Науқастар: Рейтинг уқалаушылық синдромы
Наурыз 31, 2011 3 пікір
Кез келген рейтингілік блог жүйесінде ертелі кеш пайда болатын бұл індетті Рейтингуқалаушылық синдромы деуге болады.
Алғашқыда, сырқатты екеніңіз білінбеуі мүмкін. Бірақ тәжірибелі дәрігер оларды бірінші посттарынан-ақ таниды.
Науқасты мынадай симптомдарынан анықтауға болады.
1) Сайтқа әдемі шетелдік ник-есімімен тіркеліп алады. (Диагноз қоюға әлі ерте)
2) Беталды бәріне плюс қоя береді, тіпті жазбаны түсінбесе де. (Алғашқы сигнал)
3) Маған да плюс қойсын деген ниетпен, рейтингісі төмен қолданушыларға плюс қойып, астына “Мә, саған плюс қойдым!” деп жазудан тайынбайды. (Диагноз анықталу үстінде)
4) “Қарға мен түлкі” мысалының озық үлгісінде гипербола, эпитеттерін аямай, маған да сыр бұйырады деген ниетпен, орынды-орынсыз біреудің мәртебесін сипалаудан жалықпайды. (Болжалды диагноз қоюға болады)
5) Әрбір қойылған минусқа кәдімгідей алаңдаушылық білдіреді. Науқас асқынған кезде, минус қойған адамдарға қасиетсіз “Интифад” ұйымдастыруы мүмкін. (Анық диагноз қойылып, бекітуге болады)
6) Өзінің рейтингуқалаушылық әрекетін жасырмай, “Брат, плюс қойдым, маған да қояды деп үміттенем!”, немесе мой миріңе кіріп алып, суретің әдемі екен, менің суретіме мына жерде дауыс беріп жіберші! деп сурет сілтемесін таратады. (Амбулаториялы түрде емдеуге көнеді)
7) Қойылған минус үшін адамдарға жеке хат жазып қоқан-лоқы көрсетуге тырысады. (Дереу жан сақтау бөліміне, әлі құтқаруға шанс бар)
8) Қараптан қарап, ешқандай сайыссыз, ешқандай түрткі, себепсіз, оның көмегіне мүлде зар емес адамдарға қаржылық сыйлықтар таратады, единица, актив сыйлайды. Және онысын міндетті түрде жария түрде жасайды.
(Интернетте жақсы репутация жинау үшін, дәл осындай іс-шаралар жасайтындай жағдайға жеткен бір-ақ адамды білемін. Бұл жағдайда медицина әлсіз көрінед.)


о баста рейтинг қуу ойыма да келмеп еді. Блог ашқан бар ойым, пікір алмасу болған. Сөйтсем, құнды пікір үшін де еңбектену керек екен.
Енді көп адам пікір жазса, өзіңе қажеттісін аласың ғой.
Мына постты евижннің блогерлеріне көрсету керек қой )))))))