“Французшам” жайлы
Айына бір рет поштама менің сөздік қорымның біркелкі еместігіне және менің қолданатын балағат сөздеріме реніш пен лағынетке толы хат келетін әдеті бар.
Көбіне “Сені пәлен деп ойлап едім, сөйтсем түген екенсің” – деп көңіл қалған стильде жазылатынын мойындаймын. Әрбір “әдептен тыс” сөз қолданылған жазбаның арты осындай шағымға ұласатыны бір заңдылық сияқты.
Менің блогыма келген оқырман ескеруге тиіс бір нәрсені айтайын: әзіл-шыны аралас жазбалар ішінен сол әзіл мен шынның ара жігін кез-келген саналы адам ажырата алатындай қылып жазуға тырысамын, және оны талай адам ұғып та жүр.
Алайда егер нақ сізге келгенде әлем әдіре қалып, айтқанымды жүрегіңізге жақын қабылдасаңыз, не дейміз енді, әзіл талғамымыздың бір жерден шықпағанына кешіріңіз дейміз.


Аллатағала бізді әр түрлі етіп жаратты және бір-бірімізге мүлдем ұқсамаймыз. Менің көргенімді көр, менің ойлағанымды ойла деп басқадан талап ету табиғат заңына қайшы. Әр адамның саусақ таңбасы басқаға ұқсамайтындығы сияқты өз ойлауың, өз пайымдауың болғаны қандай жақсы.
Арал 53 сіздің жоғарыда айтқаныңызды түсінетін жандар көбейсе екен.