Анаға тілек

Сол баяғы ескі күнделігімен копипасталап отырмын.

***
Қызық екен көз жүгіртсең дүние-фәни,
Кеше ғана іңгәлаған балаң сәби,
Ер жетіп өзіңе өлең арнап отыр,
Өмірдің ақ қарасын тани-тани.

Жастық шақтың дауа таппай дәмесіне,
Ілесем деп еліктірген елесіме,
Қадіріңді асыл анам білмеп едім,
Жетемін деп қу тірліктің мәресіне.

Бірде кетіп, бірде келіп ағылған ой,
Жап-жас болып менікі неғылған ой?!
Жүремін әрі-сәрі қарбалас боп,
Ал ананың көңілі балада ғой.

Анашым мұң шалмасын қабағыңды,
Аман болсам жақсы оқимын сабағымды,
Үмітіңді, сеніміңді ақтауға да,
Тырысамын оңдаса Алла талабымды.

Көзіңе жас алмағай ешқашанда,
Жас келсе де, бақыт болсын оған себеп,
Жүзіңнен күлкі кетпей әрқашанда,
Өзіңді жүрсін Құдай желеп жебеп.

Елу жас ештеңе емес тәңір қосса,
Тағы елу жыл ғұмырың алда әлі,
Тілейтінім оны да шіркін жаса,
Қызығардай өзіңе жұрттың бәрі

Ал мен болсам жүремін жел боп есіп,
Жұқалау жерін топтың тауып тесіп,
Жеңістерден сағынып келгенімде,
Тек өзің тұрсаң болар, ашып есік!

(28.12. 2002, А.Базарбай)

Туралы Gastarbaiter
andabratstvo@mail.ru

Анаға тілек жауабы: 7

  1. Symbat says:

    тронутпын :)

  2. aral53 says:

    Сезіммен жазылған дүние екен.

  3. Ақзере says:

    уау.. супер!
    Осылай мен де айтқым келед ))) ақындық бірақ дарымапты ))

  4. Анар says:

    Маған аса қатты унады. Ұшқыр ой, астарлы мәні бар өлең шумақтары екен. Тамаша.

  5. толкын says:

    жүрек тебірентер керемет өлең

  6. ботагоз says:

    маған осы тақпақ ұнап қалды рақмет көп көп!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Change )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Change )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Change )

Connecting to %s

Follow

Get every new post delivered to your Inbox.