“Көтриот” деген кім?!

Оқырман абайла, осы мақаланы оқу барысында біртүрлі екі аяқтың арасындағы жер сыздап ауыра бастаса, тынысыңыз тарылып, артыңыз ашыса, дереу оқуды тоқтатып, өзіңіздің көтриот екендігіңізді мойындаңыз.

Отаным маған не бере алады деме, мен отаныма не бере аламын деп сұра!

Джон Кеннеди

Мен отаныма не бере аламын деп сұрамасаң да болады, — саған ол туралы онсыз да есіңе салады.

Марк Стейнбек

“Аттан” Аттан” деп алып, іс жүзінде Отанына еш пайда келтірмейтін адамдарды да “патриот” деп айтады екен. Осыны естіп, мына жақта менің “нағыз патриот” деп санайтын ағаларым ренжіп жатыр. Себебі, әлгі даурықпа жазбагерлердің кесірінен “Патриот” деген қасиетті ұғым негативті сипатқа ие болып кеткендей. Тіпті кейбіреулер үшін “патриот” деген балағаттау сөзі болып кеткен.

Осы екі арада, патриот пен патриотсымақтың ара жігін айырып алу үшін жаңа бейресми терминді ұсынғым келіп отыр.

”Көтриот” деп іс жүзінде мардымды жетістігі жоқ, бірақ өзінің мемлекетке, ұлтқа, мемлекеттік рәміздерге сүйіспеншілігін елге “көз болсын” деп неше түрлі патриоттық трюктар жасап, құлақтың құртын тауысқан сөздер жазатын адамдарды айтады.

М әселен, орта статистикалық көтриот интернетке өзінің туының алдында түскен нашар сапалы суретін іледі Көтриотизмге шалдыққан ауру(суреттегі: Орыс, американ көтриоттары), форумдағы өмірін “Қазақстан жасасын!”, “Қазақтар жыртыңдар!”, “Оян Қазақ!” деген сияқты репликалармен бастайды, және Мұхтар Шахановтың бір де бір өлеңін білмейді, және оның ақын екенін тек ел аузынан естіген, бірақ мықты саясаткер екеніне жүз пайыз сенімді.

Кез келген жерге өзінің “аса патриоттық” пікірлерін тықпалайды, мысалға алсақ, елдік мәселесіне еш қатысы жоқ “сіз сүйетін іш киімнің маркасы қандай?” деген сұраққа көтриот өз аузынан өзі жиіркенбестен “менің бұтымдағы лыпам аспан көк түсті, сары өрнектері бар, себебі мен нағыз патриотпын” немесе “іш киімді талқылағанша, неге мемлекет болашағы жайлы тақырып ашпадыңдар”, деп сөгуі мүмкін, егер көңіл күйі жақсы болса “тек жергілікті фабрикалардың тіккенін киемін, отандық кәсіпкерлерді қолдау керек!”

деген жазба қалдыруы мүмкін.

Кез келген тақырып көтриот үшін ұлттық, мемлекеттік маңыздылық тұрғысынан қаралуы тиіс. Форумда қандай да бір пендешілік мүдделер, немесе жай адами қажеттіліктерге байланысты мәселелердің талқылануына қатты қарсы шығады.

Форумда топ-топ болып кездеспегенімен, екеу үшеу болып ұшырасуы мүмкін. Көбіне біреуі “жүрек жарды” мәселе жазса, екінші “Ия, дұрыс” деп қосылып отырады. Егер үйтіп қоштайтын адам болмаса, онда өзі әр жазбасының соңына, “ия дұрыс, тап солай болуы тиіс” деп өзіне өзі демеу жасап отырады.

Көтриоттар дүмшемолдалыққа салынуға бейім. Бірақ кейде таза көтриоттар да кездеседі. Ондайлар діншілдермен де қас келеді. Әрбір діни ұйымнан мемлекетімізге саяси қатер кауіп іздейді. Кез келген мұсылманды – террорист, христианды – крест жорықшысы, ал буддистті – үндіқытайдан келген тыңшы деп ойлайды. Көтриоттар қазақ үшін еңбек еткенше, қазақтың жетістіктерін айта бергенді жеңіл көреді. Тіпті ол жетістік емес, жауыздық, немесе қазаққа түк қатысы жоқ әлдене болса да. Мәселен, Шыңғыс ханды “таза қазақ” деп ойлайды. Шыңғыс хан тұсында, қазақ атауы болмағанынан ол хабарсыз, немесе хабардар болса да мойындамайды.

Оның пікірінше халық тек өз елінің өнімдерін жеп, тек өзінің мәдениетін зерттеп, өз музыкасын тыңдаумен шектеліп қалуы тиіс. Әлем мойындаған шетелдік композиторлар, өнер саңлақтарының кез келген шығармасы көтриот үшін сананы улайтын аса қауіпті элементтер. Оның ойынша еліміздің бүкіл проблемаларына шетел имигранттары мен өзбек-тәжік гастарбайтерлер кінәлі. Ал ұйғырлар мен орыстарды тіпті дұшпан санайды. Әлбетте, орташа көтриот патриотизм мен национализмнің айырмашылығынан хабары жоқ.
Және өзге ұлттар туралы айтқанда “сасық” сөзін қосып айтады. Неге екені белгісіз, өзіне ұнамайтын нәрсенің барлығын “сасық” деп айтады. Оның жағымсыз иіске қатысы шамалы.

Көтриотты ренжіту үшін оның отансүйгіштігіне күмән келтірсең болды – ол сізге жүз дәлел келтіріп, орыс радиосымен қазақша атау жөнінде соттасқанын, “қассақша” кешірерсіздер қазақша сөздіктер жинағымен мақтанады. Ал егер сіз оны келеке етсеңіз, сізге “мемлекетті келеке етті” деген айып тағады. Егер сіз оған қарсы пікір айтсаңыз, ол оны міндетті түрде “халыққа қарсы шықтың” деп түсіндіреді.
Яғни бір өзі біртұтас халық атынан сөйлеп тұрмын деп ойлайды. Айтпақшы, осыған орай кейбірнағыз көтриоттарды таңдаған нигінен білуге болады, көтриоттар көбіне ұлтына байланысты “Нағыз қазақ”, “Истинный Русак”, “Voice_Of_America” , “Қазақ бала”, “Алаш Досы” деген сәйкесінше лақаптарды қолданады.

Көбіне көтриоттар қазақ тілінде адам айтқысыз грамматикалық қателермен жазады, соны бетіне басып, “қазақты соншалықты сүйетін болсаң, неге қазақ тілінде қатесіз жазуды үйренбейсің?” – деп ішін ашытуға болады.
Оған сылтау айтса, “сен пайдаланып жүрген әліпбиді кім шығарғанын білесің бе?” – деп тағы орнына қоюға болады. Одан қалса, “Қазақстанның қарулы күштерінің жүйесі мен әскери техникаларын кім ойлап тапқан?” – деген сұрақ та көтриотты біраз жерге апарады. Одан қаласа, пікірталаста көбірек шет ел сөздерін қолданып, шетелдік ресурстарға сілтеме жасасаңыз, “көтекең” тіпті ыңғайсыз жағдайға тап болады. Әлбетте, сіз айтқан сөздер де, шетелдік ресурстар да “сасық”, жалған деп табылады. Нақты фактажбен, нақты сұрақтарға қарсы мардымы тойтарыс табуға миы жетпей, жиналған саналы қауымға біраз күлкі сыйлайтындықтан интернеттегі патриотсымақтарды мықты “демагог” деп те айта алмайсың.

Көтриоттардың көңіл бөлерлік бір топшасы бар, олар қазақ гангста рэпперлері. Әсіресе мына тректың авторы мен орындаушысы емделуші көтриотизмнің ақырғы сатысында.

Ол ұйықтап жатып түсінде мінбеге шығып, қолын сермеп халыққа жалынды үндеу жолдап тұрғанын, оның арқасынан политбюроның дүдүлдері арқасынан қағып, төсіне орден тағып жатқанын елестетеді, кейде осындай тәтті түстерін мезгілсіз келген поллюция бөліп жібереді.

NB. Көтриот ішіп алса, руға бөлініп, немесе билікке оппозициялық ойлар айтып, тіпті төбелес шығаруы мүмкін.

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

3 Responses to “Көтриот” деген кім?!

  1. Gastarbaiter says:

    Осы бір мақаланы мен үшін актуалдығы жойылмайтын мақала. Бүгін көзім осыған тағы жетті.

    Ұнады

  2. Мырза says:

    ммммм…….. жақсы-ақ екен мммммм…….кереметтей мақала, түсінген көтриотқа тойыс патриотқа дегенім ғой

    Ұнады

  3. Turik says:

    Маа каскааа. Жаман айткан екен. Алла арбир казак баласын котриотизм ауруынан сактасын!!

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: