Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?
Мамыр 6, 2011 9 пікір

сурет: http://ashimin.ru
Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп “Менің пәленшемді келіп жөндеп бер” деп айтуға қанша жерден дөрекі болсам да, тәрбием жібермейді. Мүмкін оңтүстіктің лыпылдақ варианты дерсіңдер. Өзім де біреудің “әй” жоқ, “шәй” жоқ түн ішінде амандық сұрамастан қара басының шаруасын айта жөнелгенін жақтырмаймын. Тіпті басынан сөз асырмайтын, намысқой жапон халқының өзі де қонаққа иіліп, кішіпейілдігін көрсетеді емес пе? Жапондардың бұл тірлігі батыс әлемі үшін таңсық, экзотика іспеттес болса да, өздері үшін қанына сіңген мәдениет. Read more of this post




![2_5_1[1]](http://kozqaras.files.wordpress.com/2010/01/2_5_11.jpg?w=300&h=199)



(Суреттер төмендегі сайттардан алынды: vesti.kz, www.veer.com, www.fotosa.ru

Жантануға (психологияға) әуесқой болып жүргеніме 8 -жылдың жүзі болды, Нейролингвистикалық бағдарлау (НЛБ) турасындағы еңбектерімен де алғаш танысқаныма 3 жылдан асты. Содан бері көптеген материалдар ақтарылып, көптеген эксперименттер мен сынақтар жүргізіліп, ескі сұрақтарға жауаптар табылып, алдыңғы жинақтаған ақпаратыма, тәжірибеме елеулі өзгерістер, дәлірек айтсам толықтырулар жалғасып жатыр.

Жаңа пікірлер