Менің Одиссеям…

Кез келген ер адамда, бозбалалық тәннің жыныстық жетілуімен қатар мінезі мен көзқарастарының өзгеруі жүзеге асады.

Дәстүрлі психологтар ер адамның балалық, бозбалалық, ересектік және кәрілік сияқты сатыларын бөліп қарайтын. Алайда, жуырда бұларға тағы бір шақ қосылды.

Бұл шақтың аты Одиссея, деп аталады, яғни жастық шақтың қайнап тұрған шағы ғана емес, сонымен қатар адамның әрнәрсенің дәмін татып, иіскеп көріп, жұмыс орнын, тұрғылықты жерін, жеке өмірін өзгертіп, өмірдің ащы-тұщысынан ауыз тиіп, тәжірибе жинау уақыты.

Ол уақыт 20-жаста басталып, 30-40-қа дейін жалғасуы мүмкін. Бұл әлбетте көптеген әсер етуші күштерге байланысты. Мәселен, ауылдық жерлерге қарағанда, үлкен мегаполис шаһарларда, әрине ер адамның бір нәрсеге тоқталып, саябырсуы кешірек болады, еліктіретін дүниенің алуандығы оған себеп болуы мүмкін. Оған қоса, еркектің үйіндегі тәрбиесі, өзінің темпераменті, қандай әлеуметтік ортаға жататындығы да үлкен түрткі, не керісінше кедергі болуы мүмкін.

Яғни өткен іске өкінбей, бар қателіктерімді жай ғана өмір тәжірибесін жинаудағы қадамдарым деп білгенім дұрыс. Себебі, мені осы жағдайға алып келіп отырған да сол қадамдар, дәл сол мезетте мен оның қате екенін білген жоқпын. Демек, мен сол мезетте “ең орынды”, “ең нәтижелі” деп тапқан әрекетімді жасадым.

 

Кемемді қайта тігіп, басын мәреге бұрсам, желкенімді жел қайта керетініне сенімдімін.

Тырысып тырмысудан өзегі талған адамдар ғана, есі кірген салиқалы писсимисттің кейпіне тығылмақ. Ал менің Одиссеям әлі аяқталған жоқ, сондықтан әлі де қателік пен күрестен қорықпауға тырысамын…

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: