Болмай қалған миллионер

2000-шы жылдардың басы еді.

— Апиратыр зәрідите!— Қайсар екі мың теңгелік купюраны екі саусағымен маңғаздана белінде сөмкесі бар жас қызға ұсынды. Оның даусынан өз өмірінің қожайыны екені сезілді.
Біраз уақыт өткен соң, Қайсардың даусы тағы да шықты.
— Апиратыр зәрідите! — Бұл жолы да екі мың теңгенің көк қағазы. Көзі алаудай лаулап, азартқа шопағынан малынған Қайсар бір қолында көпіршіген “Жигули”, бір қолында будақтаған “Парламент”.
Өстіп күн, кеш, түндер өтіп жататын. Кейде ұтып алған ақшасына Саинаға барып, бел босататыны болмаса, көбіне күннің аяғы былай бітетін. Read more of this post

Қабылдау

Егер “адам” деген мақұлықтың ішкі-сыртқы-психикалық құрылысына қызықпасаңыз төмендегі жазу да сіз үшін қызық бола қоймасы анық. Келесі бір әзіл ме, киноталдау не оқиға жазғанымды күтуіңізге тура келеді.
Жалпы қызық дүние емес. Жай ағымдағы ойлар.
Адамның санасына, кіші-үлкен әлеуметтік топтардың атмосфералық факторларына, динамикасына,  құбылыстарға айдар таға салатын әдетім бар. Адамның ішінде ұйықтап жатқан түрлі қасиеттер мен потенциалдарды байқасам, адамның организмі – жатқан құпия екендігіне тағы да тәнті боламын. Менің қуанышыма ондай адамдар жиі кездесті.

“Организмі” дегенде мен оның тек денесінің ғана мүмкіндігі емес, санасының және бейсанасының да мүмкіндіктерін де айтамын. Read more of this post

Блоггердің әнұраны: Жаз, жаз, жаз, жа-а-аз!

блогер

***
Ішетұғын “виноңды” жаз,
Көретұғын киноңд жаз,
Мысығыңд жаз, итіңд жаз.
Дамбалдағы битіңд жаз.
Елде жағдай дағдарса,
Жылап өксіп соныңд жаз. Read more of this post

Четвергандрей фон-Марковик : “Ақтөс” феномені

(Болмаған оқиға желісімен)

Жексенбі күні. Ескі мәдениет үйінің залында ине шаншар орын жоқ. Кент әкімі Антуан Шәріп кенттегі барлық мекемелердің бастықтарына бүгін өткізілетін ашық кездесуге түр-түс, ұлт-дініне қарамай белсенді азаматтарды осында жинап әкелуді тапсырған болатын.

Ресми жиналыстан шаршаған халыққа бұл іс-шараның алдағы ешбір сайлауға, партия саясатына қатысы жоқ, ешқандай үгіт-насихат акциясы емес екендігін жеткізуді бұйырды.

Read more of this post

Әдіре-налин


Бұл оқиғаны Насрулла ешуақытта ұмытпайды.

Ол бұл кезде небары 20 жасар кеше ғана университет бітірген жас маман еді. Қолында умаж-умаж “Из рук в руки” газеті, әр жерінде маман іздеген мекемелердің көкпен сызып, қоршап қойған телефондары …
Түсініксіз бір колледждің, түсініксіз факультетіне жаңа ғана мұғалім болып, 7 мың теңге айлық жалақыға тұрған кезі. Соның 4000 теңгесіне жаңа жұмысын әріптестеріне жуып жатқан еді. Read more of this post

Құпия білім

52000 жыл бұрын.

—Ойбай, ау, сиқыршы Иңуа, мен билікке талассам, қара қариялар кеңесі не дейд? Көсемге қастандық жасасам , бүкіл Змубду халқы мені тас атқылап, Айхуаға батырады ғой!!

— Сен қара қариялар кеңесінің бар айтқанын жасайтын боласың, бой десе бойың, ой десе ойың бар. Сөзге де шешенсің. Read more of this post

Үміті үзілмейтін Ібіліс


«Вот, Я посылаю вас, как овец среди волков: итак будьте мудры, как змии, и просты, как голуби»

(Евангелие от Матф.10:16).

Қабдыжәлел жезөкшелікті заңдастыруға қарсы еді. Мүлде қарсы еді. Ол не деген сұмдық? Қарындастарымыз! Қаракөздерімізді қалай бүйтіп…! Жоқ! Абылайдың кезінде мұндай сұмдық болмаған! Мұны құртқан Еуропа! Батыс! Қарғыс атқыр батыс!

Осындай ойлар үзілді кесілді қырық қатпар бетін жүйкесі тозған есалаңдарша тыржың тыржың еткіздірді.

Өзі сол көшеден өте бере көзі бір сұлуға түсті…

—Жұмыс жасаймыз ағашка. Read more of this post

Өзіңмен өзің сөйлесу

Саны екеуден кем адамдардың өзді-өзі сыбдырласып сөйлесуіне көптеген себептер мен жағдайлар әсер болуы мүмкін.

КӨШЕДЕ

—”Блютуз” қосып, “хэндз-фри” гарнитурасы арқылы құлағына бір бәлені қыстырып алып, әлдебіреумен сөйлесіп келе жатқан адам, техникадан мақұрым мамбетке өзімен өзі сөйлесіп келе жатқандай көрінуі мүмкін. Read more of this post

Әйел VS Еркек: көнермейтін 10 дәйек

Кез-келген форумда немесе пойыз купесіндегі әңгімеде әйел мен еркектердің үйлесімділігі, әйел мен еркектің қарым-қатынасы туралы сөз болғанда бір мәселенің түйіні шешілмесе немесе оппонентің сөзі біреудің жамбасына батып кетсе, бірден жалпы жынысаралық боқжағысқа ұласып, жан жақтан қалың қол жиналып,  пікірталас бақылаудан шығып кететін кездерінің куәсі боп тұрамыз.

Төменде сондай “Кім прав?”, “Кім бастық?”, “Кім ақылды?” деген сияқты мәңгі бітпес тақырыптарда сексисттердің, типі “нағыз еркектердің”, топас қаншықтардың, кейде жай ғана ашулы әйелдер мен еркектердің қарапайым қол жетімді қарулар ретінде пайдаланылатын дәйектері. (сурет көзі: multimedia.dombass.ua) Read more of this post

Саудагер 2: Қанды кек

Өрімталдың “Саудагер” деп аталатын кейінгі мақаласы есіме басымнан өткен бір жайды түсіріп жіберді.

Алматыда жұмыс істеп жүрген кезім. Жұмыстан өте кеш шығып, тоңазытқышты ашсам дым жоқ. Дүкендердің барлығы жабық болған соң асқазаным ұлып, жақын маңдағы 24 сағаттық дүңгіршекке беттедім.
Барсам, есігі ашық. Қуанып кетіп ішке кірсем, “Есеп айырысып жатырмыз, ештеңе сатпаймыз!” – дейді. Read more of this post

Бір кездесу туралы (классика)

Сүйікті

Сол кеште мен “Комеди Франсезде” жалғыз болмадым. Сол бір  “Мольерді” беріп жатқан, бір-ақ өте сәтті. Иран ханшайымы рахаттана күліп жатты; Робер Кемп шын ләззат алып жатқандай болды. Поль Леото ел назарын өзіне ұйытып тұрды.

Қасымда отырған бикеш күйеуінің құлағына: Телефоннан Клемансе апайға Леотоның өзін көрдім деп айтамын, мәз боп қалатын шығар,” — деп сыбырлады. Read more of this post

Анаға тілек

Сол баяғы ескі күнделігімен копипасталап отырмын.

***
Қызық екен көз жүгіртсең дүние-фәни,
Кеше ғана іңгәлаған балаң сәби, Read more of this post

Досыма

Слова не облегчат,
теперь,
Страданий,
горестных потерь,
И не разгладят навсегда,
Твоих морщин. Read more of this post

Әлемді қазақша “сөйлетеміз” бе?

2ktv

Ахмет Байтұрсыновтар “бисмилласын” бастаған батыстың әдеби сығындысын аударушылардан халқымыз кенде емес. Сөйте тұра, ауыз толтырып, бүкіл әлем әдебиетінің флагманы есептелетін туындылардың тәржімаларын көптеп  таба алмаймыз. Орыс тілінің кеше шыққан шетел газетін бүгін аударып, бастыртып әкелетін аудармашылары мен баспасының қарқынымен салыстыруға келмейді!

Әдеби көрнекі аударма жасау әрі қиын, әрі бізде аса бағалана бермейтін іс. Тіпті кейбіреулер ағылшыннан аударса да, орысшадан аударуға жиренетін секілді. Дегенмен, түпнұсқадан оқитындар орысша, ағылшынша, жапонша оқып алып жүре берсе, қазақ тілін ғана білетіндер шетел классикасына қолы жете бермейді, барына базар, жоққа сот та жоқ. Сондықтан, көпшілік “оқы, оқы және оқы…оқымасаң маған “поқы” деген ұстанымда. Read more of this post

Ал егер қоймаса ше? (с)

Нұрғиса сәлем!

Ақзере,  Асхат, салем   құрметті эксперимент пен эстафета сүйер оқырмандарым, жақсы өте жағдайым. Неге? Жәй. Сынақ ғой. Ненің? Стилдердің. Талғампаздық. Айнаның алдындағы он сегіз жасар тәлпіш қыздар сияқты. Перфекционист дедің бе? Дәл өзі.

Қашай берем, сипай берем, сырлай берем. Шықпайынша көңілімнен. Комплекс. Бұл да бір құдай атқан. Толымсыздық кешенінің  бір түрі де шығар.  “Жүрген жеріңде үздік болмасаң, онда лохсың” қағидасы.  Өте бір жауыз қағида. Read more of this post

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.