Зал заңы
Залдағы әдептілік және ырымдар
1) Біреудің алдында тұрған снарядты пайдаланбас бұрын, “Жасайсың ба әлі, керек пе?” деп сұрап ал.
2) Жаттығу үстіндегі адаммен сөйлесуге болмайды. Балмұздақ жігіттің орынсыз сұрағының кесірінен талай рет ойым бөлініп, штаңгының астында қала жаздағам…Жаттығу біткен соң, адам демалып жатқанда кез-келген сұрағыңд қоя бер ұялмай, сені ешкім мазақтап күлмейді. Бәріміз де залға балмұздақ боп келгенбіз, тіпті анау 200 келілік штаңгімен отырып тұрып жатқан “өгіздің” өзі де.
3) Штаңганың үстінен аттама. “Аттама” дедік бітті “аттама”. Темірге деген сый құрметіңнің ырымы болса керек.
4) Біреуге “сақтандыр” деп демеу сұрағанда мүмкіндігінше көмектесу керек.
Болды, басқасын енді өзің бағамдай жатарсың. Өзіңді кез келген ерлердің ұжымындағыдай ұстасаң болады. Тіпті әйел болсаң да


Жаңа пікірлер