Сорлы тақырыптар хитпарады
Наурыз 17, 2010 14 пікір
Адамға “Ох, шешең тағы да ма?” – дегізетін құлақтың құртын тауысқан клондар сияқты бір-бірінен аумай қалған шаблон мақалалар мен “басталды!” дегізетін мойны созылып кеткен форум тақырыптарын осында жазуға тырысайық. Оларды көбіне атауына қарап-ақ анықтауға болады.
- “Оян, Қазақ!” – бұл тіркестің түпнұсқасын жазған автордың алдында мейілінше бас ие тұра, қазіргі кезде тақырып атауын осылай бастағандарға “рухани мүгедек” деген үкімді ойланбай шығарғым келеді де тұрады.Біріншіден, аз да болса елден еректік жоқ, үйкеле, үйкеле бұл тіркестің тоз-тозы шыққанын білмей ме екен? Ия, келісем ұлттық идея қанша малтасы езілсе де қоғамдық мәні бар тақырып. Бірақ соның маңдайшасын басқа пішінге орауға болмас па екен? Мысалы, “Қазақтың ұйқысы қашан қанады?” деген сияқты.
- Қазақ қызы қандай болуы керек? Әлдебір қырттардың идеалдарын бұтына қыстырмай, өз ойымен жүретін тәуелсіз әйелдер бәрібір болады. Сосын бұндай талапшылдықтан, жасандылық көбейеді. Көбісі идеалдың сыртқы көрсеткіштеріне талпынады. Сыртқы киімнің жабықтығы, көзбояу сыпайылықты “дұрыстықтың” жалғыз көрсеткіші етіп қабылдайды. Ал “дұрыстық” әркімде әртүрлі. Талғамға талас жоқ. Сондықтан әлгі ел мақтаған идеалға жетсем, 100 пайыз бәріне ұнаймын деген ой әрі кетсе ғылыми фантастика ғана. Жүз пайыз бәріне ұнауға тек бір жағдайда ғана болады, егер сен аты шулы “мінсіз әйел болсаң”. Бірақ мінсіз әйел ұлтқа қатысы жоқ бөлек әңгіменің тақырыбы.
- “Қазаққа пәленше/түгенше керек пе?” Кейбір қызық адамдар, бір мақаламен қазаққа не керек екенін шешіп тастайтындай мәнермен жазады. Ол әсте мүмкін емес. Қазаққа адамға тән нәрсенің барлығы қажет. Және көбірек болса. Қажет емес болса, ол туралы әңгіме де тумас еді.
- “Тіліміз құрып барады, Қайтсек екен?” – Дамбалыңды шешіп алып жүгір. Ноу каментс. Немесе осылай аузыңды қу шөппен сүртіп, етегіңе жылап отыра бер. Түк те істеме. Тек зарлай бер. Құдіретті қазақ тілі сен сияқты мұңайған даңғаза боқтың демеуіне зар емес.
- “Қазақ қайтсе 20 миллион болады?” - О тормоз. Сен осыны жазып, талқылап отырғанда бір қазақ екі қазақ болып үлгерді. Екі қазақ үш қазақ болып үлгерді. Қай жақта? Оңтүстік Қазақстан облысында. Көбеюді сол жақтың ауылдарынан үйрен. Олар еш демагогиясыз көбееді.
Негізі біразы ойымда бар,естеріңде қалса, қоса отырыңдар.


Гаста, негізі қазақ журналистерінің тақырыптық “тапқырлығы” да тым көп һәм жиі айтылып жүргенін өзің де білесің ғой. Бір түрлі парадокс: “Қақсай бермеңдер” деп қақсай беру)))
Сынықтан басқаның бәрі жұғады деуші ме ед… )
Журналисттерге бет жүзіне қарамай тіл тигізгім жоқ, бұл жалпы интернеттердегі көпшілік орындағы қалыпты жағдай ғой.
Бірақ шекеңді сипататыны журналисттер шайнап шайнап түкіріп тастаған сағызды, сол “шайнақты” оқып өскен шектеулі адамдар интернетке қолы жеткен бойда құрлыққа алғаш түскен Христофор Колумбтың мәнерінде әлгі сағызды іліп әкетіп қайта шайнайды ғой.=)
Парадокс жайлы: Бұрын мектепте оқитын кезімізде, мұғалім шығып кетсе сыныптың іші шулап кететін. Сөйтсе, бір адам жүгірсе жүр, он адам “жүгірме апай ұрсады!” дейді. Оларға он бес оқушы “Ей, шуламасаңдаршы!” – дейді. Сонымен цикл жалғаса береді, мұғалім келіп бүлікшілерге гнезды жегізбейінше.
Айтпақшы, материалға суретті өте сәтті тауыпсың! Мұныңнан енді үлгі алуға болады қазақ журналшыларына)))
казах.ру дан кейін келген ойларғо ә?
Енді сорлы посттар хитпарады қалды
Дәл жазылған. Енесстер-ай десейш! Әжесстер! Мал әкесстер мен әнасстар! Басқа алып-қосарым жоқ бұл журиктерге! Бұл журьеға! Бұл сарайақындар мен рухани мүгедектерге!
Білә, каммент жазығым келіп еді, эмоция мен “шешесс…” дегеннен басқа эпитеттер келмей тұр, нақтың!
Журье нақ, бұтақбастар кілең!
Gastarbaiter yrzamyn goi sagan! ( asirese jurnalistter turaly ‘to4no’ aittyn!)..
Қазақша “мәңгілік тақырып” қой. Сосын, исламшылдар мен дәстүршілдер айтысын да осында кіргізуге болады. Қай сайтқа барсаң да, қырқысып жатады.
da…
keremet jazilipti
negizi ras aitasiz
abden tozigi jetken birah sheshilmegen maseleler
janasha kozharas kerek sekildi
Еее, мынаның бәрі біздің қазақ сайтында бары рас.
Солай тақырып ашып, ортақ талқыға салса, көңілі көңшитіндер көп ғо. Бірақ тек тақырыпта ғана белсендлік танытып, ал шынайы өмірде осы тақырыпқа ұқсас газет журналдарды аяқ асты, немесе қажетхана қағазына айналдырып жүретіндер де бар. Қайсы бірін айтып жылайсың, еее, әттең ай дүние!!!
дұрыс ең сорлы тақырыптар хитпарады екен шешесс..
Тақырып жынды екен шешесі сұлудың
Абай, Маса, Қазақруда ғой! Осындай тақырыптардан жалықпайды тағы:) Бір жыл алдың бір мақала оқығанымда пікіррлердің барлығы біркелкі: “Осыдан кейін бірікпесек, қазақтығымыздан не қалғаны? Бла-бла…” Жақында тағы бір мақала оқысам дәл сондай комментттер; “Қашан оянАМыз?”, “Қыздарымыз қор боп жүр (Хотя қор боп жүрген қазақ қызын көрмеппін…)”! Сол бәрі жаңағыдай боянндар!