Қиблоггерлер 2

Қарыспайтын мүлде жағы,
Қырта берер тағы-тағы,
Муза кірмей түсіне
Ашылмай жүр оның бағы.
Күнделікте жазулар,
Күнделікті жаңарар,
Бұл қай мыжың жазбагер??
Бұл қиблогер -ардагер!!

*********************************

Өзі сондай қонақжай,
Сөйлемейді ойланбай,
Аман саулық тілейтін,
Кәменттерін қарасай!

я мақтау жоқ, боқтау жоқ,

я тиісіп қоттау жоқ,

Бейтарап мырза, бәрібір

Сенікі де қиблог!

——————————————————————

Ақыл, білім бәрі бар,
Базасы кең, іші тар,
Ол да блогын бастапты,
Сөзі ісіне кереғар…
Аңсайтыны идеал,
Жас қиблоггер максимал


*****************************************************

Посттарында қайғы да бар, мұңда бар,
Қайнап жатқан ашу да бар, жын да бар,
Муза байғұс құлақ кесті құлы оның,
Қиблоггерге енді керек гонорар.

******************************************************

Дос емес ол, емес тіпті оптимист
Ағайын да емес, емес мүлде пацифист,
Қиблогын қи- боғымен былғаған
Кім десеңдер, ол кәдімгі скандалист…


***********************************************

Блогын әйбат мысық күшік жайлаған,
Суреттерді түрлі сайттан ұрлаған…
Қиблоггердің нағыз өзі болады,
Бір айтқанын тоқсан мәрте жырлаған.

***********************************************

“Кетем дедім, сендер жылап-сықта енді,”

“Дүние жалған, кетем енді, кетем!” деді..

Ешкім қолдап, ешкім бірақ “қал” демеді..

Қиблоггер өзін өзі мүсіркеді..

Бажырайып қарама, деме: “о гім”?

Бір қаһарман шайнап жүрген мұрынбоғын,

Жауып жатыр кезекті бір қиблогын.

******************************************************

Ана жері жылт етті,
Мына жері қылт етті,
Бұнысы несі сиқыр ма?
Жүгіріп жүрген цифр ма?,

Жарқ жұрқ еткен дизайнының көрінісі,
Жарнама – бейшараның күнкөрісі.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

6 Responses to Қиблоггерлер 2

  1. Gastarbaiter says:

    Осымен жетіп қалар:)))

    Ұнады

  2. naqirus says:

    білә, ішінен өзімді тауып алып қуанып отырмын, е, қиблоггер!

    Ұнады

  3. satibaldi says:

    Акын екенсин.
    Пулитцер бутагына
    Бир табан жакын екенсин.

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: