Сыныптастар

Мына өлеңді ескі жазбаларымның арасынан тауып алдым, қағазы тозып бара жатқан соң осында сақтайын дедім.

Жалпы әдеби құндылығы нашар болғанымен, мен үшін бір жарқын естелік. Себебі, Қайрат досым қазір футболдан мүлде алыс салада қызмет етуде. Мектеп кезінен айтысқа жақын болған Мұхтар, кейін 2002-ші жылы айтыстың сенсациясына айналды, Бақытжан – қазір дәрігер. Бауыржаннан хабар жоқ. Азамат – банк қызметкері, Талғат атом өнеркәсібінде. Жандос достым заң органдарында, ал Айдос мұнай саласында істеп жүр… Ал бұрын:

——————————————————————

Қайрат досым ала допты қуалаған,

Сұңғақ бойы 2 метрді жобалаған,

Ақ көңіл, жарқын жанды, ұяң мінез,

Тауып айтқан сөздері аңыз болған.

Баха-скотч деп атайды Бахытжанды,

Не десең де түсініп, ұғар жанды,

Ең алдымен Бәкеңе айтып келем,

Өзімнің әкеме де айтпағанды.

Бауыржан, бәрімізді күлдіретін,

Әйтеуір бірдеңені бүлдіретін,

Жұлқынған айтыстарда Мұхтар ақын,

Өнерге де, спортқа болар жақын.

Сыныптың Талғаты мен Азаматы,

Жарысып есептерді шығарады,

Айдос менің серігім бірге жүрген,

Түн ішінде төбелесті қызық көрген.

Жандос деген егізім бала кезден,

Өмірдің көшелерні бірге кезген,

Егіз дейтін сыңар емес, ұқсамайды,

Мендей емес, жұдырығы болар жезден.

Кемтік толып, оралсын кеткендерің,

Ұмытпассың, мені жақсы білгендерің,

Тілеулеспіз, бізге жақсы осылайша

Аман-есен араласып жүргендерің…

(2000 жыл, Сәуір айы)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

10 Responses to Сыныптастар

  1. Мына Мұхтар баланы жобалап отырмын… Сара қызбен айтыста алған жерден қырындап, алам да алам, тимесең өз обалың өзіңе деп жұлқынған жігіт қой😉

    Ұнады

  2. Осындай өлеңдерді сүйіп оқиды екенмін. Жазып қояды екенсің. Біраз тентек болғасың ба деп қалдым… Ерке баланың бәрі сол ғой… Інілі болғанша…🙂🙂🙂

    Ұнады

  3. satibaldi says:

    Жақсы өлең екен, енесстің. Өзің туралы мәлімет неге мардымсыз? Сірә сен мектепте шымо болған боларсың?

    Ұнады

  4. Gastarbaiter says:

    Шмо болған жоқпын, кеш жетілдім.

    Ұнады

  5. Nartailak says:

    Достарың андай жерлерде отыр екен.. Өзің ші? жүрісің мынау нетіп…алға қарай ұмтылу деген жоқ.. иии.. сенде..

    Ұнады

  6. – Өзіме не болған екен? Құдайға шүкір сізден әлі бір жапырақ траффик берші деп сұрағам жоқ :))

    Ұнады

  7. Ардак says:

    Ақындықтан алыстаумын, бірақ ұйқастары мен мағынасы қалайша дәл қойылған?! +5

    Ұнады

  8. 123 says:

    Қара өлең ұйқасымен басталып, ортасы егіз ұйқаспен жалғасып, аяғы қайтадан қара өлең ұйқасымен аяқталған.🙂

    Ұнады

  9. aizhannur says:

    magan unady. kyzdar jok pa edi synypta? :))))

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: