Қырсықтық заңы

Закон Мерфи

Біздің кейбір күтпеген жайсыздыққа ұшыраған кезімізде, кінә тағатын адам таппасақ, “қап, қырсық болғанда” , “ай қырсық ай!” деп өзімізден өзіміз налып отыратынымыз бар емес пе?
Тап сол эмоциялық тебіреніс кезінде орыстар “Тьфу, ты “закон подлости”, ” Вот как назло!” деп ашынады екен.
Ал американдықтар бұл қырсықтық заңын “Peter principal” деп атайды. Read more of this post

Мұхаммед Алидің өмір заңы

Экс-Чемпион, Мичиган

Алла адамның арқасына көтере алмайтындай ауыр жүк артпайды.
123
Менің ең қиын жекпе-жегім — Паркинсон аурумен болды. Жоқ, ол денеңе батып ауыртпайды. Оны тілмен жеткізу қиын.  Мені сынап жатқандай: намазын тияды ма екен? Дінін сақтай ала ма екен? -дегендей. Құдай ұлы адамдардың барлығын қиын сынаққа бұйырады. Read more of this post

Брюс Уиллистің өмір заңы…

Брюс Уиллис
55 жаста, актер, Лос-Анджелес

Бала кезімде кекеш едім. Кекеш болғанда, сұмдық — бір сөйлемді аяғына жеткізудің өзі азап болатын… Ал егер сіз кекеш болсаңыз, сіз үнемі қобалжып жүресіз, үнемі сізге санаңыздан тыс бірдеңе кедергі болады. Кісілер де саған сөйлемді аяқтауға көмектескісі келіп ыңғайсызданады, ал сен одан сайын тұтыға түсесің, сондай бір қолайсыз жағдай. Әке-шешемнің бір көмегі, олар менің осы бір кемшілігімді байқамағандай болды. Осындайда біреудің түсініп, аялағаны дертке дәру, жанға шипа болады екен. Брюс1

Жаның қысылғанда екі жолдың бірін таңдауға мәжбүрсің: Read more of this post

Квентин Тарантиноның басқаша көзқарасы: "Биллиард қуып сандалмаймын"

Судай аққан қан мен ұнтатылған сүйек, езілген ет пен  шашыраған ми сияқты көріністерге толы фильмдерді қоюға құмар, ерекше талантты режиссер, актер – Квентин Тарантиноның  Esquire журналында өзінің өмірге деген көзқарасымен бөліскен жерінен үзінді келтірілген.

Квентин Тарантино

Туылған жылы: 27 наурыз 1963 ж,

АҚШ, Лос Анжелес қаласында тұрады.


Ірі жігіттің біріЕгер мен суретші болмағанда, мен поштада жұмыс істемес едім, немесе сегіз сағаттық қызмет атқаруым екіталай еді. Білмейм, онда алаяқ болатын шығармын.   Сөйтіп, өмір бақи экономикалық қылмыс бөлімінің жігіттерінен қашып жүрер едім.  Қаранәсілді болмағаным үшін өкінгенде емес мәселе, жай, солай болып қалды —  мен өскен ортада қаранәсілділер көп болатын. Егер сіз Францияда туылған болсаңыз — сіз французша сөйлеп, французшаның барлығын жақсы көресіз. Ал мен қаралардың арасында өстім. Менің жасы үлкен жолдастарымның бірі Орделға ұқсайтын (“Джеки Браун” фильміндегі қару сатушы — ред.). Ол енді, адам өлтірген жоқ, әрине, бірақ небір астыртын тірліктерді іске асырды.

Биллиард қуып сандалмаймын. Покер де ойнамаймын. Спорттық ойындарды тамашалауға да бармаймын. Маған спортты теледидардан көрудің өзі бір азап. “Доджерлардың”  (Лос Анджелестегі басты баскетбол командасы-ред.) ойынына баруым мүмкін енді, себебі ол жерде ойыннан гөрі  сыра ішіп, жамағатпен қауышу маңыздырақ.  Менің бір түсіне алмайтыным, Read more of this post

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.