, секіріп – ритуалды бимен айналысқан. Бір жағынан би қарсы жынысқа қырындаудың түрі. Сенбесеңдер қоқиқаздар мен жапон әтештерінен сұраңдар.

Адамды адам қылған оппортунизм. Адам өзінің жауы болған отты игілікке пайдалануды үйренген сәттен бастап бүкіл жануар әлемінен икемделу жағынан бірінші орынға шықты.

Адам жануарлардың ең икемделгіші. Адамның өсіп өркендеуі, дамуы, тарихы, демократия, либерализм, жеке бас құқығы бұның барлығы адамның оппортунизмінің туындылары. Мыңдаған идеялар пайда болды, бірақ ол идеялар қоғамның фильтріне ұшырап, өміршеңдігін дәлелдей алмай, өлім жазасына кесілген.

Бұның барлығын адамның қоғамдық санасы реттеп отырады. Ал қоғамдық сананы табиғат реттейді. Ал табиғатты Жоғарғы Сана реттейді. Не болса да фильтрге сіздер де ілікпеңіздер.


Ұлы соғыс

Егер әлсіз болсаң, тұрма жолда, сенен көрі икемдірек, сенен ептірек, жылдамырақ, ақылдырақ, күштірек ген иесіне жол бер, жо-жоқ, өтірік айтам, жол берме, ақырына дейін күрес, бәлкім ол анау айтқандай күшті де емес шығар, не болғанда да ең күштісі жеңіп шығары анық, және сен қанша күрсекенмен де үздік генотип озып шығады. Ол үздік генотип сен болуың да мүмкін.

Тарихты жасайтын жеңімпаздар, жеңілген адаммен ешкім санаспайды. Жеңімпаз ережелерді орнатады. Басқалары сол ережемен жүреді.

Бұл қатыгездік емес. Коммунисттер айтқандай адамды қанау емес. Бұл джунгли заңы. Бұл табиғат заңы. Бұл әлем заңы.

Сенің айлығың өссе, біреудің пайдасы кемиді, сенің атың шықса, біреудің аты өшеді, сен денсаулықтан айрылып жұмысқа қабілетсіз болсаң, , орныңа біреу жұмысқа тұрғанын тойлайды, сен манты жеп жатсаң, бір мал фермада бауыздалады, сен үйіңді тазаласаң, миллиардтаған микроорганизмдер өледі.

Адам да биологиялық материал. Ол өлсе, оның денесі көптеген организмдерге бір ғұмырлық азық болады.

Адам тарихта болған мыңдаған қысылтаяңдар, соғыстар мен індеттерден, қуаңшылықтардан, кез келген стресстерден, замандардан оппортунисттігінің нәтижесінде аман қалып, бүкіл тірі мақұлықтар әлеміне патша бола білді. Жер бетінде адам мекендемейтін нүкте жоқ. Даму әрқашан да құрбанды қажет етеді.

Жеңілген адам жоқ жерде, жеңімпаз жоқ. Және осы екеуі кейде орын алмасып отыруы да ғажап емес. Даму мен құлдырау қатар жүреді.

Бүгін сен біреуді, ертең сені біреу, арғыкүні екеуіңді басқа үшінші біреу жеңіп отырады.

Тікелей қолымен шыбын өлтірмесе де, туылғанымыздан бастап, біздің өсіп*өнуімізді өлім қамтамасыз етеді. Біреудің өлімі. Миллионның өлімі. Ашаршылықта және басқа қысылтаяң замандарда жыртқыштар каннибализмі табиғи заңдылық. Табиғат адамдардың ішінен тіршілікке қабілеттілігін өлшеп, ең пайызы жоғарыларын сақтап қалу үшін, амалсыз осындай шектен тыс шараларға барады…Тұқым құрып кетпеу үшін. Адам барлық жануарларды жеңе алады. Тек өз табиғатының алдында дәрменсіз.

Табиғат әрқашанда әділ

Соғыста жазылмаған заң бар әйел мен балаларға тимеу.

Неге? Себебі, солай дұрыс, бұл мейірімділіктің белгісі. Неге мейірімділіктің белгісі? Себебі әйел өмірінде ары кетсе 20 бала туады. Егер 10/10 әйел мен еркектерден бір ғана әйел, он еркек қалса, онда әлгі бір әйел өз өмірінде тек 20 балаға өмір сыйлай алады, ал 1 еркек, 10 әйел қалса онда бір еркек он әйелге теориялық тұрғыда 200 бала туғыза алады. Сөйтіп жоғалған популяцияны тезірек толықтыруына мүмкіндік бар.

Табиғат әрдайым әділ. Адамзат қателеседі, бірақ ол қателіктер табиғи қажеттілік. Табиғат әрқашанда ең қолайлы вариантты таңдайды. Жер сынақ алаңы. Адамзат жануарлардың ең жоғарғы шыңына шыққан соң, оның өмірге деген икемділігін өзінен басқа жануар сынай алмайды.

Діншіл идеалисттер мен атеист материалисттердің түйісетін жері де осы ақиқат. Яғни жер сынақ алаңы.

Ал сен болашақта адамзат генотиптер түрленуіне, дамуы мен күшеюіне өз үлесіңді қостың ба? Дәл қазір құрбансың ба, әлде жеңімпазсың ба? Әлде жеңілуден қорқып, жеңіске ұмтылмайтын көр тышқансың ба?

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

14 Responses to Шизофазия

  1. Акула жаман қорқынышты екен, е …🙂

    Шынтуайтқа келсек, өмірдегі сондай бір тепе-теңдіктер мен феномендер бұдан былай да жалғаса бермек. Озбырлық пен мейірбандықтың модификацияға ұшыраған жаңашыл типтері шыға береді әлі алда. Бастысы, іштегі адами құндылықтарыңды жоғалтып алмау ғой. Стереотип құрбанына айналмай. Олар, мейлі, ақты қара етіп беретіндей формулалар ойлап тапсын… Мода мен түсінікті-түсініксіз трендетерге ілесіп кету қаупі жаман бәрінен де. Тіпті, былайғыда айтатын “ұлттық идентификаторыңды” сақтап қалу мәселесі де өзекті боп қала беретін сияқты. Әсіресе, жаппай интеграциялану шарттарында. Сол үшін деймін-ау, жақсылы-жаманды өзімізді өзіміз көтермелеп, дәріптей білейікші…

    Ұнады

  2. Әлібек says:

    …Сонда, маймылдан жаралып, дамып, қазіргі күйіңе жетті демекпісің?

    Ұнады

  3. Nartailak says:

    уджыс, сенің неңе келгенде Гөгіл атамды жәніме,өзіммен бірге алып журем..айтпесем, бабще андай екен….мммм…

    Ұнады

  4. Serzha says:

    лол, не үшін?
    дереу мінсіз адамды жасап жібермей ме? қызық осы сенің құдайың

    Ұнады

  5. Serzha says:

    қостым, мен пикапермін ғо. қаншама қыздың шаблондарын жыртып, жатқызып алдым. саны жоқ
    нақты білем, менің гендерімді шамамен 20 астам балалар тасып жүр…
    альфа еркек

    Ұнады

  6. шешессс says:

    хомо советикусыңдыссс гастарбайтер құрынақ ептібаймайыд!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: