Киноталдау – Кристофер Ноланның “Бастамасы” /”Начало” /

Ұйқтасам, өңім екен (с) @satibaldi

2010-жылы шыққан “Бастама” /Inception/ фильмін жуырда ғана қарадым.
Спецәсерлері үйлесімді, мықты. Сюжеті бұралаңқы, күмән күдік дәмдеуіштері қосылған, көзі тірі біртуар генийлердің бірі ұлы композитор Ганс Циммердің керемет дыбысты композицияларымен әрленген, былай қарасаң қай жағынан да жан жағы жұмыр сәтті шыққан ғылыми фантастика. Көбіміз Дикаприоның драматикалық диалогтар («Ромео мен Джульета») мен көзіне жас алып сөйлейтін көріністерді қатырып ойнайтынын “Титаник”,”Өзгерістер соқпағы” фильмдерінен хабардармыз, және реті келсе сабырдан аттап айғайлап жіберетін есерсоқ азарттылығын да сол баяғы «Өзгерістер соқпағы» мен «Авиатордан» көрдік.
Бұл жерде де Дикаприо драмматикалық рөлін өз деңгейінде ойнай білді. Сюжеттік қатары шытырман, қызықты, алғашында күрделі көрінгенімен біртіндеп кейіпкерлермен бірге хикаяның қыр сырларына қанып, түстің терең әлеміне бойлағандай әсерде боласың. Read more of this post

Арқаңды қоздыратын кино үзінділер хитпарады

Адам деген нәзік нәрсе ғой, шіркін. Мойыннан алмаспен бір сипасаң қата қалады, хехесс..Жә, қара әзілді қойшы. Қандай мықты болсаң да, сағың сырқырап, сынуға шақ қалған кездер болады. Тұз-Қант-Тұз-Қант -Өлім.
Бірақ қиыншылықта бірден өлім туралы ойлап, өзіңді өзің аяп, мұрныңның боғын жеңіңе жағып сорың қайнап, сормаңдай күйге түсетін кездерде де ішіңде бір жігердің нышаны қалғаны жақсы. Мейлің еркек бол, мейлің әйел бол қайғыдан қажып, берекесіз тірліктен тәлтіректеп қалған кездері кейде біреудің бір ауыз сөзі алға басуға жігер беретіні бар ғой.

Ұзын сөздің қысқасы, арқа қоздыратын фильмдерден үзінділермен бөліскім келеді.
Аудармасы астында. Субтитра қоса алмадым. Айыпқа бұйырмаңыз. Өздеріңізге ұнайтын сондай фильмдер болса бөлісе отырыңыздар. Read more of this post

Біреу сөзіңді сөйлесе…

Перизат Мырзахметтің төмендегі жүрегінен шыққан жазбасымен біреуің келісерсің, біреуің келіспессің.
Бірақ шындығы сол, өз басым осындай сапалы сын мен жазбаға өте жоғары баға бердім. Және өздеріңмен бөліспеуді сараңдық көрдім.
Бұл жазбаны неғұрлым көп адам оқуы керек деп білемін. Read more of this post

Еліктегіш елміз деп кім айтты?

Қай қазақтың аузында да: Қазақтар еліктегіш, қазақтар көргенін істейді, қазақтар көшіруден шебер! —деп мыңқ-мыңқ етіп, қолды бір сілтеген жалқау сын бар екені өтірік емес.

Ау, еліктеу деген шыр етіп жерге түскен кез келген баланың  бүкіл өмірі ғой. Адамзат еліктеу және көшірмені жетілдіру арқылы жаңа дәуірге аяқ басып отырған емес пе? Кеше ғана өз алдына ел болған қазақтар осы орайда кішкентай сәбиден несі артық?

Бірақ, қарап отырсам, керісінше біздікілер “еліктегіш”, “көшіргіш дегеннен гөрі”, “көшіруді қатыра алмайды” деген дұрыс болар. Көшіруді АҚШ, Ресей, Жапон елдері қатырады бір бірінен. Сосын Қытай елі мықты көшіре біледі. Ал мына елдің көшірмесі көбіне шала шығады.
Көшіру – деген жаман құбылыс емес шеберлікпен жасалса, бұқара халықтың қолдауына ие болса. Көшіру арқылы, тәжірибе бөлісу, еліктеу арқылы бала жетіледі, ел жетіледі, адамзат өркениеті дамиды. Глобализацияның қозғаушы күші көшіру.

Көшірсек те түпнұсқасынан кем көшірмейік. Мәселе сонда ғой. “Аянышты көшірме” болғанша, “жетілдірілген қазақша нұсқасы” болған керемет емес пе?

Брюс Уиллистің өмір заңы…

Брюс Уиллис
55 жаста, актер, Лос-Анджелес

Бала кезімде кекеш едім. Кекеш болғанда, сұмдық — бір сөйлемді аяғына жеткізудің өзі азап болатын… Ал егер сіз кекеш болсаңыз, сіз үнемі қобалжып жүресіз, үнемі сізге санаңыздан тыс бірдеңе кедергі болады. Кісілер де саған сөйлемді аяқтауға көмектескісі келіп ыңғайсызданады, ал сен одан сайын тұтыға түсесің, сондай бір қолайсыз жағдай. Әке-шешемнің бір көмегі, олар менің осы бір кемшілігімді байқамағандай болды. Осындайда біреудің түсініп, аялағаны дертке дәру, жанға шипа болады екен. Брюс1

Жаның қысылғанда екі жолдың бірін таңдауға мәжбүрсің: Read more of this post

Киноталдау: "123-ші пойыздың қауіпті жолаушылары"

“Сен таңертең шұлығыңды киіп жатып, күніңнің осылай аяқталатынын білмедің ғой, айтшы?”

Тапаншасы қолынан түспейтін Джон Траволта

Бірден айтайын, бұл киноны Джон Траволта үшін көрдім. Режиссер  Ридли Скоттың “братаны” Тони Скот (“Мемлекетке жау”, “Домино”) екенін білгенде психологиялық қысым, қуғын, әсерлі кадрлар болатын шығар деп күттім. Бұл филм 70-жылдардағы аттас фильмнің кино-ремейкі, яғни қайта жаңғыртылуы деп естігенмін. Негізі римейк жасауды жай коммерциялық ниеттен туған, далбаса идея деп ойлайтынмын. Және көбінесе солай болып шығатын. Бірақ бұл фильм сәл өзгешелеу екен.

Нью Йорк қаласының метро қызметкерлерінің бірі (Д. Вашингтон) кезінде әжептәуір басшылық қызметіне дейін көтеріліп, кейін “пара” алды  деген кінә тағылған соң қызметінен уақытша босатылып, бірақ қылмысы дәлелденбегендіктен іс аяқталғанша диспетчер жұмысын атқарып жүр. Түрмеге қамалмағанмен, бүкіл абыройынан айрылып, жұртың өзіне бағытталған қиқар-қыршаңқы сөздерінен қорлық көріп жүр.

Содан қызық, айдың түні аманда метроға белгісіз қылмыскер тобы еніп кетіп, жолаушыларды кепілдікке алып, бірнеше сағат ішінде 10 000 000 доллар 1 цент ақша талап етеді. Read more of this post

Квентин Тарантиноның басқаша көзқарасы: "Биллиард қуып сандалмаймын"

Судай аққан қан мен ұнтатылған сүйек, езілген ет пен  шашыраған ми сияқты көріністерге толы фильмдерді қоюға құмар, ерекше талантты режиссер, актер – Квентин Тарантиноның  Esquire журналында өзінің өмірге деген көзқарасымен бөліскен жерінен үзінді келтірілген.

Квентин Тарантино

Туылған жылы: 27 наурыз 1963 ж,

АҚШ, Лос Анжелес қаласында тұрады.


Ірі жігіттің біріЕгер мен суретші болмағанда, мен поштада жұмыс істемес едім, немесе сегіз сағаттық қызмет атқаруым екіталай еді. Білмейм, онда алаяқ болатын шығармын.   Сөйтіп, өмір бақи экономикалық қылмыс бөлімінің жігіттерінен қашып жүрер едім.  Қаранәсілді болмағаным үшін өкінгенде емес мәселе, жай, солай болып қалды —  мен өскен ортада қаранәсілділер көп болатын. Егер сіз Францияда туылған болсаңыз — сіз французша сөйлеп, французшаның барлығын жақсы көресіз. Ал мен қаралардың арасында өстім. Менің жасы үлкен жолдастарымның бірі Орделға ұқсайтын (“Джеки Браун” фильміндегі қару сатушы — ред.). Ол енді, адам өлтірген жоқ, әрине, бірақ небір астыртын тірліктерді іске асырды.

Биллиард қуып сандалмаймын. Покер де ойнамаймын. Спорттық ойындарды тамашалауға да бармаймын. Маған спортты теледидардан көрудің өзі бір азап. “Доджерлардың”  (Лос Анджелестегі басты баскетбол командасы-ред.) ойынына баруым мүмкін енді, себебі ол жерде ойыннан гөрі  сыра ішіп, жамағатпен қауышу маңыздырақ.  Менің бір түсіне алмайтыным, Read more of this post

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.