Сыйлы жігіт болудың 8 шартты
Сәуір 2, 2011 3 пікір

Beu.kz – сайтына ағылшын тілінен аударылып жарияланған мақаланың аты осылай екен. Құпия бір амалдары бар ма екен деп қарасам, көбі Конфуцийдің жасынан да үлкен айта-айта жауыр болған көрегөз шындықтар санатынан екен. Дегенмен, мақала оған қарамастан жеңіл, және расында да сапалы. Саған бұл мақала маған әсер еткендей әсер етсе, тек қуанар едім.
Мақала толығымен мына жерде!


ондай жігітер жердің қасы
…Қалың орман арасында, не құзар шың төсінде,
Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс,
Қайтпек керек, қарсы алдыңнан шыға келсе жолбарыс?
Ең бастысы, сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру,
Аңға, малға жақындамас болмысыңды ұқтыру.
Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегін,
Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң – біткенің. //М. Шаханов, Гималай жолбарыстары
Ғұмыр кешу, қай жағынан алып қарасаң да, өз қиыншылығын көлденең тартып тұра қалатыны бар. Алдыңдағы екі жол – бірі еңсеңді өзің басу, екіншісі – еңсеңде ешкімге басқызбаумен күресу. Өз еңсеңді төмен ұстап қиналып өткенше, намысыңды жоғары көтеріп қиналып өткен әлдеқайда лайық.