Жасын

1232949753_pic_id237132

Тыныштық, дала қараңғы,

Таса боп көзден кетті ай,

Тек қана көңілім барады,

Мазасы кетіп тыншымай.


Шырмауықтай көзімді

Шырмаса да тас түнек,

Ұмытқан жоқ төзімді

Кеудемдегі жас жүрек,

Кезіп келе жатырмын,

Күйім бар жолдан адасқан,

Кенеттен бір жарқылдың

Шыққанын көрдім қапастан,

Секілденіп тосыннан,

Сауытқа соққан алдаспан,

Жарқ-жұрқ еткен жасыннан,

Қарс айырылды түнгі аспан,

Сонда ғана ілінді,

Көзіме шеті жолымның,

Сол жаққа бұрдым тізгінді,

Бар күшін салып қолымның.

Айтпаймын шіркін, аштым деп,

Есігін жеті жұмақтың,

Сен де айтпа “бекер шаштың” деп,

Уысын өлең-шумақтың,

Атыңа сай боп затың да,

Жарқ еткен үлгі ап жасыннан,

Қиналған кезде қашанда,

Табылып жүрші қасымнан…

Алматы, (2002/02/02 )

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

2 Responses to Жасын

  1. мммм, керемет бір шабыт үстінде жазылған дүниә екен… Блогосферада әщки таққан әлжуаз рәмәнтик Мылжың профессор ғана ма десем, сен де сол бұтаққа тиіпсің ғой🙂 Терекке тимей🙂😉

    Мынау, түсінуімше, бір кинодан не оқылған эсседен керемет әсерленіп, өзіңді тау мен тасты қопарып жіберердей бір күшті етіп сезінгеніңдегі экспрессия сияқты🙂 Ұнады!

    Ұнады

  2. Anonymous says:

    Ақиық ақын екенсің!!! Әңгіме жоқ!!!🙂

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: