Қозы мен Баянның хикаясы (жалғасы): Қодар мен Горлум
Ақпан 25, 2010 4 пікір

Басқаша қарасақ…
Ақпан 25, 2010 4 пікір

Ақпан 16, 2010 15 пікір

Танысқыш Рустамның басынан өткен бұл оқиғаны танысудың бір әдісі ретінде қарастыруға болады.
Автобустың артқы жағында көріп қалдым бұл сұлуды, шетелдің еліту шеберлерінің он балдық жүйесімен сырт ажарына жеті бал беруге болар еді. Жақындайын десем алыстау. Көзбен атысып тұрдым бірер секунд. Бақсам, өзін-өзі жақсы күтетін, тартымды киінген сымбатты тән иесі.
Аялдамада бірге түсіп, артынан қуып жеттім де «Бойжеткен, мені наққа жіберіңізші!” – дедім. Read more of this post
Ақпан 6, 2010 5 пікір
Бала кезімде сыр берген екен. Графоманияның бұл түрінің симптомдары. Мендегі. Мысалы, қазір 1997 жылдан бастап, студент кезге дейінгі күнделігім бар. Тартпаның ішінде. Өрт болса да сақталып қалатын темір папкада да бар. Жатақханада тұрғандағы күнделігім де осында.
18 жасар бозбаланың жазғаны 27-жастағы тап өзін ұялтатын кезі де болады екен-ау. Басқа біреу жазғандай. Танымаймын. Кім мынау? Мен бе? Қайда сол ашықтық? Қайда сол батылдық? Шешімділік. Байқадыңыз ба? Адам есейген сайын жылы жерден шықпай, әр нәрсеге шағымданғыш болады екен. Пицца баяғыдай емес, кафелерге мамбеттер жайлап кеткен, кинолардың мәні сұйылып кеткен. Қой, мүмкін емес. Бәлкім, мен өзім шығар, сұйылып кеткен?
Сол ашықтық пен пәк көңілділіктен құтылуға асығып едім кезінде. Енді қол жеткізер емес.
Қаңтар 24, 2010 5 пікір
(жалғасы. басы мына жерде)

– Ақымақ! Бірінші кезеңде-ақ “картоп жарыпсың” ғой! Қателерің оннан асады! – Лёха, менің күнімнің жартысы қалай өткені жайлы әңгімемді тыңдап болып, біртүрлі толқып, мазасызданғандай көрінді. – Ия, қиын жағдай!
- Лидашқа телефон соғуға сол күйі бата алмадым. Дегенмен Ташкеннен туыстарым салып жіберген түйе-жүн көрпенің астында ыстық лимонды шайдан соң ұйқыға кетіп бара жатып, тезірек оянып, оған телефон соғуды армандадым. Оянсам, Read more of this post
Қаңтар 10, 2010 8 пікір

Қаңтар 9, 2010 7 пікір
Брюс Уиллис
55 жаста, актер, Лос-Анджелес
Бала кезімде кекеш едім. Кекеш болғанда, сұмдық — бір сөйлемді аяғына жеткізудің өзі азап болатын… Ал егер сіз кекеш болсаңыз, сіз үнемі қобалжып жүресіз, үнемі сізге санаңыздан тыс бірдеңе кедергі болады. Кісілер де саған сөйлемді аяқтауға көмектескісі келіп ыңғайсызданады, ал сен одан сайын тұтыға түсесің, сондай бір қолайсыз жағдай. Әке-шешемнің бір көмегі, олар менің осы бір кемшілігімді байқамағандай болды. Осындайда біреудің түсініп, аялағаны дертке дәру, жанға шипа болады екен. 
Жаның қысылғанда екі жолдың бірін таңдауға мәжбүрсің: Read more of this post
Қаңтар 9, 2010 14 пікір
Ер жеткен деген қалай?? Ер жеткен ерлер өздерін қалай ұстау керек?
(Суреттер төмендегі сайттардан алынды: vesti.kz, www.veer.com, www.fotosa.ru
Cонымен қатар www.pics.kz сайтына ерекше алғыс білдіремін.)
Жуырда “өзіңізді ересек еркек сезінесіз бе?” деген сұраққа 7 пайыз “ия, сезінем” депті, 33-пайыз “көбіне солай” депті, 40 пайызы ” уақыттың басым бөлігінде олай сезінбеймін” депті, қалған 20 пайызы ” ересек еркек болып сезіну қиынға түсетінін мойындапты. Неге олай?
Неге ерлер өздеріне бақытты, өздеріне сенімді болып ер жетпейді? Жауабы қарапайым. Read more of this post
Қаңтар 5, 2010 14 пікір

Бұл мақала алғаш ерлерге арналған “Максим” журналының 2005 жылғы нөмірінен алынып өңделген. Жалпы еркекке ерсі қылықтар жиынтығы десе де болады:
1. Қызбен жата кету үшін “үйленем” – деп уәде беру западло.
2. Досыңмен қызға таласу, қалыңдығына/әйеліне көз салу западло.
3. Досыңмен бір қолшатырдың астына тығылу западло. Қыз болса бір жөн, ал ер болса, үйткенше екеуің де малмандай су болғаның дұрыс.
4. Карандаш түрси (Стринги мақымындағы ішкиім) кию западло. Мода қуған жақсы ғой, бірақ көтпен мақтануды наққа жібереміз…Еркектің басты қаруы : Білім мен білектің күші!
Read more of this post
Тамыз 8, 2009 Пікір қалдыру

Нейролингвистикалық бағдарлауды дәстүрлі психологтардың көбі “ғылымсымақ” деп атайды. Негізгі себебі, көбінесе НЛБ -рационалдылық пен қисындылық, кезектілік қағидаларымен өзін қатты шектемейді. Барлық нәрсе, алдымызға қойылған мақсат тұрғысынан қарастырылады. Яғни 100 пайыз нәтиже беріп тұрған әдісті шұқылап “неге?”, “қалайша?” деп жатпайды. Игілігіне жаратып жүре береді.
“Жұмыс істеп тұр ма? Болды” – деген қағидаға сүйенеді…
Және адам әлеуметтік мақұлық болғандықтан, бір адамның мақсаты көбіне басқа да адамдардың мүддесімен ұштасып жатады немесе керісінше кереғар келеді. Read more of this post
Тамыз 6, 2009 Пікір қалдыру
Жантануға (психологияға) әуесқой болып жүргеніме 8 -жылдың жүзі болды, Нейролингвистикалық бағдарлау (НЛБ) турасындағы еңбектерімен де алғаш танысқаныма 3 жылдан асты. Содан бері көптеген материалдар ақтарылып, көптеген эксперименттер мен сынақтар жүргізіліп, ескі сұрақтарға жауаптар табылып, алдыңғы жинақтаған ақпаратыма, тәжірибеме елеулі өзгерістер, дәлірек айтсам толықтырулар жалғасып жатыр.
Солардың бірі дәстүрлі жантанудың 4 темпераменті: Сангвиник, холерик, флегматик және меланхолик жайлы түсінігім толысты. Осылардың әрқайсысын өз бойымда модельдеу (көшірмелеу) арқылы сезбеген нәрселерді сезініп, түйсігімнің шекарасы ешқандай психотропты (еліртіп-есіртетін) препараттардың көмегінсіз кеңеюінің куәсі болдым.. Read more of this post
Жаңа пікірлер