М.Ю. Лермонтовқа арнау


Жастық шақта әркім де өлең шығара алады дейді ғой білетіндер, мен көбіне орысша өлең жазатынмын. Қазақшадан көрі, орысша сыр шерткен оңай еді мен үшін. Көбіне Лермонтов пен Есениннің әсерінде өлеңдер шығаратынмын.

Сондай әсерлердің бірінде, Лермонтовқа арнап қазақша өлең шығарып едім. Аса көркемдік құны жоқ болғанымен, мен үшін бір бейкүнә лирик кезеңімнен естелік.

Read more of this post

Бізге бір жыл толды

Әне міне дегенше, AINA мен Gastarbaiter -дің операторлары Альмира мен Асқардың бірге тұрып жатқанына бір жыл толды.

Шыны керек бір жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. Маған біз құдды азаматтық некеде жүрген қыз бен жігіт сияқтымыз.Бір жыл сынақ мерзімін жанжалсыз, скандалсыз, ыдыс-аяқ сылдыратпай өткіздік. Read more of this post

Балаларды қорғау күні құтты болсын!

Суретте: Айана нағашы ағасы Олжаспен.
Төменде: Gastarbaiter сүйікті тәрбиешісі Валентина Григорьевнамен.

Қарт качоктар хитпарады немесе қартайған бодибилдерлердің суреттері

Көбісі бодибилдингпен айналысқан адам жасы келе денесі салбырап, мынандай боп қалады деп ойлайды.

Рас спортты тастап, салауатсыз өмір сүргендер пішінін тез жоғалтады. Бірақ барлығы емес. Кейбірі
Тсутому Тосука (1935 жылғы) сияқты жасы 75-ке дейін пошымын сақтайды.

Бірнеше атақты культуристтердің қартайған шағындағы суретін қарап, қайсысы өз сымбатын жақсы сақтай алғанын байқайық.

Арнольд Шварценеггер — 30 шілде, 1947 жылы туылды
Read more of this post

Көз тию туралы ой

Көз тию, тіл тию, бұтақ тию деген қыртыған әңгіме.
Сәтсіздік кез келген адамның өмірінде болады. Мейлің тұмар ретінде қасқырдың тасын мойныңа кептіріп байласаңда. Құранның PDF версиясын флэшкаға салып тақсаңда ауырмайтын адам жоқ, кез келген адам ертелі кеш ауырады. Өліп те қалады. Read more of this post

Байғұс Майк:) немесе “дантист” болдым мінекей

Индия мен Қытайдың көшелерінде ауылдың базарындағы етікшілер сияқты тізіліп далада отырып егеу, отвертка, қысқашпен қаруланған дантисттер ешбір укол, анестезиясыз арзан және тез тіс емдеумен айналысады екен. Жоғарыдағы суретте сондай тісшілердің (дәрігер деуге аузым бармайды) бірі кезекті клиентін қарап жатыр. «Ужыснақ» дерсіңдер. Бірақ мен міне үш күн болды аудармашылық қызметімнен басқа, жұмыста өз еркіммен осымен үшінші күн «дантист» болып жүрмін.

Бастамасы былай болды. Коллегамның жұмысқа түскен күні тісі ауыра бастады. Тіс ауруы өздерің білесіңдер, ең жаман аурулардың бірі. Солқылдағанда жанын қоярға жер таппады бейшара. Вахтаға барлық тетік-тесіктеріңді емдеп шықпасаң, 28- күн бітем дегенше зайыбың шығатынын кім-кім, мен жақсы білетін едім.

Жергілікті доғдырларға бардық. «Тісте металлокерамика коронка бар, соның тамырының каналдарын дұрыс тазаламаған. Оны қайта тазалау үшін, оны біз ортасынан бөліп алып тастауымыз керек»- дейді. «Немесе ауылыңа қайтқанша, антибиотикпен „местный“ анестетикті араластырып укол салудың 7 күндік курсын өткізу керек, бірақ ол үшін сіз күнде клиникаға келіп тұруыңыз керек» -деді. Майктың ауылы Жердің басқа жарты шарында екенін ескертіп, және оған жеткенше әлі бір ай уақыт барын айтып, жұмыс орнымыз клиникадан 200-150 км екенін ескерткенімде, Стоматолог маған «тіске укол салуды үйретем» дейді, «оп оңай, міне» деп қалай салатынын көрсетті.
Бақсам, шынымен де оңай екен.
Көтке былайынша да сала береміз ғой, тіске салып көрмеппін. Бірақ ауыз менікі емес ғой, келісе салдым. Иек пен ұрттың арасындағы бұрышқа инені тығып кеп жіберіп, лидокаин мен линкомициннің қосындысы асықпай сығып, егеді екем.
Антибиотик курсы біткенше сол процедура менің аудармашылық міндеттеріме қосылды.

PS. Енді Майк емделу курсы біткенше мені дұрыстап боқтай алмай, еркелігімнің бәрін көтеріп мүсәпір боп жүр:)) Типі байқамай қалғандай инесін қаттырақ тығып жібермесін деп.

Болмай қалған миллионер

2000-шы жылдардың басы еді.

— Апиратыр зәрідите!— Қайсар екі мың теңгелік купюраны екі саусағымен маңғаздана белінде сөмкесі бар жас қызға ұсынды. Оның даусынан өз өмірінің қожайыны екені сезілді.
Біраз уақыт өткен соң, Қайсардың даусы тағы да шықты.
— Апиратыр зәрідите! — Бұл жолы да екі мың теңгенің көк қағазы. Көзі алаудай лаулап, азартқа шопағынан малынған Қайсар бір қолында көпіршіген “Жигули”, бір қолында будақтаған “Парламент”.
Өстіп күн, кеш, түндер өтіп жататын. Кейде ұтып алған ақшасына Саинаға барып, бел босататыны болмаса, көбіне күннің аяғы былай бітетін. Read more of this post

Мұжықтар эволюциясы. Өзіңді тауып ал.

Спагетти Болонез (Ет соусы)

Керекинфода кіл еркектер СМАК  эстафетасын бастаған болатынбыз. Мынау бөліскен рецептім.

Уақыттарын, граммдарын дәлме дәл білмеймін, біздікі на глаз. Read more of this post

Балуан Шолақ 816 кг-ды көтерді дегенге сенесіз бе?

Бұл күнде 35-те менің жасым,
Қамалдың бұзар кезім тау мен тасын.
Кешегі сентябрьдің базарында
Көтердім елу бір пұт кірдің тасын.
Жиылып орыс-қазақ таң қалысты,
Болды деп Қаһарманнан мынау басым.
Залог сап жетпіс бес сом күрескенде,
Сындырдым Карон балуан қабырғасын…

Депті палуанның өзі, бірақ Read more of this post

Қабылдау

Егер “адам” деген мақұлықтың ішкі-сыртқы-психикалық құрылысына қызықпасаңыз төмендегі жазу да сіз үшін қызық бола қоймасы анық. Келесі бір әзіл ме, киноталдау не оқиға жазғанымды күтуіңізге тура келеді.
Жалпы қызық дүние емес. Жай ағымдағы ойлар.
Адамның санасына, кіші-үлкен әлеуметтік топтардың атмосфералық факторларына, динамикасына,  құбылыстарға айдар таға салатын әдетім бар. Адамның ішінде ұйықтап жатқан түрлі қасиеттер мен потенциалдарды байқасам, адамның организмі – жатқан құпия екендігіне тағы да тәнті боламын. Менің қуанышыма ондай адамдар жиі кездесті.

“Организмі” дегенде мен оның тек денесінің ғана мүмкіндігі емес, санасының және бейсанасының да мүмкіндіктерін де айтамын. Read more of this post

Ильич ата ізімен

Шіркін, субботник асарға аз да болса келеді. Ленин де кезінде капиталисттердің көтіне тұз сеуіп, өзі сенбілікті бастаған еді. Қалай болғанда да сондай сеніммен өскенбіз.
Кейін ғой, қазекемнің мұрты майланып, шеге қағып, лампочкі бұрауға гастарбайтер жалдауды әдет қылғаны.

Бүгін бәріміз үй ішімізбен көктемгі сенбілікке шықтық. Ауланы тырмалап, ескі құсқыны өртеп, өртейтінді өртеп, ауылдың даласы осы күнде тезек пен түтін сасиды. Күн майдың айындай жадырап тұр.
Рахат)

Наурыз көженің құрамы; Қала мен дала

Sheshesse (c) Қисық

Қала:

— Зоя, блин я даже незнаю как это делается, а соль за ингредиент считается?
— Ғоспади, посмотри в интернете, там точно рецепт должен быть!
— Вот дура я, че-то не подумала даже.
Read more of this post

Четвергандрей фон-Марковик : “Ақтөс” феномені

(Болмаған оқиға желісімен)

Жексенбі күні. Ескі мәдениет үйінің залында ине шаншар орын жоқ. Кент әкімі Антуан Шәріп кенттегі барлық мекемелердің бастықтарына бүгін өткізілетін ашық кездесуге түр-түс, ұлт-дініне қарамай белсенді азаматтарды осында жинап әкелуді тапсырған болатын.

Ресми жиналыстан шаршаған халыққа бұл іс-шараның алдағы ешбір сайлауға, партия саясатына қатысы жоқ, ешқандай үгіт-насихат акциясы емес екендігін жеткізуді бұйырды.

Read more of this post

Әдіре-налин


Бұл оқиғаны Насрулла ешуақытта ұмытпайды.

Ол бұл кезде небары 20 жасар кеше ғана университет бітірген жас маман еді. Қолында умаж-умаж “Из рук в руки” газеті, әр жерінде маман іздеген мекемелердің көкпен сызып, қоршап қойған телефондары …
Түсініксіз бір колледждің, түсініксіз факультетіне жаңа ғана мұғалім болып, 7 мың теңге айлық жалақыға тұрған кезі. Соның 4000 теңгесіне жаңа жұмысын әріптестеріне жуып жатқан еді. Read more of this post

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.