Бізге бір жыл толды

Әне міне дегенше, AINA мен Gastarbaiter -дің операторлары Альмира мен Асқардың бірге тұрып жатқанына бір жыл толды.

Шыны керек бір жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. Маған біз құдды азаматтық некеде жүрген қыз бен жігіт сияқтымыз.Бір жыл сынақ мерзімін жанжалсыз, скандалсыз, ыдыс-аяқ сылдыратпай өткіздік.
Менің ерке мінезім бар,  ішпей жемей құтырып кететін, тормоз ұстамай қалатын, қатты сөйлеп қоятын, артық кететін жерлерім бар. Бірақ осы бір жыл некеде, (оған дейінгі бір жылды есепке алмағанда) Альмира маған бір даусын көтеріп, “әй” деген емес.

Достарым келгенде, қабақ шытпай, кеш болсын, ерте болсын жақсы қарсы алды. Үнемі жайдары күлкісімен қарсы алып, жылы сөзбен шығарып салып тұрады. Дұрыс емес жерімді әрқашан айғайсыз, сабырлы түрде жеткізе алады. Ондай сабырлыққа әйелдер жылдап жетеді. Бұл әке-шешесінің тәрбиесі мен өзінің түйсігі деп білемін.
Тіпті екеуіміз қыз-жігіт болып жүргенде, мен санаторийде жатқанда, Құдайдың құтты күні бір-екі сағаттан сөйлесетінбіз. Менің 1 жыл сырқат кезімде де, ұзаққа созылған жұмыссыздығымда да, әкемнің өлімінде де менімен бірге қиналған Альмира.
Қиындықта бір-бірімізге демеу болып, қуанғанда бірге шаттандық.
Ол да болса Альмираның ақылдылығынан деп ойлаймын. Алдымызда әлі талай сынақтар бар.

Бұндайды ауызша айтайын десем, әзілге айналдырып, мазақтап, дұрыс сөздің быт-шытын шығаратын жаман әдетім бар.  Өмірімнің қиын-қыстау кезінде Альмираға кез болған мен, бүгінде сап-сау, еңгезердей жігітпін, екі езуге бір жұмыс та табылды:), Айанадай қызым бар.
Әлекеңнің арқасында мен де сабырлы болуды, өзімді шолжаңдаған бозжігіт емес, енді ересек бір оттың ағасы сезіне бастағандаймын.  Әңгімеміз таусылмайды. Ешқашан Альмирамен оңашада қалғанда, ішім пыспайды. Құдай көп көрмесін дейміз ғой. Айанадай қыз үшін, жалпы осы әлемде бар болғаның үшін рахмет саған Альмира!

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

Бізге бір жыл толды жауабы: 7

  1. vkototy says:

    Бір жылдықтарың құтты болсын. Ер-азаматтың бағын ашатын жары ғой, сол жарың шаңырағыңның ұйытқысы болып отырғанына шүкір.Алдағы өмірлеріңе бақытты да, берекелі ғұмыр тілеймін!
    Бір жылдық неке тойын Ресей елінде сиса шыт /ситец/ тойы деп атайды екен. Жас жұбайлар сиса немесе жібек шыттармен өзара алмасу керек деген наным да бар көрінеді. :)

  2. Ағатай says:

    құтты болсын, шаңырақтарыңыз берік болсын )

  3. Айжан says:

    қандай күштіііі…!!! )) жылдан -жылға осылай Альмираға айтар алғысыңыз көбейе берсін)))
    “Альмираға кез болған мен, бүгінде сап-сау, еңгезердей жігітпін,” депсіз, бірінші суретпен салыстырғанда, екінші суреттен байқалып тұр:))

  4. Қандай керемет, ұзағынан болсын, қызықтырып жібердіңдер!!! Қыздарың сүп-сүйкімді екен, тіл-көзден сақтасын!!!!

  5. nurzhol says:

    Аға денсаулықтарыңыз мықты, шаңырақтарыңыз берік болсын!

  6. Aza says:

    Құтты болсын, Гаста! Жалғастыра беріңдер тату тірліктеріңді, жер әлемнің бір шетінде, алыыыс Каспий жағалауында сендердің бақыттарыңа тілекші бір Азамат бар))))

  7. Сүйген жарыңыз туралы тебіреніп отырып жазыпсыз, көрініп тұр. Тіл-көз тимесін татулықтарыңызға!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.