Сыныптастар

Мына өлеңді ескі жазбаларымның арасынан тауып алдым, қағазы тозып бара жатқан соң осында сақтайын дедім.

Жалпы әдеби құндылығы нашар болғанымен, мен үшін бір жарқын естелік. Себебі, Қайрат досым қазір футболдан мүлде алыс салада қызмет етуде. Мектеп кезінен айтысқа жақын болған Мұхтар, кейін 2002-ші жылы айтыстың сенсациясына айналды, Бақытжан – қазір дәрігер. Бауыржаннан хабар жоқ. Азамат – банк қызметкері, Талғат атом өнеркәсібінде. Жандос достым заң органдарында, ал Айдос мұнай саласында істеп жүр… Ал бұрын:

——————————————————————

Қайрат досым ала допты қуалаған,

Сұңғақ бойы 2 метрді жобалаған,

Ақ көңіл, жарқын жанды, ұяң мінез,

Тауып айтқан сөздері аңыз болған.

Баха-скотч деп атайды Бахытжанды,

Не десең де түсініп, ұғар жанды,

Ең алдымен Бәкеңе айтып келем,

Өзімнің әкеме де айтпағанды.

Бауыржан, бәрімізді күлдіретін,

Әйтеуір бірдеңені бүлдіретін,

Жұлқынған айтыстарда Мұхтар ақын,

Өнерге де, спортқа болар жақын.

Сыныптың Талғаты мен Азаматы,

Жарысып есептерді шығарады,

Айдос менің серігім бірге жүрген,

Түн ішінде төбелесті қызық көрген.

Жандос деген егізім бала кезден,

Өмірдің көшелерні бірге кезген,

Егіз дейтін сыңар емес, ұқсамайды,

Мендей емес, жұдырығы болар жезден.

Кемтік толып, оралсын кеткендерің,

Ұмытпассың, мені жақсы білгендерің,

Тілеулеспіз, бізге жақсы осылайша

Аман-есен араласып жүргендерің…

(2000 жыл, Сәуір айы)

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

10 thoughts on “Сыныптастар

  1. Мына Мұхтар баланы жобалап отырмын… Сара қызбен айтыста алған жерден қырындап, алам да алам, тимесең өз обалың өзіңе деп жұлқынған жігіт қой 😉

    Ұнады

  2. Осындай өлеңдерді сүйіп оқиды екенмін. Жазып қояды екенсің. Біраз тентек болғасың ба деп қалдым… Ерке баланың бәрі сол ғой… Інілі болғанша… 🙂 🙂 🙂

    Ұнады

Пікір қалдыру