Сыйлы жігіт болудың 8 шартты

Beu.kz – сайтына ағылшын тілінен аударылып жарияланған мақаланың аты  осылай екен. Құпия бір амалдары бар ма екен деп қарасам, көбі Конфуцийдің жасынан да үлкен айта-айта жауыр болған көрегөз шындықтар санатынан екен. Дегенмен, мақала оған қарамастан жеңіл, және расында да сапалы. Саған бұл мақала маған әсер еткендей әсер етсе, тек қуанар едім.

Мақала толығымен мына жерде!

Фриманомания

2009-дың аяқ жағында Freeman  (Еркін адам)- деген аноним блоггердің  бейнеқатары шыға бастады. 2010-шы жылы сәуір айында әлемдегі бейнеблогтардың ең үздігі мәртебесіне ие болған ол Рунетте және орыс тілді Қазнетте ең тез және кең тараған анимовирус ретінде танылды.  Оның  кім екенін, немен қосып жеп, тышқанда немен сүрту керек екендігін Гугл ағаларыңнан сұрарсыңдар.  Төменде ең алғашқы монологының қазақша аудармасын оқысаңыз болады: Read more of this post

Мағынасыз блог бола ма?

Баналды логика тұрғысынан қарағанда бірде бір блогтың мәтіні “мағынасыз” деп айта алмаймын,  әркім өзінің қандай да бір жазбасына белгілі бір мақсат қояды, мейлің ол “мен осындай ақылдымын” деп мақтану болсын, мейлің ол “мен осындай дөрекі әрі өжетпін” деген месседж болсын, әйтеуір бір мақсатпен жазады. Ешкімге қызық емес блог болмайды деп білемін. Тіпті мына блогтың да біреу үшін мәні бар:  http://www.govnoblog.ru/ Read more of this post

Үстінде майкі, бұтында шорты

Менің  жақын досым, жаттығу залынан шығып, атвобусқа отырғанда бір сүйкімді қызды көріп қалыпты.
Жақындайын десе, үстінде майкі, бұтында шорты (асығыс киімін ауыстырмаған болатын), аяғында ескірген кеды…қолында рюкзак. Шашы душтан шыққан соң, ұйпа тұйпа..

Сонда да **қызық болсын, мынадай түріммен әлі ешкімге жақындап көген жоқпын**- деген оймен, әлгі қызға орысшалап,
*Бойжеткен кешіріңіз, менің мына түрім сіздің бір сағаттық айнаның алдындағы еңбегіңізбен салыстырғанда мазақ сияқты көрінеді, бірақ мен сізбен басқа жерде, басқа уақытта, жақынырақ танысқым келеді, телефоныңызды жазып алуға рұқсат етіңізші! – депті.

Жауабын өзіңіз топшылаңыз:)

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.