Білгішбекке қалыңдық болсаң…

Бір-біріне ғашық жұп көше бойын кезіп, серуендеп келеді. Жігіт білімді, жан-жақты жоғары талғамды, оқығаны көп болатын. Қыз нәзік жанды, оқымысты болмаса да,  мінезі жайдары, өзі әсершіл.

Қыз: Мына үй сондай әдемі!
Жігіт: Қай жері әдемі? Төбесі шодырайған, жаны одырайған…

—  Қойшы тіптен, әп әдемі-ақ қой!

—Мына үйді “әдемі” деп айту үшін адамда қандай азғындалған талғам болу керек? Есігін қарамайсың ба?

— Жарайды, келістік бұл жаман үй. Ал менде қазақша КВН-ге билеттер бар!

—Қазақта қайбір КВН бар дейсің, жалпақ әзілді номерлерін тықпалай береді. Одан да кинотеатрға барайық, сен  “Алиса Ғажапстанда” киносын көрдің  бе?

— Жоқ , көрмедім. Бірақ мен қазақша КВН-ді со-о-ондай күтіп едім:(

—Қойш, мәмбеттер сияқты соған барып, күлкілі емес түк те!

—Онда Орда тобы келед, сол жігіттер күшті билейді!

—Қхм, негізі бидің патшасы Майкл Джексон саналады.  Қалғандары соған еліктеген қыртымбайлар…

— Шынында да солай екен-ау. Ақылдым сол, маған ана балмұздақты алып берші!

— Жоқ-жоқ, ол балмұздақтың құрамында 0,0001пайыз канцероген бар, зиянды эмульгаторлар, тстендргш, дмдеуштер бар,  сонымен қатар одан адам семіріп кетеді.. Сен оны жеп салқындаймын деп ойласың, бірақ нәтижесінде керісінше болады. Өйткені,  сенің  ішіңе барған балмұздақты еріту үшін, сенің ағзаң қосымша жылу бөлуге тура келеді, сөйтіп кейін одан бетер ыстықтап кетуің мүмкін. Ең  дұрысы, күн ыстықта диеталық сода ішу керек…

Қыз:  :-(

Бір кездесу туралы (классика)

Сүйікті

Сол кеште мен “Комеди Франсезде” жалғыз болмадым. Сол бір  “Мольерді” беріп жатқан, бір-ақ өте сәтті. Иран ханшайымы рахаттана күліп жатты; Робер Кемп шын ләззат алып жатқандай болды. Поль Леото ел назарын өзіне ұйытып тұрды.

Қасымда отырған бикеш күйеуінің құлағына: Телефоннан Клемансе апайға Леотоның өзін көрдім деп айтамын, мәз боп қалатын шығар,” — деп сыбырлады. Read more of this post

Қозы мен Баянның хикаясы (жалғасы): Қодар мен Горлум

(Жалғасы. Басы алдыңғы жазбада)
Қодар мен Горлум-1
Қасында тұрып-ақ ҚозыКөрпеш мұжықтардың Баянға ашкөздене қарап тұрғанын байқады. Барлығы оның әрі кеткенін күтіп тұрғандай, барлығы ішінен қап “мына жігіттің бетін қайтарса екен” деп ойлап тұрғандай болды.
Қозы оны сезіп тұрса да,  үнемі Баянның қасынан қалмай, артынан ерген аш күшіктей жүгіргісі келмеді. Баян дәретханаға кіргенде, сыртында күтіп тұрмай, Қозы тоқтамастан жолдастарына кете барды. “Әрі” кететін кез келді.
Достарына оралған Қозы, барлығын би алаңына шығарып, өзі назарын уақытша басқа қыздарға бұрды. Бұл Баян сұлудың өсіп бара жатқан маңызын бәсеңсіту үшін жасалған қадам еді.
Бір қараса, Баян да басқа бір жігітпен билеп тұр екен. Қодардың өзі болса керек. Read more of this post

14 қыздан қашық бол!

cулулар

Бақытты болу сенің де

Аялаған арманың,

Мәшине, зәулім үйің не?

Басқаша болса талғамың…

Бола бер мейлі қас батыр,

Жыға бер мейлің талайды,

Сені де бір күн әйелдің

«Кіршіксіз» қолы қармайды,

Тағдырлық іске шараң не,

Жетекке еріп кетесің,

Түсіңе кірмес әйелмен,

Өңіңде өмір сүресің…

Басыңа бақ боп қонатын

Жалғыз ғана қызың бар.

Маңдайдың соры болатын,

Он төрт басқа құрбың бар: Read more of this post

Қарындас, жеткізіп салайын! немесе Мәшинеде танысу

Менің ойымша, мәшинесі Бентли болса да, терезеден сығалап, дебішке танысайық деген танысудың ең нашар түрі.
Үіңнен шықпай, терезеден көршіңді жекпе жекке шақырғанмен тең.
Қыздың өзі шақырғанға машинаға жақындап, сөйлесуі екіталай /жезөкшелер бұл ережеге жатпайды/ себебі танымайтын адамға бұрылып қараудың өзі сұлу қызға қиындау мәселе.
Егер машинаңнан шығып, адам сияқты жақындасаң, онда екеуің тең дәрежеде боласыңдар да табысу оңайырақ болады. Ал содан кейін үйіне апарып салсаң да болады.
Менің бір танысым, мәшинемен жақындап келіп, ішінен жығып аялдамада тұрған қызға барып сәлемдесіп, танысыпты. Сөйтіп апарып тастайын десе, *жоқ. мен автобуспен барам депті.*
*Қандай автобус?* – десе, *35-ші!* -депті. Сондағы жаңағы баланың тапқырлығы, машинесіне жүгіріп барып, ішінен қағаз тауып алып соған маркермен – 35 маршрут- деп жазып машина терезесіне жапсырып қойып, қайта қызға келіп кеттік, дейді де әлгі – 35 – деген жазуды көрсетеді. Жаңағы қыз оның тапқырлығына риза болып, келісімін берді.

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.