Есіңде жүрсін


Есіңде жүрсін

« Дененің өсуі 40% тұқымға, 50% шынығу сапасына, 10% тамақтың сапасына байланысты» -деп бір кәрі де, сыйлы атлет айтқан екен.

Шындығында, арық жігітке дене шығару үшін біраз арт терлету керек.  Бірақ жігер мен төзімділік бәрін жеңеді. Залға баруға бел буған кезіңде мынаны үнемі есіңе сақта:

Pics.kz

Ет шынығу кезінде өспейді, демалыс кезінде (ұйқтап жатқанда) өседі. Сондықтан тыныш, 8-10 сағаттық ұйқының маңызы белсенді, сауатты шынығудың маңызынан кем емес.

Бодибилдингпен айналысу жиілігі аптасына үш рет, мысалы  дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері 1,5-2 сағаттан бөліп отырсаң жеткілікті. Аптасына алты сағат бөлу дегенің, компьютер алдында өткізген сағатыңмен салыстырғанда,  соншалықты көп еместігімен келісетін шығарсың.  Бодибилдинг те психология сияқты, үш негізгі тұлғалық типке  бөлінеді. Эктоморф (тыриған арық жігіт), Мезоморф (шымыр денелі, тығыршықтай) және Эндоморф (томпақ, майбет).  Аралық түрлері де болады әрине, мысалы Мезоэктоморф. Арықтарға бастысы ет салмағын өсіру, толықтарға майды етке айналдыру, шыырларға бұлшық еттің ізін (рельеф) шығару. Сонымен қатар, әйелдер де бар. Бұлар жағы қиындау.  Әйелдер ерлерге қарағанда еттен көрі майды тез жинауға бейім. Кішігірім май қабатының болғаны тіпті пайдалы оларға. Әйтпесе, көздің жауын алатын жұмырлықтары болмас еді. Сонымен қатар, әйелдерде белден төменгі және аяқ бұлшық еттері жақсы дамыған… Әйелдерге көкірек бұлшық етін дамытудың да қажеті шамалы… Сосын, әйелдер гормондарына байланысты бұлшық етті бізге қарағанда баяу жинайды. Жолың болсын!

6 Responses to Есіңде жүрсін

  1. Ruslannnn says:

    Рахмет. Жалғасын күтем.

    Ұнады

  2. Ақзере says:

    Программа жаза аласың ба? )

    Ұнады

    • Gastarbaiter says:

      Саған ба?

      Ұнады

  3. Тупак Амару says:

    Базар жоқ! Осындай дүниелерді көбірек жазып тұрсаң.

    Ұнады

  4. Респект_кажы says:

    Бастау керек еди деп жургенде жаз да келип калды н@к!

    Ұнады

  5. Нурик says:

    Мен 1998 ши жылгымын качканы коп жасайм бирак исинеди де басылып калады..неге?

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: