Бұтриоттар деген кім?

Люблю америку
Люблю Европу

Бұларды кәдуілгі глобализацияның екпініне ұшыраған орта статистикалық қазақпен шатастырмаңыз. Бұлар БҰТриоттар.

БҰТриоттар (БҰТ – Басқа Ұлтқа Табынушылар -деген сөздерден қысқарту). БҰТриоттар да өздерінше патриотпыз деп ойлайды. Бірақ көтриоттерден айырмашылығы – бұтриоттар өзге халықтардан қорықпайды, керісінше өз халқының дамуы үшін өз мәдениетінен бас тартып, толық басқа елдердің мәдениетіне мойынсұну керек деп ойлайды.

«Көтриот» өзгелердің мәдениетін қалай жек көретін болса, Бұтриот дәл солай өз мәдениетінің кез келген көрінісін ескіліктің нышаны, артта қалғандық деп ойлайды. Оларға қазақша еместің барлығы таңсық, барлығы шебер, барлығы озық.

Бір қара нәсілді жігіт ресторанға кіріп, адамның есту мүшелерін балағаттайтын жағымсыз гвинеялық акцентімен ағылшынша бірдеңе десе, осындай қазақ (орыс) бұтриот даяшыларымыз жүгіре жөнеледі.

БҰТриоттың ойынша биік үстелде отырып тамақ іше алмаған адам мамбет те, қазақтың жерүстеліне отыру мәдениетін білмейтін адам мәдениетті.
Тауықты шанышқымен жеген адам қараңғы калхоз да, бесбармақты шанышқымен түйреген адам мәдениетті..

Ескі саясаттың нәтижесінде санамызға терең тамырлаған ұлттық толымсыздық кешенінен, кемістік комплекстердің әсерінен, оған қоса батыстың «Как стать миллионером, не давая», «Путь к успеху», деген сияқты бірен саран капиталисттік кітаптарды оқып ап, біздің өмір реалияларымызға мүлде сай емес Дэйл Карнегидің қара сөздерін жаттап алып, өзін «қараңғы» қазақ халқының ағартушы данасы, жаңа толқыны деп есептейді, ал мыңғасырлық тарих бұтриоттар үшін босқа кеткен уақыт…

ЖАПОН бұтриот

Әдетте бұтриоттар өз кемістіктерін бүркемелеу үшін де өз ұлтын жамандайды. Мысалы, «қазақтар жалқау, біз немістерден барлық жағынан үлгі алуымыз керек!».

Сонда, көтриот былай жауап береді: «Немістерден «ЙА, ЙА Дас ИСТ ФАНТАСТИШ!» -ті үйренеміз бе? Немістен үйренетін порнуха түсіруден басқа ештеңе жоқ! Олар фашист!» -дейді.
Бұтриот : Мен жуырда «суши» (немесе Дөнер кебаб) жеп көргеннен кейін қазақтың ұлттық тағамдары бұның қасында туфта екенін түсіндім. Неге біздің аспазшылар сондай тағам ойлап таппаған??» десе, оған Көтекең («Көтриот»): Ал мен француздың құрбақасын жемеймін, менің түкіргеніміз бар олардың мәдениетіне, және жапондардың күрішке оралған туна балықтарын жеп, «суши» жегеніме мәз болып, оны мақтан тұтпаймын. Өзіміздің қарынға әдемілеп тыққан әсіптен дәмді емес!» дейді.

Қорыта келе, айтарым өзінің қазақ екендігін ақтағысы келетіндер, қазақ болғанына намыстанатындар көп. Солардың көбі өзінің толымсыздық комплекстерін жасыру үшін, Абай бастап кеткен ұлтқа жанашырлық тақырыбын сылтау етеді.

Бір бөлігі өз ұлтынан ұялудан шаршап, көтриоттыққа салынса, бір бөлігі бұтриоттыққа салынып өз еліне жоғарыдан қарай бастайды.

«Типі, жаным ашиды халқыма, сол үшін айтамын. Сол үшін сынаймын» -деген сияқты.

«Қыртыңбай, сынайтын сен не қазақтың Задорновысымағысың ба?» -дейтіндерге айтарым, жоқ мен Задорнов емеспін, задорнов жалпы халықтар жайында айтады, ондайлар көп бізде, ал мен халық арасындағы адамдардың нақты бір типі жайлы айтамын. Ондай адамдар тобы тек қазаққа тән емес, жалпы адамзатқа тән.
Жапондық бұтриот пен америкөт қолбасшы Мысалы, мына суретте «Соңғы Самурай» фильмінен үзінді кадрдан жапондық Бұтриотты көруіңізге болады.

Аса көтриоттыққа да салынбай, ағарту жолында мыңмен жалғыз алысып, қараңғы қазақтың көзін ашқан қаһарман сымақ болмай, Дзенін ұстанып, гармонияда өмір сүргенге не жетсін, бірақ бүкіл дүние жүзі глобализацияланып, аспан жерге түсіп, екі айналсын, біздің арамызда әрқашанда сондай адамдар болады. Біз тек солардың түрлілігіне, сан ауландығына, әлемнің сондай алауан түрлі адамдарды өз бойына сиғызғанына таңырқап, риза болып жүре берейік.

Published by Gastarbaiter

andabratstvo@mail.ru

10 thoughts on “Бұтриоттар деген кім?

  1. Қой, мен патологиялық көрінісін айтып жатырмын. Шизофренияның кейбір симптомдары сау адамда да болады. Бірақ нақты диагнозды жалғыз симптомға қарап қоюға болмайды.

    Ұнады

  2. >Мысалы, мына суретте “Соңғы Самурай” фильмінен үзінді кадрдан жапондық Бұтриотты көруіңізге болады.
    сондай бұтриот жапондықтардың арқасында бүкіл ел орта ғасыр сұмырайлықтан, индустриалды мемлекетке айналып кетті ғо

    Ұнады

Пікір қалдыру