Өз мінезің өз қолыңда (2-ші бөлім)

Нейролингвистикалық бағдарлауды дәстүрлі психологтардың көбі “ғылымсымақ” деп атайды. Негізгі себебі, көбінесе НЛБ -рационалдылық пен қисындылық, кезектілік қағидаларымен өзін қатты шектемейді. Барлық нәрсе, алдымызға қойылған мақсат тұрғысынан қарастырылады. Яғни 100 пайыз нәтиже беріп тұрған әдісті шұқылап “неге?”, “қалайша?” деп жатпайды. Игілігіне жаратып жүре береді.
“Жұмыс істеп тұр ма? Болды” – деген қағидаға сүйенеді…

Және адам әлеуметтік мақұлық болғандықтан, бір адамның мақсаты көбіне басқа да адамдардың мүддесімен ұштасып жатады немесе керісінше кереғар келеді. Сол себепті, ешкім де басқа адамдардың мақсатымен мүлде санаспай, абсолютті оқшауланып тәуелсіз өмір сүре алмайды.
Әр мақсаттың экологиясы болады.
Егер біз карьера жасау үшін көптеген қағидаларымыздан аттап, артымызда көптеген адамдардың алданған, басып жаншылған тағдыры қалса, ол арамдығымыз бәрібір бізге айналып келеді. Мүмкін басқа түрде шығар, бірақ айналып келетінін пәлен-мыңжыл бойы тарихымыз дәлелдеп келеді. Мінекей “экология сақтау” деп айтқанымыз да сол.
Неге солай? Бұл сұрақты қазбалауды діндарлар мен пәлсапашылардың еншісіне қалдырайын. Біздің міндет өкінбейтін нәтиже беретін әдістерге мән беру.

Яғни алдыңа мақсат қояр алдында, оған жету жолдарын ойластырып, және жеткеннен кейін мақсатымыздың жағымсыз жанама әсерлері бола ма? деген сұрақты қою керек.
Мақсат қою және оған жетудің қағидаларын келесі блогпостта келтіремін.
Ал әзірге Темперамент тақырыбының ауылына оралайын.

Сонымен, мысалы, сіздің алға қойған мақсаттарыңыз сізден экстроверт-сангвиник болуды талап етсе, : өзіңізге ұзақ уақыт бойы тағылған “тұйық”, “сезімтал”,
“әлжуаз”, деген айдарларды шүбәсіз шындық деп қабылдап келгендігіңіз сізге едәуір кедергі болады. Тіпті жетістікке жеткеннің өзінде сізге әрбір белес қара терге шомылып, сары уайымға батып, қинала асатын тау шатқалындай көрінеді.

Адамға тағылған айдарлардың ешқайсысы да оны толық сипаттай алмайтынына НЛБ-да көп мән беріледі, тіпті адам жайында бір кітап жазылса да, кітап шындықты толық аша алмайды.
Біздің сезім мүшелеріміз туа біткеннен шектеулі. Сондықтан оларға сүйеніп таныған әлем де белгілі анатомиялық фильтрлерден өтіп, бізге қисық түрінде жетуі мүмкін.
Төрт темперамент, әр қайсымыздың бойымызда бар. “Таңдау құқығы да, және сол таңдауға деген жауапкершілік те менікі” – деп мойындаудың өзі мақсатқа жеткізетін бір қадам. Осылайша адам өзінің алға қойған мақсатына байланысты бірде терең ойлы мұңшыл меланхолик, бірде ашуы тез қайтатын күйгелек холерик, әрдайым көңілді де тапқыр сангвиник, немесе сабырлы да салиқалы әр сөзін таразылап айтатын салқын қанды флегматик бола алатын мүмкіндікке ие.
Тіпті мақсатқа жете алмаған күнде де, егер кеудемізде тіршілік болса, онда құнды тәжірибе алғанымызға риазшылық етуге болады.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: