Кішіпейілдік жағымпаздықтың белгісі ме?

сурет: http://ashimin.ru

Нарықтық заманда, әлденені біреуге ақша беріп жасатып, адамдарға потребляттық көзқарас қалыптастырып алған жоқпыз ба осы? Біреуге өтініш айтып отырып, ол құдды маған қарыз сияқты, дікеңдеп “Менің пәленшемді келіп жөндеп бер” деп айтуға қанша жерден дөрекі болсам да,  тәрбием жібермейді. Мүмкін оңтүстіктің лыпылдақ варианты дерсіңдер. Өзім де біреудің “әй” жоқ, “шәй” жоқ түн ішінде амандық сұрамастан қара басының шаруасын айта жөнелгенін жақтырмаймын.  Тіпті басынан сөз асырмайтын, намысқой жапон халқының өзі де қонаққа иіліп, кішіпейілдігін көрсетеді емес пе? Жапондардың бұл тірлігі батыс әлемі үшін таңсық, экзотика іспеттес болса да, өздері үшін қанына сіңген мәдениет. Read more of this post

Көз тию туралы ой

Көз тию, тіл тию, бұтақ тию деген қыртыған әңгіме.
Сәтсіздік кез келген адамның өмірінде болады. Мейлің тұмар ретінде қасқырдың тасын мойныңа кептіріп байласаңда. Құранның PDF версиясын флэшкаға салып тақсаңда ауырмайтын адам жоқ, кез келген адам ертелі кеш ауырады. Өліп те қалады. Read more of this post

Тұмар қалай көмектеседі?!

тұмар

Бойтұмардың (Талисман, амулет, апотропей, оберег) қай дін, сенім-наным болмасын, бәле жәледен, сәтсіздіктен, көз бен тілден сақтайтын, қуат беретін күші бар деп сенеміз. Алайда, шын мәнінде бір қағаз, біртүйір мал сиіп тастаған топырақ, не тасбақаның боғы ешқандай күшке ие емес. Read more of this post

Арқаңды қоздыратын кино үзінділер хитпарады

Адам деген нәзік нәрсе ғой, шіркін. Мойыннан алмаспен бір сипасаң қата қалады, хехесс..Жә, қара әзілді қойшы. Қандай мықты болсаң да, сағың сырқырап, сынуға шақ қалған кездер болады. Тұз-Қант-Тұз-Қант -Өлім.
Бірақ қиыншылықта бірден өлім туралы ойлап, өзіңді өзің аяп, мұрныңның боғын жеңіңе жағып сорың қайнап, сормаңдай күйге түсетін кездерде де ішіңде бір жігердің нышаны қалғаны жақсы. Мейлің еркек бол, мейлің әйел бол қайғыдан қажып, берекесіз тірліктен тәлтіректеп қалған кездері кейде біреудің бір ауыз сөзі алға басуға жігер беретіні бар ғой.

Ұзын сөздің қысқасы, арқа қоздыратын фильмдерден үзінділермен бөліскім келеді.
Аудармасы астында. Субтитра қоса алмадым. Айыпқа бұйырмаңыз. Өздеріңізге ұнайтын сондай фильмдер болса бөлісе отырыңыздар. Read more of this post

Болмай қалған миллионер

2000-шы жылдардың басы еді.

— Апиратыр зәрідите!— Қайсар екі мың теңгелік купюраны екі саусағымен маңғаздана белінде сөмкесі бар жас қызға ұсынды. Оның даусынан өз өмірінің қожайыны екені сезілді.
Біраз уақыт өткен соң, Қайсардың даусы тағы да шықты.
— Апиратыр зәрідите! — Бұл жолы да екі мың теңгенің көк қағазы. Көзі алаудай лаулап, азартқа шопағынан малынған Қайсар бір қолында көпіршіген “Жигули”, бір қолында будақтаған “Парламент”.
Өстіп күн, кеш, түндер өтіп жататын. Кейде ұтып алған ақшасына Саинаға барып, бел босататыны болмаса, көбіне күннің аяғы былай бітетін. Read more of this post

Балуан Шолақ 816 кг-ды көтерді дегенге сенесіз бе?

Бұл күнде 35-те менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын…

Депті палуанның өзі, бірақ Read more of this post

Сыйлы жігіт болудың 8 шартты

Beu.kz – сайтына ағылшын тілінен аударылып жарияланған мақаланың аты  осылай екен. Құпия бір амалдары бар ма екен деп қарасам, көбі Конфуцийдің жасынан да үлкен айта-айта жауыр болған көрегөз шындықтар санатынан екен. Дегенмен, мақала оған қарамастан жеңіл, және расында да сапалы. Саған бұл мақала маған әсер еткендей әсер етсе, тек қуанар едім.

Мақала толығымен мына жерде!

Блогың танымал болсын десең немесе СЕО-ның да шегі бар

Рейтинг жинаудың төмендегіден бөлек түрлі әдісі бар. Бірақ рейтинг сыйлы болуды білдірмейтіні жаман да.
Кейбіреулер рейтинг үшін «Джеки Чанды қаза таптырып» жіберуден тайынбайды, ал кейбіреулерінің қолынан ол да келмейді. Сол кезде көмекке не келеді? Read more of this post

Қабылдау

Егер “адам” деген мақұлықтың ішкі-сыртқы-психикалық құрылысына қызықпасаңыз төмендегі жазу да сіз үшін қызық бола қоймасы анық. Келесі бір әзіл ме, киноталдау не оқиға жазғанымды күтуіңізге тура келеді.
Жалпы қызық дүние емес. Жай ағымдағы ойлар.
Адамның санасына, кіші-үлкен әлеуметтік топтардың атмосфералық факторларына, динамикасына,  құбылыстарға айдар таға салатын әдетім бар. Адамның ішінде ұйықтап жатқан түрлі қасиеттер мен потенциалдарды байқасам, адамның организмі – жатқан құпия екендігіне тағы да тәнті боламын. Менің қуанышыма ондай адамдар жиі кездесті.

“Организмі” дегенде мен оның тек денесінің ғана мүмкіндігі емес, санасының және бейсанасының да мүмкіндіктерін де айтамын. Read more of this post

Наурыз көженің құрамы; Қала мен дала

Sheshesse (c) Қисық

Қала:

— Зоя, блин я даже незнаю как это делается, а соль за ингредиент считается?
— Ғоспади, посмотри в интернете, там точно рецепт должен быть!
— Вот дура я, че-то не подумала даже.
Read more of this post

Четвергандрей фон-Марковик : “Ақтөс” феномені

(Болмаған оқиға желісімен)

Жексенбі күні. Ескі мәдениет үйінің залында ине шаншар орын жоқ. Кент әкімі Антуан Шәріп кенттегі барлық мекемелердің бастықтарына бүгін өткізілетін ашық кездесуге түр-түс, ұлт-дініне қарамай белсенді азаматтарды осында жинап әкелуді тапсырған болатын.

Ресми жиналыстан шаршаған халыққа бұл іс-шараның алдағы ешбір сайлауға, партия саясатына қатысы жоқ, ешқандай үгіт-насихат акциясы емес екендігін жеткізуді бұйырды.

Read more of this post

Мақтанудың ашық және жасырын тәсілдері

мақтаншақ

Шейх Абу-Али Ибн Молла өзіне күміс жалатылған Боинг -747 сатып алыпты.

А зато менікі 36 см… Ол тек жуандығы ғана.

Жалпы мақтану деген не? Және ол сүйкімсіз қасиет пе?

Мақтаншақтық түр-түс, тәрбиесіне қатысссыз барлық бүлдіршіндерге тән қасиет. Демек әр ересек адам уақыт өте оны жасырудың, сыпайылап жеткізудің амалын жүре келе үйренеді немесе ондай амалдарды қажетсінбей, турасынан мақтанады.

Мақтана білу өнерінің мықтылығы өзгелерді өзіңнің тамаша қасиеттерің мен сұмдық адамгершілігің туралы ойландырып қойып, өзіңе тағылатын “мақтаншақ” деген айдардан аман қалу қасиетімен өлшенеді… Өзіңіз ойлап қараңызшы, тумысынан эгоисттау келетін пендені өзінің болмысы жайлы бір сәт ұмытып, өзіңнің керемет екендігің туралы ойландырып қою оңай шаруа емес, бірақ тырыссаңыз, әлбұтта бағынбайтын белес жоқ. Read more of this post

Советтік балғын шақтан қалған комплекстер…

школа

Мен сабақты 6 сыныпқа дейін орташа оқыдым. Қазақтар бас ал десе шаш алады. Баяғы Сәбет Өкіметі орыстардың билігінде болса да, қазақтар орыстардан бетер асырып тұрып бағынатын соның ережелеріне.
Орыс мектебінде ең басты назар білімге бөлініп жатқанда, бізде ең басты назар балаларды «авторитарлы Сталиндік режиммен басып» ұстауға бағытталған болатын.
Бәрімізді үшінші сыныпқа дейін тақырбас қып қоятын. Әкем хат жазып, «баламның басындағы биттерге дәрігер ретінде өзім жауап берем» — деп индивидуалдығыма сәл де болса үлес қосты.  Бесінші сыныпқа дейін шеренгамен шагайттап, жақсы оқитындарды алдына отырғызып, үшке оқитындарды кемсітіп, қатты алалайтын. Read more of this post

Асқар Жұмаділдаев

Асқар Жұмаділдаевтің бір сұхбатының жарияланған датасын көріп, көзіме жас келді. Әкемнің қайтқан күні жарияланған екен. Әкем атымды қолжетімсіз биіктерге ұмтылсын деп, қойса керек.
Асқар аға, өзіңіздің есіміңізді арқалап жүргенімді ырым тұтамын. Менің ғана емес ау, талай көпшілікте пікір айтамын деп “жексұрын” болған қазақтың ойындағысын сіз айтыпсыз. Жерлесіңізбін, бас көшелеріміздегі жымиыңқы суреттеріңіз жүрек жылытады, сенімділік оятады.

Сіз сол сұхбатыңызда қазақтың дамуына, қазақтың әлемде мойындалуына кедергі болар қасиеттерді жақсы суреттедіңіз. Read more of this post

Беу, жігіттер!

beu.kz, ерлер порталы, еркектерге арналған

Ия, соңғы кездері блогшылауды сиретуімнің себебі, толып жатқан ермектеріме жаңа ермек қосылғаны. Жігіттердің заманауи әлемде өмір сүру барысында соқтығатын қоғамдық, әлеуметтік, және жалпы жеке сұрақтарының барлығына жауап бермесе де, ерлердің сырласатын, мазалаған сұрақтарын өзге лақап атпен кіріп ұялмай талқылайтын жолсерігі болатындай бейресми сайт ашу менің ғана ойымда болған жоқ. Талай жерде айтылып, жобасы талқыланып, ойымыз сөз күйінде қалып жатты. Сондықтан идея авторы өздерің танитын жігіттердің ұжымдасқан коллективі. Біреу бастады, екіншісі қоштады, сөйтіп екі ай бұрын жас Беу.КЗ – қазақ тілінде сөйлеген бейресми сайттар қатарына қосылды. Read more of this post

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.