Өз мінезің өз қолыңда немесе темпераментті өзгерту…(1-ші бөлімі)

amazing3Жантануға (психологияға) әуесқой болып жүргеніме 8 -жылдың жүзі болды, Нейролингвистикалық бағдарлау (НЛБ) турасындағы еңбектерімен де алғаш танысқаныма 3 жылдан асты. Содан бері көптеген материалдар ақтарылып, көптеген эксперименттер мен сынақтар жүргізіліп, ескі сұрақтарға жауаптар табылып, алдыңғы жинақтаған ақпаратыма, тәжірибеме елеулі өзгерістер, дәлірек айтсам толықтырулар жалғасып жатыр.

Солардың бірі дәстүрлі жантанудың 4 темпераменті: Сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик жайлы түсінігім толысты. Осылардың әрқайсысын өз бойымда модельдеу (көшірмелеу) арқылы сезбеген нәрселерді сезініп, түйсігімнің шекарасы ешқандай психотропты (еліртіп-есіртетін) препараттардың көмегінсіз кеңеюінің куәсі болдым..

Осы 4-темпераментті көп адамдар бір мүлтіксіз диагноз, яғни мәңгіге тағылған айдар ретінде қолданып келеді…
Оны әлдебір “құдайдан/табиғаттан/буддадан/эволюциядан берілген жеке мінездің өзгермес, мызғымас бір негізі” деп қабылдау үрдісі кең тараған.

Соңғы уақыттарда, НЛБ-дан алған ақпараттарды өмірге пайдаланудың және көз көріп, қол ұстаған тәжірибе нәтижесінде түйгенім, адамды осы темпераменттің біреуімен шектесек, онда адам бойындағы алуан түрлі сарқылмас қорларын қолданбай, мүмкіндіктерін шектеп, әр адамның өз өміріне деген жауапкершілігін азайтады.

Қысқасы, біздің алға қойған мақсатымызға байланысты мінез құлқымызды, темпераментімізді өзгертуге болады.
Және одан да маңыздысы ондай көзқарас біздің таңдау еркіндігімізді едәуір кеңейтіп, өз бойымызға, ойымызға, сезімдерімізге серіксіз қожайын болу мүмкіндігін береді.
“Мен -меланхоликпін” -деген сөйлемнің өзі сенің өз мақсатыңа жетуіңе кедергі болуы мүмкін. Мәселен, көптің алдында сөз сөйлегісі келген адам “меланхолик”-пін деп мойындаған сәтте мінбеге шыққан кезіндегі қобалжу, ұялу, қысылу сезімдерін өзінің меланхолик екендігімен байланыстырып, оратор болу мақсатынан күдер үзуі мүмкін.
Ал біз қай салада неғұрлым көп тәжірибе жинасақ, сол салада өзімізді емін еркін сезінеміз.

Тап сол сияқты, “холерик” деген айдар тағып алған адам терең ой жинақтауды, концентрацияны қажет ететін қызықты шығарма жазуды мақсат қылса, ол алғашқы дискомфортты сезе салысымен, ашу келіп: “Өй, қойшы..Былайша айтып бере салсам қайтеді? Меннен жазушы шықпайд!” деп бұлқан талқан болуы мүмкін.
“Жеңілтек” деген айдар тағылған адам терең ойға батуға, біреуге мұңын шағуға қиналады. Оның себебі: ең алдымен өзіне тағылған айдарға сол адамның өзі сенеді. Ол айдар жайында ойламағанымен, қоршаған орта оған сондай “диагноз” қойған, және өзі сол диагнозды іштей мақұлдаған.
Бұл тұрғыда, “кез келген қағидаға ұдайы бой ұсыну, әр адамның өз мақсатына жету жолындағы кедергі” деген жарым-жарты аяқсыз ой да бар. Бірақ бұл дегенің, “арамза бол”, қағидасыз жылпылдақ бол деген сөз емес. Әлбетте, көп адамның көз жасына, қарғысына қалып, қиянатпен карьера жасауға, өзіңді сүймеген сұлу қызды зорлықпен көндіру – бұл біріншіден өзіңізге еш рухани қанағат алып келмейді, үшіншіден бұның зардабын күндердің күнінде өзіңізге қайтып келетіні сан ғасырлық шындық.

(Мақсатқа жету туралы, және әрекет экологиясының маңыздылығын жайында толығырақ келесі жолы жазармын).

(Жалғасы келесі блогпостта…)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: