Әкеге тілек

****
Әке мен Бала
Кірпіш болып жүргенімде елден шалғай,

Тетік іздеп орныма қалана алмай,

Өзіңді әке сағынғанда жазып едім,

Тұра алмадым қолыма қалам алмай.

Бұл қай заман?! Арбаға адам жеккен заман,

Ұрпағы майдаланып кеткен заман,

Құдайсыздың басынан сипап қойып,

Имандының маңдайын тепкен заман,

Қырсық дүние, қиқар дәуір жетегінде,

Ардан безіп, ұждансыз боп кетемін бе?

Әлде өзің бастаған сара жолмен,

Аңсаған арманыма жетемін бе?

Әйтеуір мен аманда – сен аман бол,

Түсіп қалсын тірлігіңе сұғылған қол,

Келеді ғой кәдеңе жарап баққым,

Ағайынды аузыңа қаратпақпын,

Аулақ болсын өзіңнен, алыс болсын,

Тіл көз бенен қайғылы жағдай тосын,

Бір елуді артыңа сап, екіншісін

“Іске сәт!” деп бастапсың жолың болсын!

(2002 / Қыркүйек)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

6 Responses to Әкеге тілек

  1. Әкесіне жол тілеген баладан айналып кетейін ғой. Байқаймын, мектепте кіл беске оқып, әр бесіңді алғаш мақтанып әкеңе көрсететін бала болғансың…😉 Мына ескі-құсқы материалдарды жаңғыртып, блогқа орналастыру идеяң керемет екен!

    Ұнады

  2. Gastarbaiter says:

    ;))) Үйдегі фотоальбомдарды ақтарып отырып, бір бума баяғы архивтерді тауып алдым:)))
    Сосын жариялап отырмын.

    Ұнады

  3. urimtal says:

    Студент кезде сағынғанда жазған сияқтысың🙂 Әкең шексіз бақытты болар!

    Ұнады

  4. Сандуғаш says:

    Әкеге арналған арнау атты өлең жолдарын жазып бере аласыз ба?

    Ұнады

  5. Не беспокойть says:

    Ote tamawa soz jok

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: