Сұлу қыздардың снаряды

Сұлу қыздардың дайын снарядтары болушы еді, сондай тиісушілерге алдын ала дайындап қойған адам бетін бірден қайтаратын қысқа-әрі нұсқа шаблондары болушы ед.

Оны шетелдік плэйбойлар  “Bicth shield” деп атайды. Яғни “Көкбет қалқаны”. Әдемі қыздар,ішінен қанша сыпайы болса да, осындай шақырылмаған танысқыштарға “Көкбет қалқанын” тосады.

Танысқыш тапқыр болса, ол “қалқанды” күшпен емес, табылған әзілмен, не әдептілікпен (кейде әдепсіздікпен) бұзады.

Ең бастысы, қызды біртүрлі күйге ендіру. Қызды күлдіруге, ұялтуға, сөгуге, болады, бірақ қорқытуға, ренжітуге, жылатуға, ызаландыруға болмайды.

Әдетте реакциясын қыздың сөзіне мән беріп емес, қыздың бет-әлпет іс қимылына қарап пішуге болады.


2009-ға әбид жоқ, шешессс…

159

  • Ешқандай есеп жоқ, ризамын 2009-ға.
  • Шүкір ғой шүкір, Ғаламбасымыздың әділ әрі көреген саясатының арқасында, аман есен 2010-ға жеткенім үшін ризамын!
  • Әке-шешемнің ауырмай сырқамай жүргендігі үшін разымын.
  • Өмір жайлы, өткен кеткен қателіктер жайлы ойландырғаны үшін мың алғыс!
  • Шын бауыр мен нағыз достың қадірін тағы да түсіндіргені үшін ырзамын!
  • Мені болашақ жарыммен жүздестіргені үшін де ризамын!
  • “Аватар” деген кино үшін рахмет!
  • Солай.Де сайтымен жақын достастырғаны үшін, блогосферамен таныстырғаны үшін мың респект!
  • Жастар.Біз-дің дүниеге келгені үшін уважуха!
  • Ағарыс інімнің дүниеге келгені үшін шүкір!
  • Диагональды қарама-қайшы блогтардың әр түрлі мазмұнынан әртүрлі эмоция алғаным үшін, Уордпресс платформасына рахмет. Сонымен қатар,
  • Ербол, Гиена (Елбуз), Апербақан, Көңілді, Ханша, Арғынқыз, Біреу2009, Сатыбалды (;-)), Аршат Оразов, Ерлан Оспан, Нақұрыс, Есалаң, SeXen, Маратхан, ҒАрфилд, Шыназ, Амандық, СаянҮш (!), Малика (Венера Касымова) ,Тойбик (Ботақан- АтиллаКыЗ (Долорес), Қалдықыз, Ақұдай (Сакен), Бальзаминка (Синдерелла), Салтан (Алтын), Сержа, Ай-шешек, Базарайгүл, Жасмин (Райхан), Айко (ШатаҚ), Симона -Сымбат:), Қилеке (Қилызаман), Патик, Қосекең, Пандора, Альмира, Бейбарс, Кендебай, Біржан, Х-Мырза, Айсұлтан, Айдос, Аспан (Ертай), Меркурий, Маке, Карнивор (Тупак Амару), Нұрғиса, Айна-Мекен, Балғырған, Итатпас (АЗАМАТ), Сакен Спб. деген адамдармен таныстырып, әр қайсысынан бірнәрсе үйренгендігім үшін мың-гуглоплекс алғыс!
  • Қарадомалақтың маған берген мінездемесі үшін ризамын.
  • Алматыда “давай!” десең блоггер қыздарды жинап әкелетін қонақжай Ақзереден айналдым!
  • Алматыға бір келіп, мені шақыруды ұмытпаған Русланнннға ризамын.
  • Мейірімділігі сақалынан ұзын Асхатқа ризамын!
  • Ақтөбеде салқын сырасымен, жылы жүзімен күтіп алған Батыстық елден ерек блоггерлерге ризамын!
  • Астаналық Солайшыларға ерекше құрмет.
  • Биыл мықты материалдық моральді қолдау берген әпкеме ризамын.
  • Пішін мен форма деген философиялық ұғымдарға басқа қырдан қарауды үйретіп, эвфемизм мен табуизм терминін жете түсінуіме себепші болған Дәруішөлген сыбайлас командасына ризамын.
  • Вадим Зеландқа ризамын. Кітабы үшін.
  • Ақ халатты абзал жандарға ризамын.
  • Аяғыма рахмет, қанша километр менің денемді тасымалдап бір сыздамай қызмет еткені үшін.
  • Көзіме ризамын, нешетүрлі ғажайыпты көргенім үшін.
  • Евровидениеге ризамен Александр Рыбактың ең үздік әні Fairytale- мен таныстырғаны үшін.
  • Тозып кеткен жасыл курткама ризамын, осы уақытқа дейін маған қызмет етіп, суықтан желден қорғап келгені үшін.
  • Компьютерімнің клавасына ризамын жазған бәлемнің барлығын өзгертпестен сендерге жекізіп отырғандығы үшін.
  • Итке, құсқа, ауаға, әлемге бәріне ризамын, бір жылда қанша адам өліп, қанша адам келмеске кеткеніне қарамастан, тап сол таң ғажайып тепе теңдік күйін сақтап тұрған өмірге ризамын!

Западло! Жігітке ерсі қылықтар

Бұл мақала алғаш ерлерге арналған “Максим” журналының 2005 жылғы нөмірінен алынып өңделген. Жалпы еркекке ерсі қылықтар жиынтығы десе де болады:

1. Қызбен жата кету үшін “үйленем” – деп уәде беру западло.

2. Досыңмен қызға таласу, қалыңдығына/әйеліне көз салу западло.

3. Досыңмен бір қолшатырдың астына тығылу западло. Қыз болса бір жөн, ал ер болса, үйткенше екеуің де малмандай су болғаның дұрыс.

4. Карандаш түрси (Стринги мақымындағы ішкиім) кию западло. Мода қуған жақсы ғой, бірақ көтпен мақтануды наққа жібереміз…Еркектің басты қаруы : Білім мен білектің күші!
Read more of this post

Қиблоггерлер 2

Қарыспайтын мүлде жағы,
Қырта берер тағы-тағы,
Муза кірмей түсіне
Ашылмай жүр оның бағы.
Күнделікте жазулар,
Күнделікті жаңарар,
Бұл қай мыжың жазбагер??
Бұл қиблогер -ардагер!! Read more of this post

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.