Адамзат жойылып біткен соң не болмақ? (аударма)

Адамзат бұрыннан бері басын қатырып келген сұрақтардың бірі, «біз болмасақ жерде не өзгереді?». Жалпы 6 миллиард адамдар қырылып кеткен күнде планетамыз қалай өзгереді? Сол жайында тарихшылар, физиктер, биологтар және тағы да басқа көптеген ғалымдар бастарын ұзақ қатырып 2008-ші жылы документалды фильм шығарған болатын. Блогымның Рекомендеймін айдарының бірінші жазбасы ретінде осы фильмді ұсынғым келіп отыр

Сонымен адамзат белгілі бір апаттың (вирус) кесірінен біржолата жер бетінен құрып кетті.

Апаттан кейін 1 күннен соң:

Табиғи жанармаймен жұмыс жасап тұрған автоматтандырылған электрсанциялар бірнеше сағат бойы, энергия көзі таусылғанша істен шықпайды. Апаттан кейін бірнеше сағат ішінде бірінен соң бірі электр қондырғылар істен шыға бастайды.

Көптеген қалалардың метроларды жерасты сулардың басып кетуінен сорғылар жүйесі қорғап тұрады. Метрополитендердіңбасым бөлігі 36-сағат ішінде су алады.

48 сағаттан соң, энергияның жұмсалуының төмендегенін тіркеген атом электрстансалары қауіпсіз режимге өтеді. Жел турбиналары майлауы біткенше айналып тұрады. Су электрстансаларын пайдаланатын аудандардан басқа стансалардың барлығы дерлің тоқсызданады.

Адамзат құрығанына 10 күн болғанда:

Дүкендер мен тоңазытқыштардағы азық-түліктер бұзылып кетеді. Үй жануарлары алғашында еріген тоңазытқыштың суын ішіп, ашық-шашық қалған азықпен қоректенеді, алайда оларға үйден қалайда шығуға не аштан өлуге тура келеді. Еркіндікке шыға алған жануарлар, ендігі жерде тіршілік үшін күресуге мәжбүр болады. Жаңа өмірге бейімделмеген сәнді-сұлу жануарларға бос тетікт табылмайды, олар бірінші болып өледі. Мысалы, бульдог итінің қысқа аяқтары мен терьерлердің кішкентай ғана араны олардың шешуші кемшіліктеріне айналады.

Адамзат құрығанына 6 ай болғанда:

Әншейінде қаладан аулақ жүретін койот немесе шибөрі тұқымдастары мен мәлін сияқты кіші жабайы аңдар қала маңындағы аудандады мекен етеді. Бұл жерлер, сондай-ақ, маралдардың да жайылымына айналмақ. Егеуқұйрықтар мен тышқандар барлық жеуге жарамды азық қорларын тауысып болып, қаладан шықпақ.

Адамзат құрығанына 1 жыл болғанда:

Өсімдіктер көшелерді бұзып, оның жарықтарында қаулап өседі, жолдар мен соқпақ тротуарлар мен ғимараттардың үстіне қаумалай бастайды.

Адамзат құрығанына 2 жыл болғанда:

Гувер Су Бөгеті тоқ беруді тоқтатады. Себебі өсімдіктер мен қоқыстар салқындатқыш құбырларды бітеп тастайды. Невададағы Лас-Вегас сияқты қалаларды қара түнек басады. Жануарлардың түр-түрі біздің жоқтығымызды сезініп, қалаларға баса көктейді.

Ғалымдардың ойынша, ішінде адамзат өркениеті жайлы орасан зор ақпаратын тасымалдайтын спутниктерден ғаламға жіберілген телесигналдар 1-2 жарық жылы қашықтығында мағынасыз шуға айналатын көрінеді.

5-жыл өткен соң

Қалалардың басым бөлігін шырмауықтар, лианалар, ағаштар мен шөптесін өсімдіктер басады.

Адамзаттың құрығанына 20 жыл боғанда:

Припять, Украина қаласы 1986 Чернобыль апатының кесірінен адамдардан бос қалған. Бұл қаланы кез келген қаланың адамзат жойылғанына 20 жыл болғанда қандай кейіпте болатынының көрнекі мысалы бола алады. Радиация сәулелерінің белсеніділігі жоғары деңгейде болғанына қарамастан, адамсыз қалған аймақта хайуанаттар популяциясы едәуір өсіп кеткен. Үйлердің көбі өсімдіктер басып кеткен.

Адамзаттың жер бетінен жойылып кеткеніне 25 жыл толды:

Дренаж жүйелерінің арқасында құрғатылған Лондон, Амстердам сияқты қалалар теңіз суы алып кетеді. Терезе әйнектері оның жақтаулары мен босағаларының маусымдық тоңазуы мен еруі барысында және тығындар мен бояулардың бұзылуына байланысты жарыла бастайды.

Адамзаттың жер бетінен жойылып кеткеніне 50 жыл :

Бұл уақытта ағаш үйлердің көбі өртеніп не шіріп тынады, немесе термит құмырсқалары кеміріп құртады. Жердегі бөгеттердің етегін су шайып кете бергендіктен, олар да жойыла бастайды. Кірпіш пен тастан соғылған ғимаратарды тұз жеп қояды, үстіне шырмауықтар мен басқа өсімдіктер қаулап өседі.

Болат конструкцияларында, мәселен Бруклин көпірінде ешқандай да күтімнің жоқтығынан пайда болған жыртықтар біліне бастайды. Қорғаныш бояулары қабыршақтанып, метал құрамдарын тот басады.

Адамзаттың жер бетінен жойылып кеткеніне 75 жыл :

600 миллион автокөліктің басым көпшілігі үйілген метал қоқысына айналады. Құрғақтау климатта орналасқан көліктердің пішіні сәл де болса сақталады. Желі шығарылған дөңгелектерінң резеңке қаптамалары ыдырамаған, олар әлі бірнеше ғасыр шірімей тұрады.

Эйфель Мұнарасының құлдырауы

Адамзаттың жер бетінен жойылып кеткеніне 100 жыл :

Голден Гейтс (Алтын Дарбаза) және Бруклин Көпірі сияқты мықты да үлкен құрылыс туындылары көтергіш сым-темірлерінің тотығуының нәтижесінде құлап түседі. 100-300 жыл ішінде адамзат соққан конструкциялардың біразы жермен жексен болады.

Адамзаттың жер бетінен жойылып кеткеніне 200 жыл :

Метро жүргізілген көшелердің көбісі жер астына құлап, топан су басқан арналарға айналады. Қаланың түрі жабайы табиғаттың көрінісіне ие болады.

Эмпайр-стейт-билдинг, Сирс Тауэр, Спейс Нидл и Эйфель мұнарасы , сияқты зәулім ғимараттар тот басудың, өсімдіктердің қаулап өсуінің және іргетастарын жерасты суы шайып кетуінің әсерінен үгітіліп құлайды.

Адамзаттың жер бетінен жойылып кеткенінен кейін 500 жыл дегенде :

Бетон құрылыстарындағы арматура тот басудан жұқарып, әлсіреуінен көптеген бетондық конструкциялар құлдырайды.

Адамзаттың жер бетінен жойылып кеткеніне 1000 жыл :

Қазіргі заманның үлкен қалалары жасыл желекке айналады, ал құлдыраған аспан тірескен ғимараттар кішігірім қыр-төбелерге айналады.

Манхэттэн өзінің адам аяғы тимеген ежелгі күйіне қайта түседі. Адам өркениетінің бір кездегі тіршілігі жайында дәлел қалмайды деуге болады. Аман қалуы мүмкін құрылыстарға Египет пирамидасы тәрізді салмақты тастар мен жуан бетоннан соғылған ескі құрылыстар жатады.

Адамзаттың жер бетінен жойылып кеткеніне 10000 жыл :

Гувер Бөгеті, адамзат өркениетінің соңғы нышаны сейсмикалық белсенділік пен коррозияның нәтижесінде ақыры құлап тынады.

Осы уақытқа таяу, адамның бір заманда табиғатты билеп төстегендігі жайлы естеліктердің барлығы құрып тынады. Аман қалатын тек бірнеше тас құрылыстары. Олардың арасында әбден шөл құмына батқан Гизадағы пирамида, Ұлы Қытай Қорғанының бөліктері болады. Рашмор тауына қашап салынған бет-әлпет бейнелері жүздеген жылдар бойы түртілмеген күйі қалады. Соған қарап, біздің ізбасарларымыз Жер бетінде оларға дейін де өркениеттің болғанын анықтай алады.

Ал адам мәдениеті жайындағы естеліктер сақталған басқа тасымалдағыштар мен ақпарат сақтағыш құралдар – лазер дискілері, фототаспалары, қағаз, т.б , – адам жойылғаннан соң бірнеше ондаған не жүздеген жылдардың ішінде-ақ топыраққа айналады.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

7 thoughts on “Адамзат жойылып біткен соң не болмақ? (аударма)

  1. Қойнақ, компакт-дискілер қалад нақ, жәй ғана оны оқитын технологияға тарихты жаңадан бастап жатқандардың миы жетпейд, футуристссс!!!

    Ұнады

  2. Гиза Пирамидалары құмға көміліп қалатын болса, тағы да пәленбай мыңжылдықтарға сақталады деген сөз.

    Ұнады

  3. Цеван, қырти берет БиБиСилер 10 000-жылдан кейін 6млрд. адамның өркениетінің ізі де қалмайтын болса, адам пайда болғанға дейін 50-60 миллион жыл бұрыңғы алып кесірткелердің сүйектерін тауып жатыр?
    Екеуінің біреуі өтірік.

    Ұнады

Пікір қалдыру