Кіріспе


Кіріспе

Pics.kz

Бұрын  жап-жас болса да топ-толық кісілерді көргенде жыным келетін, “неге өзін-өзі күтпейді екен? Неге аптасына бір рет болса да жүгіріп тұрмайды екен? Неге тамақты опыра береді? Сәл тәбетін тежесе болмай ма?” – дейтінмін.

Қазір сол радикализмді жастығымнан көремін. Әрине, дәл сол сияқты денесіне ет жинай алмай жүрген көк шандыр тырық жігіттер де көп. Менде жасым 23-ке келгенше сүйегі содырайған сіңірлі жігіт болдым. Біздің жарамыз жеңілдеу енді. Дегенмен, сымбатты жігіттен, боққарын майкөтенге айналудың жылдамдығы сол. Оны тіпті семіздіктің құрбаны  байқамай да қалады. Және семіздікке өзіңді өзің тежейтін ерік күшінің әлсіздігі, немесе гормоналды ауытқу сияқты жалқаулықтан басқа да көп себептер болуы мүмкін ғой. Сондықтан көпке топырақ шашып күпір болмайын. Сонымен, сіз ерік күшіңізді жұдырығыңызға түйіп спортзалға келдіңіз.

Шынығу залына не үшін келеді?

Pics.kz

Біреу семіздіктен,біреу арықтықтан барады. Мысалы, мен белім, мойным ауырған соң дәрігердің сілтеуімен барғанмын. Жалпы қандай себеп болса да, спортзалға кіргенде сені айдап келген себептің барлығын ұмытып, тірлікпен айналысуың қажет. Ал бір жеріңді зақымдап, темір көтеруге мәңгі тәбетің қашып кетпесін десең, шынығу жайлы бір кітап тауыспасаң да, азды кем ақпарат алып барғаның дұрыс. Немесе сол жерден білетін адамнан сұрап ал. Бірақ абайла.  Жаңа келген “ақылгөйге” тап болып қалма. “Көкірек бұлшық етін отырып тұру арқылы өсіресің” – деп көлгірситін қыртыңбайлар да аз емес.

One Response to Кіріспе

  1. Салтанат says:

    керемет

    Ұнады

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: