Әйел VS Еркек: көнермейтін 10 дәйек
Наурыз 28, 2010 7 пікір
Кез-келген форумда немесе пойыз купесіндегі әңгімеде әйел мен еркектердің үйлесімділігі, әйел мен еркектің қарым-қатынасы туралы сөз болғанда бір мәселенің түйіні шешілмесе немесе оппонентің сөзі біреудің жамбасына батып кетсе, бірден жалпы жынысаралық боқжағысқа ұласып, жан жақтан қалың қол жиналып, пікірталас бақылаудан шығып кететін кездерінің куәсі боп тұрамыз.
Төменде сондай “Кім прав?”, “Кім бастық?”, “Кім ақылды?” деген сияқты мәңгі бітпес тақырыптарда сексисттердің, типі “нағыз еркектердің”, топас қаншықтардың, кейде жай ғана ашулы әйелдер мен еркектердің қарапайым қол жетімді қарулар ретінде пайдаланылатын дәйектері. (сурет көзі: multimedia.dombass.ua)
| Әйелдің оңғаны жоқ, бәрі сайқал. | Еркектің оңғаны жоқ бәрі сұмырай! |
| Әйелдің шашы ұзын ақылы қысқа — атақты ғалымдар еркектер! |
Әйелдер нәзік жандар. Қайрымыдылық қорларының көбісін әйелдер басқарады. |
| Қатын бастаған көш оңбайды. Әйелдер былыққа жақын жүреді. Жұмыста боқ бітірмейді, біреудің мойнына мінгісі келеді де тұрады. |
Аумалы төкпелі замандарда еркектер сідігін ішіп сары уайымға езіліп жүргенде, бір қолымен баланы, бір қолымен тауарды көтерген әйелдер. |
| Шүберек, сериал, журнал, өсек пен дүкен аралаудан басқа қызығушылығы жоқ шектеулі мақұлықтар! |
Футбола, компютір, мәшіне, балық аулау, диванда көсіліп жату мен сыра ішуден басқа уайымы жоқ шектеулі мақұлықтар! |
| Өз ақшасын да біреудің ақшасын да боқтан өзгеге жұмсайтыны жынға тиеді. |
Әдемі бірдеңе алайыншы десең, көтінен тырысып, тиын санайтын ұсақшылдығы жынға тиеді. |
| Бір тәуір әйел жоқ, кілең семіз ұсқынсыз, немесе әдемі болса, долы, көкбеттер мен бетбақтар… Сөйте тұра, аузы мұрны сәтті орналасқаны үшін ғана бүкіл әлем оны төбесіне көтеру керек деп ойлайды. |
Бір тәуір еркек жоқ, кілкей тарамыс тырықтар мен қолтығы сасыған боққарындар, қиялилар мен жарлы жақыбайлар. Сөйте тұра, барлығы оны бұтының арасындағы салбырақтың болғаны үшін сыйлауы керек деп ойлайды. |
| Көп ақша сұрап, есесіне бас ауру мен машақаттан басқаны бермейтін әйел жезөкшеден жаман. |
3750 доллардан кем табатын еркек еркек емес. |
| Әйелдерге үнемі бірнәрсе жақпайды, біресе тоңады, біресе ыстықтайд, көрші қатынмен күндес болады, қараптан қарап айқай-шу шығарады. Қарапайым нәрселерді түсінбей, тупить етеді. Тағы сенің мозгаңды тоңқайтады. | Еркектер хайуан сияқты сасиды, осырады, қолтығын жумайды, кейде дөрекі, қол жұмсайтындары бар. дайын асқа отыра кету, жата кету, сасық нәскиін әр жерге шеше салу, қисая кетуден басқаны білмейді. |
| Жыныстық қатынастан ләззат алуды білмейді, үнемі міндетсініп, төсекке жатқанын бәлсінеді. |
Сынбайтын әйел жоқ, сындыра алмайтын еркектер болады. Өздерің импотентсіңдер! |
| Емшектерің кішкентай! | Тасақтарың кішкентай! |


Мәссаған….
Емшек кішкентайдан, тасақ кішкентай болған жаманғой нақ!
Тасақтарың кішкентай! – ипать женіліп калдық осы жерде
недид, тұқымыңжайылғыр
ха -ха… сөзіңді біреу сөйлесе, тілің қышып бара ма деген…