Қызға дос бол, запастағы лох бол!

(Жазбада бейпіл сөздер мен ұятсыз суреттер бар. 18 жасқа толмасаңыз, оқымағаныңыз дұрыс!)

Ұят болмасын деп жазып қойдым, әйтпесе кез-келген бірінші кластың оқушысы менен асырып боқтамаса, кем боқтамайды ғой. Хехе.Достық

Ия, әйел мен ер достығы туралы өз ойын айтпаған ғұлама, жазушы, философ,  әнші, қи-блоггер, ит, шошқа, мысық, күшік қалмаған шығар…
Біреулер, “еркек пен еркектің арасындағы достық әйел мен еркектің арасында болмайды” деп қылқынуда. Руханисымақ бикештер нешетүрлі ақын-жазушылардың романтикалық дәйексөздерімен әрлеп, ер мен әйел достығын асқақтатқысы келеді. Енді біреулер ваннада бұтын ысқылап жатып жаңалық тауып айғай салған Архимедше  “сендерге төсек болса болды!” деп эврикалай жөнелед.

Дәл осы жерде мен тағы да омыртқасыз, жүйкесі нашар, боғауыздан жиренетін, “бірақ мен оны сүйем ғой! Ол ондай емес!” дейтін сүмелектерге Alt+F4-ті басып, әрі қарай Корей сериалын көре беруіне рұқсат дегім келеді.  Қалғандарың мұнда—> Read more of this post

Білгішбекке қалыңдық болсаң…

Бір-біріне ғашық жұп көше бойын кезіп, серуендеп келеді. Жігіт білімді, жан-жақты жоғары талғамды, оқығаны көп болатын. Қыз нәзік жанды, оқымысты болмаса да,  мінезі жайдары, өзі әсершіл.

Қыз: Мына үй сондай әдемі!
Жігіт: Қай жері әдемі? Төбесі шодырайған, жаны одырайған…

—  Қойшы тіптен, әп әдемі-ақ қой!

—Мына үйді “әдемі” деп айту үшін адамда қандай азғындалған талғам болу керек? Есігін қарамайсың ба?

— Жарайды, келістік бұл жаман үй. Ал менде қазақша КВН-ге билеттер бар!

—Қазақта қайбір КВН бар дейсің, жалпақ әзілді номерлерін тықпалай береді. Одан да кинотеатрға барайық, сен  “Алиса Ғажапстанда” киносын көрдің  бе?

— Жоқ , көрмедім. Бірақ мен қазақша КВН-ді со-о-ондай күтіп едім:(

—Қойш, мәмбеттер сияқты соған барып, күлкілі емес түк те!

—Онда Орда тобы келед, сол жігіттер күшті билейді!

—Қхм, негізі бидің патшасы Майкл Джексон саналады.  Қалғандары соған еліктеген қыртымбайлар…

— Шынында да солай екен-ау. Ақылдым сол, маған ана балмұздақты алып берші!

— Жоқ-жоқ, ол балмұздақтың құрамында 0,0001пайыз канцероген бар, зиянды эмульгаторлар, тстендргш, дмдеуштер бар,  сонымен қатар одан адам семіріп кетеді.. Сен оны жеп салқындаймын деп ойласың, бірақ нәтижесінде керісінше болады. Өйткені,  сенің  ішіңе барған балмұздақты еріту үшін, сенің ағзаң қосымша жылу бөлуге тура келеді, сөйтіп кейін одан бетер ыстықтап кетуің мүмкін. Ең  дұрысы, күн ыстықта диеталық сода ішу керек…

Қыз:  :-(

Қозы мен Баянның хикаясы (жалғасы): Қодар мен Горлум

(Жалғасы. Басы алдыңғы жазбада)
Қодар мен Горлум-1
Қасында тұрып-ақ ҚозыКөрпеш мұжықтардың Баянға ашкөздене қарап тұрғанын байқады. Барлығы оның әрі кеткенін күтіп тұрғандай, барлығы ішінен қап “мына жігіттің бетін қайтарса екен” деп ойлап тұрғандай болды.
Қозы оны сезіп тұрса да,  үнемі Баянның қасынан қалмай, артынан ерген аш күшіктей жүгіргісі келмеді. Баян дәретханаға кіргенде, сыртында күтіп тұрмай, Қозы тоқтамастан жолдастарына кете барды. “Әрі” кететін кез келді.
Достарына оралған Қозы, барлығын би алаңына шығарып, өзі назарын уақытша басқа қыздарға бұрды. Бұл Баян сұлудың өсіп бара жатқан маңызын бәсеңсіту үшін жасалған қадам еді.
Бір қараса, Баян да басқа бір жігітпен билеп тұр екен. Қодардың өзі болса керек. Read more of this post

Танысу тағылымы – 1

Танысу

Танысқыш Рустамның басынан өткен бұл оқиғаны танысудың бір әдісі ретінде қарастыруға болады.

Автобустың артқы жағында көріп қалдым бұл сұлуды,  шетелдің еліту шеберлерінің он балдық жүйесімен сырт ажарына жеті бал беруге болар еді. Жақындайын десем алыстау. Көзбен атысып тұрдым бірер секунд. Бақсам, өзін-өзі жақсы күтетін, тартымды киінген сымбатты тән иесі.

Аялдамада бірге түсіп, артынан қуып жеттім де  «Бойжеткен, мені наққа жіберіңізші!” – дедім. Read more of this post

14 қыздан қашық бол!

cулулар

Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар: Read more of this post

Сұлу қыздардың снаряды

Сұлу қыздардың дайын снарядтары болушы еді, сондай тиісушілерге алдын ала дайындап қойған адам бетін бірден қайтаратын қысқа-әрі нұсқа шаблондары болушы ед.

Оны шетелдік плэйбойлар  “Bicth shield” деп атайды. Яғни “Көкбет қалқаны”. Әдемі қыздар,ішінен қанша сыпайы болса да, осындай шақырылмаған танысқыштарға “Көкбет қалқанын” тосады.

Танысқыш тапқыр болса, ол “қалқанды” күшпен емес, табылған әзілмен, не әдептілікпен (кейде әдепсіздікпен) бұзады.

Ең бастысы, қызды біртүрлі күйге ендіру. Қызды күлдіруге, ұялтуға, сөгуге, болады, бірақ қорқытуға, ренжітуге, жылатуға, ызаландыруға болмайды.

Әдетте реакциясын қыздың сөзіне мән беріп емес, қыздың бет-әлпет іс қимылына қарап пішуге болады.


Қыздардың сылтаулары: “Телефоным жоқ!”

Кейбір қыздар телефон сұрағанда түрлі сылтау айтуы мүмкін.

Солардың бірі: “Телефоным жоқ!”

Әрине дұрысы, қыздың сылтау айтуға еш құлқы болмағанын қамтамасыз ету. БІрақ ақыры айтты екен, сүмірейіп кете берме. Read more of this post

Үстінде майкі, бұтында шорты

Менің  жақын досым, жаттығу залынан шығып, атвобусқа отырғанда бір сүйкімді қызды көріп қалыпты.
Жақындайын десе, үстінде майкі, бұтында шорты (асығыс киімін ауыстырмаған болатын), аяғында ескірген кеды…қолында рюкзак. Шашы душтан шыққан соң, ұйпа тұйпа..

Сонда да **қызық болсын, мынадай түріммен әлі ешкімге жақындап көген жоқпын**- деген оймен, әлгі қызға орысшалап,
*Бойжеткен кешіріңіз, менің мына түрім сіздің бір сағаттық айнаның алдындағы еңбегіңізбен салыстырғанда мазақ сияқты көрінеді, бірақ мен сізбен басқа жерде, басқа уақытта, жақынырақ танысқым келеді, телефоныңызды жазып алуға рұқсат етіңізші! – депті.

Жауабын өзіңіз топшылаңыз:)

Қарындас, жеткізіп салайын! немесе Мәшинеде танысу

Менің ойымша, мәшинесі Бентли болса да, терезеден сығалап, дебішке танысайық деген танысудың ең нашар түрі.
Үіңнен шықпай, терезеден көршіңді жекпе жекке шақырғанмен тең.
Қыздың өзі шақырғанға машинаға жақындап, сөйлесуі екіталай /жезөкшелер бұл ережеге жатпайды/ себебі танымайтын адамға бұрылып қараудың өзі сұлу қызға қиындау мәселе.
Егер машинаңнан шығып, адам сияқты жақындасаң, онда екеуің тең дәрежеде боласыңдар да табысу оңайырақ болады. Ал содан кейін үйіне апарып салсаң да болады.
Менің бір танысым, мәшинемен жақындап келіп, ішінен жығып аялдамада тұрған қызға барып сәлемдесіп, танысыпты. Сөйтіп апарып тастайын десе, *жоқ. мен автобуспен барам депті.*
*Қандай автобус?* – десе, *35-ші!* -депті. Сондағы жаңағы баланың тапқырлығы, машинесіне жүгіріп барып, ішінен қағаз тауып алып соған маркермен – 35 маршрут- деп жазып машина терезесіне жапсырып қойып, қайта қызға келіп кеттік, дейді де әлгі – 35 – деген жазуды көрсетеді. Жаңағы қыз оның тапқырлығына риза болып, келісімін берді.

Махаббат азабынан құтыл

Pics.kz Қайтымсыз махаббатқа ұшырап, қосылуға еш мүмкіндік жоқ екеніне көзіңіз жетіп, ол адамды ұмытуға бел байладыңыз. Іске сәт, достым, бірақ…
…Сүйгеніңді ұмыту үшін уақыт керек. Бірақ сол уақытты сары уайыммен өткізуді сізге кім міндеттеді? Read more of this post

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.